Алматыдан 60 шақырым жердегі, Талғар ауданының Туғанбай ауылына іргелес елді мекеннен қатынап оқитын 53 бала совет заманынан қалған 16 орындық ескі автобусқа мініп жүр. Ал тиісті мекеме өкілі қолдан келер қайран жоғын айтады.
Ел ішінде «Израиль» аталып кеткен Қаратоған ауылы Алматы облысы Талғар ауданына қарайды. Туғанбай ауылынан 10 шақырым қашықтықта. Осы Қаратоған ауылының бір тұрғыны Азаттыққа хабарласып:
– Балаларымыз «Израильден» Туғанбайға қатынап оқиды. Әкімшіліктен бөлінген автобус ұшты-күйлі жоқ болды. Қазіргі тасып жүрген автобустары – зауыттан осыдан 40 жыл бұрын шыққан ескі. Оқушылардың бас амандығына алаңдаймыз, – деді.
«БҰРЫНҒЫ АҚ АВТОБУС БҰДАН ДА КІШКЕНТАЙ ЕДІ»
Азаттық тілшілері Туғанбай ауылына барған сәтте оқушыларды бірінші ауысымға жеткізген автобус енді келіп тоқтап тұр екен.
Мектептен шыққан бір мұғалім оқушыларды санап түсіріп алды. Мұғаліммен бірге біз де санап отырдық – 49 бала болды. Автобустың жүргізушісімен тілдесейік деп
едік, ол оқушыларды түсіре салысымен бірден қозғалып кетті. Ол кісімен түс қайта келгенде сөйлесерміз дедік те, оқушыларды сөз тарттық.
Өзін Ахмет деп таныстырған бала төртінші сыныпта оқиды екен.
– Автобус бір жарымда келеді. Бір орындыққа үштен отырамыз. Көбінде орындықты үлкен балалар алып қояды да, біз қыстырылып, түрегеп келеміз. Жолдан «новостройкінің» балалары отырады, – деді Ахмет. Іле-шала: – Бұдан бұрын ақ автобус болған. Ол тіпті кішкентай болатын, мүлдем сыймайтынбыз, – деп қосып қойды.
– Сабақтан күнде осылай ерте шығасыңдар ма? – деп сұраған едік:
– Иә, күніне төрт сабақ қана болады, – деп жауап берді Ахмет.
Себебі бұл уақытта сағат тілі 12-ні көрсетіп тұрған. Ахмет автобусты екі сағат күтті. Түскі 2-де әрең келген автобусқа іштен шыққан кезекші мұғалім оқушыларды санап кіргізді. Бұл жолы 53 бала болды. Себебі кейбір ата-аналар таңертең балаларын мектепке өз көліктерімен жеткізіп салады екен.
ЖАРАМСЫЗ БОЛҒАН ЖАҢА АВТОБУС
Автобус жүргізушісі Азаттық тілшісімен тілдесуден ат-тонын ала қашты. «Мен ештеңе білмеймін, бәрін бастықтан сұраңыздар» деп азар да безер болды.
– Автобусыңыз қай жылы шыққан? – деп бірнеше мәрте сұрағанымызбен жауап бермеді.
Тек бұл автобустың уақытша бала тасып жүргенін айтып:
– Осыдан екі жыл бұрын Қытайдың 2005 жылғы автобусын берген. Ол 18 орындық еді. Бірақ бір жыл жүрмей жатып моторы кетіп қалды. Енді запчастарды Қытайдан алдыру керек. Осы жақта жоқ екен. Қалғанын бастықтан сұрап алыңыздар. Әне, келе жатыр, – деді.
Ішке жүгіріп кеткен кезекші мұғалім мектеп директорын ертіп келген екен.
– Неге шопырдан сұрайсың? Алдымен маған келіп жолықпайсың ба! Біз де заң білеміз, – дей келген директор Алмагүл Ақбаева сәлден кейін ашуын басты: – Бұл
қайнымның автобусы. Жекеменшік. Онда да автобус бұзылып қалған соң басқа жақтан алып келген. Ақшасын да төлеп біткен жоқ. Ал мектептің автобусы ремонтта тұрғанына бес ай болды. Қытайдан келген. Жөнделуі қиын, – деді.
Алмагүл Ақбаеваның айтуынша, «бұл жағдайдан аудандық оқу бөлімі де хабардар».
– Иә, оқушылар сыймайды. Менің келгеніме жарты жыл ғана болды. Аудандық оқу бөліміне екі автобус сұрап өтініш жазғанбыз, ендігісін өздері біледі, – деген директор ханым фотоаппаратымызды көре салысымен кілт бұрылды. Кетіп бара жатып: – Ендігісін ауданнан сұрап алыңдар, – деді.
– Бәлкім, ішке кіріп сөйлесерміз, – деп өтініп едік:
– Жоқ! – деп үзілді-кесілді жауап берді.
«300 БАЛАНЫ ДА БІР АВТОБУСПЕН ТАСЫП ЖҮР»
Азаттық тілшілері бұдан кейін Талғар аудандық оқу бөлімінің бастығы Жарқын Нұрғалымовпен сөйлесті.
– 2010 жылы Қытайдан өндірілген төрт автобус алдырған болатынбыз. Қазір үшеуі жүріп жүр. Кінә жүргізушіден бе, әлде басқадан ба – білмеймін. Ол автобустың
моторы құрыған. Енді аудандық мәслихатта қаралып, шешім шығады. Сонан кейін барып ремонтқа ақша бөлінеді, – деді Жарқын Нұрғалымов.
Жарқын Нұрғалымовтың айтуынша, автобусқа тапсырыс берер тұста Туғанбай ауылы мектебіне сырттан келіп оқитын 25 оқушы ғана болған.
– Ол жерде балалар 25-25-тен, екі сменмен келеді, – деген Жарқын Нұрғалымов Азаттық тілшілері 53 баланы бір жолда бір автобусқа тиеп алғанын айтқаннан кейін барып: – Ол жерге ауыл әкімдігінде тіркеуде тұрған бала санымен автобус жібереміз. Бастапқыда 25 оқушы деп заявка берген. Сонан кейін біз 22 орындықты автобус алдырдық. Егер бала саны артса, сол жердегілер ұсыныс түсіруі керек, – деді.
– Кейін тағы да қосымша автобус немесе басқа бір үлкен көлік шығарасыздар ма? Мектеп директоры сіздерге бұл жөнінде ұсыныс айтыпты ғой, – деп едік, Жарқын Нұрғалымов:
– Өтірік айтпасын, ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Қаратоғанға екі автобус шығаратындай бала саны жетпейді. Мысалы, Бесағаш ауылындағы мектепке көрші ауылдардан 300 бала келіп оқиды. Оларға да бір ғана автобусымыз бар. Күніне он мәрте қатынап, тоқтамай тасып жүр, – деді.