Саны шектеулі мемлекеттік «Болашақ» стипендиясын алудан үмітсіз қазақстандық жастар үшін шетелде білім алудың басқа қандай жолдары бар? Азаттық тілшісі осы сұрапқа жауап іздеп көрді.
Шетелде оқысы келетін қазақстандық жастардың көбі «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасына ілінуге тырысады. Бұл бағдарлама бойынша 20 жылда шетелдік оқу орындарына 10 мың жас жіберіліп, оның 6 мыңдайы оқу бітіріп келген. Өзге елдерге барып оқысы келетін жастар «Болашақтан» өзге де бағдарламаларға да қатыса алады. Азаттық тілшісі солардың бірнешеуі жайлы сұрап білді.
ҚЫТАЙДА ОҚУ
Алматылық Қанат Сәрсенбинов қазір Пекин маңындағы Нанкай университетінде магистратурада оқып жатыр. Ол Қытай білім министрлігінің шетел студенттеріне ұсынған грантын иеленген.
– Әуелі «Болашақ» бағдарламасына құжат жинап жүрдім. Бірақ бағдарлама талаптарына құжаттарым сай келмеді. Яғни кепілге қоятын үйім болмады. Кейін интернеттен Қытайда грантқа оқуға болатынын оқып білдім. Грант алу үшін бакалаврдегі оқу үлгерім жоғары болу керек. Одан кейін екі профессордың ұсыныс хаты, ғылыми жобаларға қатысқан туралы диплом, сертификаттар қажет. Бакалаврді қызыл дипломға бітіргендерге конкурста басымдылық беріледі. Қытай немесе ағылшын тілін білетінің туралы сертификат міндетті түрде болу керек, – дейді Қанат Сәрсенбинов.
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша, бұл елден Қытай университеттеріне жыл сайын 120 студент тегін оқуға барады. Оған қоса Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы келісімге сай қазақстандық студентке Қытай университеттері тағы 10 грант береді.
Министрлік мамандары Қытай университеттерінің гранттарына құжат 2014 жылғы ақпаннан наурыздың соңына дейін қабылданатынын айтады. Қосымша ақпарат қаңтардың соңында Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланады.
ТҮРКИЯДА ОҚУ
Алматылық Арай Жаханова Түркиядағы Анкара университетінде оқып жатыр. Ол Түркия ғылым және технологиялық зерттеу ұйымы (TÜBİTAK) орталығының бағдарламасы бойынша төрт жыл экономика мамандығында тегін оқу құқығына ие болған.
– Түркияға оқуға грант жеңіп алсаңыз оқу, жатар орын – тегін. 1500 лир көлемінде ай сайын стипендия беріледі. Қазақстанға демалыс кезінде ұшып келуге ұшаққа билет те алып береді, – дейді студент Арай Жаханова.
TÜBİTAK орталығының дерегінше, Қазақстан азаматтары Түркия университеттерінде техникалық, экономикалық, медициналық, гуманитарлық мамандықтар бойынша бакалавр, магистратура, докторантурада оқуына болады.
Биыл өтініш қабылдау 2014 жылдың ақпан айында басталады. Құжаттарды Түркияның Қазақстандағы елшілігі қабылдайды. Конкурс кезінде студенттердің оқу үлгерімі, жетістіктері, сертификаттары қаралады. Үміткерлермен жеке сұхбат өткізіледі. Ағылшын және түрік тілдерін білетіндерге конкурс кезінде басымдылық беріледі. Оқуға түскендер түрік, ағылшын тілін білмесе, бір жыл тегін тілдік курста оқиды.
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МЕН ЖАПОНИЯДА ОҚУ
Қазақстандық жастардың Оңтүстік Корея университеттерінде де тегін оқуына мүмкіндік бар. Бұл ел жыл сайын жүзге жуық шетелдік студентке мемлекеттік бағдарлама бойынша грант бөледі. Осы бағдарламаға жауапты халықаралық білім жөніндегі институт 2014 жылғы конкурсқа құжат қабылдау ақпанның соңында басталатынын айтты.
– Құжаттарды әр елдегі Оңтүстік Корея елшілігі мен консулдықтарды қабылдайды. Магистратураға оқуға түскен талапкер бір жыл корей тілін оқып, екі жыл магистрлік бағдарламаны өтеді. Ал докторантураға түскендер бір жыл тіл, үш жыл негізгі бағдарламаны оқиды. Оқу шығыны, жатар орын, ұшақ билеттерін біз көтеріп аламыз. Ай сайын стипендия да төленеді, – дейді орталық өкілі Азаттық тілшісіне берген жауабында.
Қазақстан азаматтары Жапония университеттерінде де тегін оқи алады. Жапонияның Қазақстандағы елшілігі үміткерлердің құжатын 2014 жылы мамырда Астанада қабылдайтынын айтты.
– 2014 жылға арналған конкурс өтіп, грант иелері анықталып қойды. Қазақстандықтар енді тек 2015 жылға арналған конкурсқа құжат тапсыра алады. Конкурсқа 40 жасқа дейінгі азаматтар қатысады. Магистратура мен докторантураға зерттеу жұмысының жоспары қажет. Оған қоса ағылшын немесе жапон тілін еркін білу керек, – деді елшілік Азаттыққа берген жазбаша жауабында.
Дәл осындай шетелдіктерге арналған білім гранттарын Үндістан үкіметі де жыл сайын бөліп отырады. Шетелдік оқу орындарында тегін оқыту грантына құжат қабылдау ақпан-мамыр аралығында өтеді. Қосымша ақпараттар Оңтүстік Корея, Түркия, Қытай, Жапония мен Үндістан елшіліктерінің сайттарында жарияланады. Сондықтан шетелде оқығысы келген азаматтар осы сияқты елдердің елшіліктерінің сайттарын жиі қарап отырғаны жөн.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша да, одан тыс та шетте оқығысы келетін жас қазақстандықтардың басым бөлігі Батыс университеттерін таңдайды. Бірақ Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдеріндегі белгілі университеттерде шетелдіктер үшін бөлінетін гранттар саны тым аз. Қазақстандықтар Ұлыбритания елшілігі мен Британ кеңесі (British Council) арқылы Chevening стипендиясына, АҚШ елшілігі арқылы Fullbright бағдарламасына өтініш білдіріп, бақ сынай алады.