Теміртауда азаматтық ала алмай жүрген оралмандардың көбі қажетті «қағаз толтыруды тым ұзаққа созды» деп әдетте билікті кінәлайды. Ал билік өкілдері оралмандарды «құжатқа ұқыпты» болуға шақырады.
Теміртау тұрғындарының елеулі бөлігі - оралмандар. Өзбекстаннан келген оралманның көбі әлі Қазақстан азаматтығын алмаған.
Билік өкілдері оралмандар «көші-қон туралы заң талаптарын жиі бұзып, түрлі қиындыққа тап болады» дейді. Оралман белсенділері Қазақстан азаматтығын алу мәселесіндегі «бюрократтық тосқауылдарды жою үшін» билікпен диалогты жалғастыруға дайын екендерін айтады.
ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ
Өзбекстаннан 2003 жылы келген Нышанбек Қайыпов «отбасым Қазақстанға тез бейімделіп кетер» деген үмітінің ақталмағанын айтады. Туғаннан қолы жоқ, екінші топ мүгедегі Нышанбек жұмыс істей алмайды. Оның «әйелім жұмыс істеп, өзім тиісті жәрдемақы алсам» деген үміті болған. Бірақ азаматтық алмаған соң оған мүгедектігі үшін зейнетақы берілмейді.
Нышанбектің әйелі Тынымгүл Исмаилова қазір азаматтық алып, кондитер болып жұмысқа орналасыпты. Ол жұмысты әрең тапқанын айтады.
– Бастық жағдайымды түсініп, жаны ашыды. Түнгі ауысымда жұмыс істеймін. Айына 30 мың теңге (200 АҚШ долллары - ред.) төлеймін деп уәде етті. Бұған да шүкір деп отырмын, - деді Тынымгүл Исмаилова Азаттық тілшісіне.
Әйелдің айтуынша, күйеуінің құжаттарын көші-қон полициясы бірнеше рет жоғалтып жіберген. Ол шетел азаматы ретінде тіркеуге тұрмай, кешіккені үшін салынатын айыппұлдан қорқатынын айтады.
Бұл отбасы муниципалды баспана алу кезегінде тұр. Тынымгүлдің айтуынша, жергілікті әкімдіктің «пәтер береміз» деген уәдесі бар. Әзірше уақытша берілген пәтерде тұрып жатыр. Ерлі-зайыпты оралмандардың 13 жастағы ұлы мен 10 жасар қызы бар. Баланың үлкені бокспен айналысқысы келеді, бірақ оған ақша жоқ дейді ата-анасы.
– Қазақ болайық, осында жұмыс істеп, адам сияқты өмір сүрейік деп Қазақстанға келдік. Бірақ бәрі басқаша болып шықты, - дейді Нышанбек Қайыпов.
Тынымгүл Исмаилованың сіңілісі Замира Мәмбетова Өзбекстаннан былтыр келіпті. Азаматтық ала алмаған ол да жұмыссыз жүр. Өзбекстанда бухгалтер болып істеген.
ҚҰЖАТ ЖИНАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің (ІІД) көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің Азаттық тілшісіне айтуынша, уақытша тіркеуге тұру мерзімін, құжаттарды ауыстыру ережелерін оралмандардың өздері жиі
бұзатындықтан, оларға айыппұл салуға тура келеді. Көші-қон заңын бұзғандарға хаттама толтырылады. Ал оралмандар шенеуніктерді кінәлайды. Айтуларынша, «Құжаттарды беруді әдейі созып, көшіп келгендерді әуре-сарсаңға салады».
Көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Абай Жүнісов оралмандардың бұл өкпесімен келіспейді. Ол «заң жұрттың бәріне ортақ» екенін айтады.
– Біз бұл істі қалай созады екенбіз? Кез-келген азамат, шетелдік адам, біздің заңдарымызды бұзбай, құрметтеуі тиіс. Егер олар тіркеуге тұруға, құжаттарын ауыстыруға берілетін мерзімді бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады да, 5 жыл бойы құжаттарын тапсыра алмайды, - дейді Абай Жүнісов.
«БИЛІКПЕН ДИАЛОГҚА ДАЙЫНБЫЗ»
Қарағанды облысы ІІД-нің бастығы Мергенбай Жаппаровпен мамыр айының аяғында Теміртауда өткен кездесуде көші-қон полициясынан құжаттарын ала алмай жүргенін басқа оралмандар да айтты. Ол жергілікті көші-қон полициясына оралмандарды кезексіз қабылдап, құжат мәселесін тезірек реттеуді тапсырды.
Теміртау көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Абай Жүнісов бұл шаруаның қалай орындалып жатқанын Азаттық тілшісіне былай хабарлады:
– Қабылдау өткізіп, оралмандармен сөйлестік. Бірақ олардың әлгі мәселелерін әлі қарап жатырмыз, ресми жауабын береміз. Өйткені біздің жұмысымыздың заңдылығын прокуратура да тексереді ғой. Бірақ бізде бәрі заң жүзінде. Қазір өзіміз де тексеріп жатырмыз. Ал заң талаптарын оралмандардың өздері бұзатынын қазірдің өзінде айта аламын.
Теміртау көші-қон полициясының басшылығы азаматтық алу мәселесі бойынша оралмандардың өздерін кінәлап, «уақытында тіркеуге тұрмайды, құжаттарын кешігіп өткізеді» дейді. Ал оралман белсенділер «Қазақстан азаматтығын алуда бұрыннан келе жатқан бюрократтық тосқауылдарды шешу үшін билікпен диалогты жалғастыруға дайын» екендерін айтады.
Ресми дерекке сәйкес, 170 мың адам тұратын Теміртау қаласында 30 мыңға жуық оралман бар. Облыс орталығы Қарағандыда «Оралмандарды бейімдеу орталығы» ашылған. Оның бағдарламасында қазақ және орыс тілдерін үйрету, Қазақстан тарихын, Қазақстан заңдарын оқыту қарастырылған. Орталықта халыққа тұрмыстық қызмет көрсету мамандықтарының курстары да ашылған.
Билік өкілдері оралмандар «көші-қон туралы заң талаптарын жиі бұзып, түрлі қиындыққа тап болады» дейді. Оралман белсенділері Қазақстан азаматтығын алу мәселесіндегі «бюрократтық тосқауылдарды жою үшін» билікпен диалогты жалғастыруға дайын екендерін айтады.
ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ОТБАСЫ
Өзбекстаннан 2003 жылы келген Нышанбек Қайыпов «отбасым Қазақстанға тез бейімделіп кетер» деген үмітінің ақталмағанын айтады. Туғаннан қолы жоқ, екінші топ мүгедегі Нышанбек жұмыс істей алмайды. Оның «әйелім жұмыс істеп, өзім тиісті жәрдемақы алсам» деген үміті болған. Бірақ азаматтық алмаған соң оған мүгедектігі үшін зейнетақы берілмейді.
Нышанбектің әйелі Тынымгүл Исмаилова қазір азаматтық алып, кондитер болып жұмысқа орналасыпты. Ол жұмысты әрең тапқанын айтады.
Әйелдің айтуынша, күйеуінің құжаттарын көші-қон полициясы бірнеше рет жоғалтып жіберген. Ол шетел азаматы ретінде тіркеуге тұрмай, кешіккені үшін салынатын айыппұлдан қорқатынын айтады.
Бұл отбасы муниципалды баспана алу кезегінде тұр. Тынымгүлдің айтуынша, жергілікті әкімдіктің «пәтер береміз» деген уәдесі бар. Әзірше уақытша берілген пәтерде тұрып жатыр. Ерлі-зайыпты оралмандардың 13 жастағы ұлы мен 10 жасар қызы бар. Баланың үлкені бокспен айналысқысы келеді, бірақ оған ақша жоқ дейді ата-анасы.
– Қазақ болайық, осында жұмыс істеп, адам сияқты өмір сүрейік деп Қазақстанға келдік. Бірақ бәрі басқаша болып шықты, - дейді Нышанбек Қайыпов.
Тынымгүл Исмаилованың сіңілісі Замира Мәмбетова Өзбекстаннан былтыр келіпті. Азаматтық ала алмаған ол да жұмыссыз жүр. Өзбекстанда бухгалтер болып істеген.
ҚҰЖАТ ЖИНАУ ЖӘНЕ КҮТУ
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің (ІІД) көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлерінің Азаттық тілшісіне айтуынша, уақытша тіркеуге тұру мерзімін, құжаттарды ауыстыру ережелерін оралмандардың өздері жиі
Егер олар тіркеуге тұруға, құжаттарын ауыстыруға берілетін мерзімді бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады да, бес жыл бойы құжаттарын тапсыра алмайды.