Қазақстандықтар ақша үнемдеу үшін бірнеше ұялы байланыс операторы нөмірін қатар ұстауға мәжбүр. Операторлар бағаға жабдықты жаңарту мен «географиялық ерекшеліктер» әсер ететінін айтады.
Жуықта Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі «2015 жылдан бастап елдегі ұялы байланыс саласына MobileNumberPortability (MNP – абоненттің бір оператордан алған ұялы телефон нөмірін өзгертпей-ақ екінші операторға өте беруі) технологиясы енгізілетінін» хабарлады. MNP 2014 жылдан бастап сынақ ретінде Астанада іске қосылмақ.
Тұтынушылар телефон нөмірлерін ауыстыру шығынынан қашып, бір оператордың қызметін қолдана береді. Ал министрлік MNP технологиясы іске қосылса, ұялы байланыс операторлары арасында бәсекелестік туып, тарифтер арзандайды деп санайды.
КЛИЕНТТІҢ УАЙЫМЫ
Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстанда ұялы байланыс қызметі соңғы кезде 15 пайызға арзандады» десе де, абоненттер арасында ұялы байланыс қызметін қымбатсынатын адамдар бар. Солардың бірі – кәсіпкер Қуанышбек Өнерхан. Ол Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларының қызметін қатар қолданады.
Қуанышбек Өнерхан Қазақстанның барлық жерінде бірыңғай сапалы қызмет көрсететін оператор жоқ болғандықтан, осылайша екі телефон ұстап жүруге тура келетінін айтады.
– Kcell қаланың ішінде дұрыс тартқанымен, шетіне барсаң, дұрыс тартпай қалады. Бұл кезде Beeline-ды қолданамын. Бірақ ол басқа елге шыққанда Kcell
сияқты жақсы ұстай бермейді. Операторлардың бірінің нөмірін алып, екі операторды да қолдана беруге болады деп айтқандарына көп жыл болды. Бірақ неге екені белгісіз, оны жасамай жатыр ғой, – дейді кәсіпкер.
Соңғы уақытта ұялы байланыс қызметінің сәл арзандағанын айтқан Қуанышбек Өнерхан 2 операторға бұрын айына 15-20 мың теңге (100-133 АҚШ доллары) жұмсаса, қазір 6-7 мың теңге (40-46 доллар) төлейтінін айтады.
– Мен өзім шетелге көп шығамын. Роумингке келгенде кейбір оператор бағасына қатысты көп алдай береді. «Бағасын түсіріп қойдық» деп жарнамалап жатқанмен, шын мәнінде ақшасын өлтіріп ұстайды. Шетелде 5-10 минут сөйлессең, келгеннен кейін 20-30 мың теңгеңді бір-ақ қағады. Айтқаны мен ісі сәйкеспей жатады, – дейді ол.
ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ УӘЖІ
Қазір Қазақстанның ұялы телефон нарығында төрт оператор бар: «КаР-Тел» – Beeline, GSM «Қазақстан» – Kcell және Activ, «Мобайл Телеком Сервис» – Tele2, «Алтел» – Dalacom және Pathword сауда белгісімен шығады.
Операторлардың абоненттерінің саны
Ресейлік ComNewsResearch компаниясының зерттеуі бойынша, 2013 жылы ақпан айында Қазақстандағы байланыс құны ең қымбат оператор ретінде Kcell аталған. Kcell-ден кейін Beeline, одан соң «Алтел» (Dalacom мен Pathword) тұр. Ең арзан оператор ретінде Tele2 айтылған.
«Қымбат» (Kcell) және «арзан» (Tele2) байланыс операторларының
қосылу құны тегін, абоненттік төлемі жоқ тарифтерінің күндізгі бағасы (теңгемен)
Ақпан айында ұялы байланыстың бағасына сараптама жүргізілгенін мәлімдеген көлік және коммуникация министрлігі Kcell және Beeline компанияларына тарифтерін орташа есеппен 17 пайызға арзандату туралы кеңес берген. Бірақ Kcell министрліктің ұсынысымен келіспейтінін білдіріп, шағымданатынын айтқан.
Ұялы операторлар байланыс құнын үкімет ұсынысы бойынша арзандата қою қиын шаруа екенін, бағаға көптеген факторлар әсер ететінін айтады.
Байланыс және ақпарат комитетінің тапсырысы бойынша Beeline-нің тарифтерін 17 пайызға арзандатқан «КаР-Тел» Азаттық радиосына жолдаған ресми жауабында:
«Операторларға үнемі желінің дамуына – оның құрылысына, қайта
жабдықталуына (соның ішінде 3G байланысын енгізуге), data-трафикті өткізуді кеңейтуге қаржы салып отыруға тура келеді. Сонымен қатар бағаның қалыптасуына операторлар өз жауапкершілігіне алатын лицензиялық міндеттемелер, еліміздің географиялық ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді» деп жазады.
Ал «Алтел» компаниясы баға саясатына бәсекелестердің тарифтері елеулі ықпал ететініне назар аудартады.
«Нарық қызған шақта, абоненттерді тек бәсекелес компаниялардың қолданушыларын тарту арқылы көбейту мүмкін болған кезде бәсекелес компаниялардың бағасын ескеру керек. Мақсатқа жету үшін компания ең қолайлы құралдардың бірі ретінде қызмет көрсету бағасының деңгейін де пайдаланады. Алайда қазіргі кезде барлық оператордың байланыс қызметі шамалас. Қазір абонент қызмет көрсету сапасына, қолдану ыңғайлылығына, Қазақстандағы қандай да бір оператордың имиджге адалдығы мен құндылықтарына көбірек мән беріп жатыр» деді «Алтел» компаниясы Азаттық радиосына.
Өзге операторлар нарықтағы баға саясатына байланысты қойған сауалымызға «кешірек жауап беретінін» айтты.
САРАПШЫЛАРДЫҢ БОЛЖАМЫ
Қазақстандағы консалтинг компаниялардың бірінің басшысы Светлана Черненконың айтуынша, қазір ұялы байланыс операторлары «жаңа абоненттерді тартуды ғана емес, негізгі абоненттер санын сақтап, клиенттердің сенімін арттыру, қолданылатын қызмет көлемін ұлғайтуды» мақсат етіп отыр.
– Нарық қызған жағдайда операторларда бәсекелестерінен озуға мүмкіндік беретін, ешкімде кездеспейтін ерекше артықшылықтары болуы тиіс. Tele2
тарифтер бойынша бәсекелесіп келе жатыр. Beeline өзін тек ұялы байланыс қызметі ғана емес, тіркелген байланыс бойынша қызмет көрсететін әмбебап оператор ретінде танытуға тырысып отыр. «Алтел» LTE (мобильдік байланысты жақсарту технологиясы – ред.) енгізуде технологиялық тұрғыда серпін жасады. Ұялы байланыс нарығында бұрыннан бері көшбасшы Kcell қазір беделі мен брендіне мән беріп отыр, – дейді ол.
Светлана Черненконың ойынша, Қазақстандағы ұялы байланыс құнының өзге көршілес елдерге қарағанда қымбаттау болуының екі түрлі себебі бар: «біріншісі – нарықтың олигополиялық моделі, екіншісі – Орталық Азияның өзге елдеріне қарағанда Қазақстанда өмір сүру деңгейінің жоғары болуы».
Сарапшының болжамынша, Қазақстанда «мобильдік байланыс нарығы есейген сайын» ұялы байланыс құны арзандай береді.
Пиар-кеңесші Қуат Домбайдың пікірінше, байланыс құны қымбат компаниялар тарифтік саясатын қайта қарастырмаса, абоненттерінен айрылып қалуы мүмкін.
Өйткені «абоненттер үшін маңыздысы – тариф».
– Tele2-ден бұрын «Нео» келген кезде ұялы байланыс құны төмендейді деген болжам айтылды. Бірақ ол болжам расталған жоқ. Әрине, қазір Tele2 нарықтағы жағдайды өзгертіп, тарифтердің арзандауына әсерін тигізіп жатыр. Менің ойымша, Kcell мен Beeline осы жағын дұрыстап қарастыруы керек. Әйтпесе тұтынушыларынан айрылуы мүмкін, – дейді ол.
Бірақ бұл болжаммен кейбір мамандар келіспейді. Ұялы байланыс операторларында жұмыс істеген, аты-жөнін атамаған техникалық маман «бұл тұрғыда байланыс сапасын ұмытпау қажет» екенін айтады.
– Егер Tele2-нің қамту аймағы Kcell мен Beeline-дікі сияқты кеңірек болса, онда қауіптенуге болар еді. Әзірге Tele2-нікі шектеулі ғой. Мүмкін оның абоненттері мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер есебінен көбейетін шығар, – дейді ол.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2013 жылғы баяндамасына қарағанда, Қазақстан әлем бойынша ұялы байланыс бағасы жөнінен 42-орында, ал 100 адамға шаққандағы ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша 11-орында тұр (100 тұрғынға 156 телефоннан келеді). Ал көлік және коммуникация министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 29 миллионнан астам ұялы байланыс абоненті бар.
Тұтынушылар телефон нөмірлерін ауыстыру шығынынан қашып, бір оператордың қызметін қолдана береді. Ал министрлік MNP технологиясы іске қосылса, ұялы байланыс операторлары арасында бәсекелестік туып, тарифтер арзандайды деп санайды.
КЛИЕНТТІҢ УАЙЫМЫ
Көлік және коммуникация министрлігі «Қазақстанда ұялы байланыс қызметі соңғы кезде 15 пайызға арзандады» десе де, абоненттер арасында ұялы байланыс қызметін қымбатсынатын адамдар бар. Солардың бірі – кәсіпкер Қуанышбек Өнерхан. Ол Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларының қызметін қатар қолданады.
Қуанышбек Өнерхан Қазақстанның барлық жерінде бірыңғай сапалы қызмет көрсететін оператор жоқ болғандықтан, осылайша екі телефон ұстап жүруге тура келетінін айтады.
– Kcell қаланың ішінде дұрыс тартқанымен, шетіне барсаң, дұрыс тартпай қалады. Бұл кезде Beeline-ды қолданамын. Бірақ ол басқа елге шыққанда Kcell
Соңғы уақытта ұялы байланыс қызметінің сәл арзандағанын айтқан Қуанышбек Өнерхан 2 операторға бұрын айына 15-20 мың теңге (100-133 АҚШ доллары) жұмсаса, қазір 6-7 мың теңге (40-46 доллар) төлейтінін айтады.
– Мен өзім шетелге көп шығамын. Роумингке келгенде кейбір оператор бағасына қатысты көп алдай береді. «Бағасын түсіріп қойдық» деп жарнамалап жатқанмен, шын мәнінде ақшасын өлтіріп ұстайды. Шетелде 5-10 минут сөйлессең, келгеннен кейін 20-30 мың теңгеңді бір-ақ қағады. Айтқаны мен ісі сәйкеспей жатады, – дейді ол.
ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ УӘЖІ
Қазір Қазақстанның ұялы телефон нарығында төрт оператор бар: «КаР-Тел» – Beeline, GSM «Қазақстан» – Kcell және Activ, «Мобайл Телеком Сервис» – Tele2, «Алтел» – Dalacom және Pathword сауда белгісімен шығады.
Операторлардың абоненттерінің саны
Ресейлік ComNewsResearch компаниясының зерттеуі бойынша, 2013 жылы ақпан айында Қазақстандағы байланыс құны ең қымбат оператор ретінде Kcell аталған. Kcell-ден кейін Beeline, одан соң «Алтел» (Dalacom мен Pathword) тұр. Ең арзан оператор ретінде Tele2 айтылған.
«Қымбат» (Kcell) және «арзан» (Tele2) байланыс операторларының
қосылу құны тегін, абоненттік төлемі жоқ тарифтерінің күндізгі бағасы (теңгемен)
Kcell | Tele2 | |
Желі ішінде қоңырау соғу | 11 | 3 |
Басқа операторларға қоңырау соғу | 11 | 20 |
Желі ішінде SMS жолдау | 7 | 3 |
Басқа операторларға SMS жолдау | 15 | 8 |
Интернет, 1 мегабайт | 24,64 | 25 |