Теміртау соты Қазақстанның төрт азаматын «терроризмді насихаттаған және дінаралық өшпенділікті тудырған» деген айып бойынша түрлі мерзімге қамау жазасына кесті. Сотталушылар мен олардың туыстары қылмыстық істі «қолдан жасалған» деп санайды.
Туыстары мен сотталушылардың өздері «қасақана қолдан жасалған іс бойынша айып тағылып, жала жабылған» деп отыр. Сол себепті түрлі инстанцияларға арызданып, облыстық сотқа апелляциялық шағым беріп қойды. Осындай іске қатысты сот процесі Теміртауда алғаш рет өтіп жатыр.
2011 жылғы 21 сәуірде шыққан Теміртау қалалық сотының үкіміне төрайым Шарван Аюбекова қол қойған. Сот процесіне мемлекеттік айыптаушы болып Самал Аринова мен Анар Бердалиева қатысты.
ТҮРМЕ МЕШІТІНДЕГІ ДИСКІЛЕР
Қылмыстық іс бойынша төрт адамға айып тағылған: Оның екеуі – қамау мекемесінде жазасын өтеп жатқандар. Тергеу орындары оларға «терроризмді насихаттап, жихад (кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс) идеяларын таратқан» деген айып таққан.
Екеуі – Қарағанды облысындағы Қараған кентінде орналасқан АК-159/5 мекемесінде қамауда отырған – 30 жастағы Еркінбек Кенжебаев пен 45 жастағы Фарид Исмағамбетов. Қалған екі сотталушы – Қарағанды тұрғыны, бұрын сотталған 36 жастағы Арман Ахметов пен Теміртау қаласының тұрғыны, Монғолиядан көшіп келген оралман – 32 жастағы Нұрбек Әбдікерім. Сот бұл төрт азаматты "исламның радикалды бағыттағы жихадтық салафиттік бағытын ұстанған" деп отыр.
Қылмыстық істе бұл төрт адам лаңкестікпен айналысқан шетелдік заңсыз құрылымдардың көшбасшылары Доку Омаров пен Саид Бурятскийдің жазбаларын «түрмеде тыңдап, бейнедәрістерін зерттеген» деп
көрсетілген. Жүргізілген сараптама қортындысында кавказдық танымал екі террористтің сөздерінде «әлеуметтік, нәсілдік және діни өшпенділік пен араздықты қоздыруға бағытталған үндеулердің бар екендігі» айтылған.
Сот әлгі жазбаларды бостандықтан түрмеге Арман Ахметов пен Нұрбек Әбдкерім жеткізіп отырған деп тапты.
Фарид Исмағамбетов пен онымен сөйлескендердің әңгімелері Қарағанды облысы прокурорының рұқсаты бойынша жасырын тыңдалып, таспаға жазылып отырғаны үкімде көрсетілген. Тергеу болжамы бойынша, ол жазбаларда әңгіме «исламшыл соғысқұмар идеология жөнінде» өрбіген.
Үкімде айтылғандай, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жергілікті департаменті бұл дәрістердің жазбаларын түрмеге бостандықтан Арман Ахметов пен Нұрбек Әбдкерім жеткізіп отырған деп санайды. Тыйым салынған дискілерді қылмыстық ортаға еніп, қылмыстық іс-әрекетке барған сыңай танытқан түрме қызметкерінің беріп отырғаны да үкімде көрсетілген.
Біраз уақыттан соң түрменің Фарид Исмағамбетов басқарған мешітінің аумағына түрме қызметкерлері жүргізген тінту барысында тәркіленген түрлі діни әдебиеттер мен DVD-дискілердің арасында Солтүстік Кавказдағы заңсыз лаңкестік құрылымдардың идеологтарының уағыздары жазылған диск, оған қоса, экстремистік сайттардан жүктелген файлдардың бар екендігі үкімде айтылған.
Айып тағылған төрт адам өздерінің заңсыз діни ағымға қатысы жоғын алға тартады. Олардың айтуынша, мешітте тыйым салынған ештеңе болмаған, өйткені онда келетін «барлық әдебиеттер, аудио- және бейнежазбалар міндетті түрде түрменің режим бөлімінде қатаң тексеруден өткізілетіндіктен оның аумағына тыйым салынған нәрсені жайдан жай өткізу мүмкін емес» дейді олар.
Бұл төрт адамның туыстарының айтуынша, айыптың бәрі түрме қызметкерлерінің және екі тұтқындалушының куәлігіне негізделеді, бірақ белгісіз себептермен олар сот залында бетпердемен отырды.
Фарид Исмағамбетовтың туыстарының айтуынша, аталмыш куәгерлерді екінші қайтара тергеу туралы, онымен қоса, АК-159/5 түрмесіндегі мешітке үзбей келіп тұрған сол мекемеде жазасын өтеп жатқан мұсылман тұтқындардан да жауап алу туралы өтінішті сот қанағаттандырмады.
Сот іс бойынша жинақталған дәйектердің жиынтығына қарап, сотталушылардың «кінәсы толықтай дәлелденді» деп шешті.
Сотталушылардың ұстанымын сот «тағылған айыптан жалтарудың жолы» деп бағалады. Сот барысында жауаптары өзгерген кейбір куәгерлердің сөздеріне сот «шындыққа жанаспайды» деп күмән келтірген. Алайда, үкімде ешқандай өтініш жасалмаған деп, ҰҚКД қызметкерлерінің рұқсат етілмеген әдістерді қолданғандары жайлы арыз түспегені айтылған.
СОТТАЛУШЫ ФАРИД ИСМАҒАМБЕТОВ
Екібастұздық Фарид Исмағамбетов бұрын сотталған болатын, ол 2004 жылы 18 жылға түрмеде жазасын өтеуге кесілген. Ал енді сот оны «терроризмді насихаттады және діни өшпенділікті қоздырды» деген айыппен кінәлі деп тауып, үш жыл бойына діни іс-әрекетті жүзеге асыру құқығынан айырып, оған алты жыл түрме жазасын тағайындады.
Сот ақыр соңында оны 19 жылға қатаң тәртіптегі түрмеде бас бостандығынан айырумен бірге дүние-мүлікті тәркілеуге үкім шығарды. Сот
оның қылмыстық әрекетінен аса қауіпті рецидивтің нышаны байқалады деген тұжырым жасады. Жазаны өтеу мерзімі 2004 жылдың 4 сәуірінен бастап есептелетін болды.
Фарид Исмағамбетов түрме қарамағындағы мешіттің басшысы болатын. Ата тегін атамауды өтінген оның зайыбы Салтанаттың айтуынша, күйеуі мерзімінің жартысына жуығын өтеп біткен, ол 19 рет мадақталып, мақтау қағаздарына ие болған және бір де бір рет жазаланып көрмеген.
Фарид Исмағамбетовтың зайыбы бұл іс болмағанда, оны шартты түрде ерте босатулары мүмкін болатын дейді. Енді болса оған толық жазасын өтеуге тура келеді. Оның үстіне, жаңа айыптарға байланысты бірнеше жыл тағы бар.
– Қылмыстық іс өткен жылдың тамыз айында қозғалған. Ол кезде менің күйеуім егде тартқан анасына телефон шалып, ҰҚК қызметкерлерімен қарым-қатынас жасауы үшін оған қысым жасап, қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтты. Осыдан кейін оның анасы облыстық прокуратураға арыз жазды. Одан соң, олар күйеуім отырған түрмеге келіп, оны ҰҚК тарапынан қысым жасалғаны жайлы сөзінен бас тартатынын айтып арыз жазуға итермеледі, сонда іс жабылады деді. Ол келісіп, қылмыстық іс шынымен жабылды. Одан соң қайта қозғалды. Міне, қазіргі күнге дейін бұл іс созылып келеді, – деді Азаттық радиосына Салтанат.
Оның айтуынша, сот процесі енді басталғанда Салтанатқа хабарласқан тергеуші оған күйеуінің жеке бас өтініші бойынша телефон шалып тұрғанын айтып, онымен кездесуге Қарағандыға келуін сұраған.
– Мен қатты таң қалған едім, қалайша ойда жоқта ҰҚК қызметкерлері тұтқынға ізет танытуды жөн көрді деп. Кездесуге қол жеткізу тым қиын емес пе. Мен келдім. Күйеуіммен кездестіру алдында бар кінәні өз мойнына алып, тергеуге көмек көрсетуге оны көндіруім үшін мені үгіттеді. Мен сөйлесіп көруге келістім, алайда одан нәтиже шықпайтынын ескерттім. Бірақ Фарид істемегенін мойындамайтынын айтты, – дейді Салтанат.
Оның сөзіне қарағанда, тергеуші де оның күйеуімен қандай тақырыптар төңірегінде сөйлескенін тергеп, көп сұрақ қойған, ал ол жауап бере отырып, бұл іс бойынша куәгер саналатынын тіпті білмегенін айтады. Салтанат бұл жайлы сотта күйеуінің қоғамдық қорғаушысы болуын өтінгенде бір-ақ білген, бірақ оның куәгер ретінде тіркелгенін сылтау еткен сот Салтанаттың қорғаушы болуына рұқсат бермепті.
– Мен тек қана екі сот отырысында болдым, ол арада бірталай қарама-қайшылық болды, мұндай мәселелерден хабарым жоқ мен де істің «қолдан жасалғанына» көз жеткіздім. Бұл – жала, біреу жай ғана «жұлдыз» тағуды мақсат тұтқан болар. Әділдіктің жоқтығы өкінішті. Оны ақтап шығады деп үміттенгенмін. Барлық төрт адвокат өз қорғалушыларын ақтауды сұрады, бірақ жазалау туралы үкім шығарғанда, барлығы аң-таң болды. Күйеуім және тағы екі айыпталушы бір айға жуық аштық жариялады. Бұл енді қарсылық түріндегі соңғы шара. Ол әлі де болса, бұрынғыдай ештеңені, еш кінәні мойнына алмай отыр, – дейді Салтанат.
Фарид Исмағамбетов облыстық сотқа апелляциялық шағым жазды. Оның анасы Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комитетке хат жолдады. Ол жерден хаттың бас прокуратураға қарастыруға жіберілгені туралы жауап келді.
СОТТАЛУШЫ ЕРКІНБЕК КЕНЖЕБАЕВ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жүзімдік ауылынан шыққан Еркінбек Кенжебаев бұрын сотталған болатын. Осы жолы сот оны терроризмді насихаттағаны және діни өшпенділікті қоздырғаны үшін айыпты деп тауып алты жылға соттап, жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтеуге үкім шығарды. Ақыр соңында өтелмеген жазасын қоса есептегенде ол 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Жаза мерзімі 2004 жылдың 9 маусымынан бастап есептеледі.
Сотталған Еркінбек Кенжебаевтың әкесі, Әбдірахым Кенжебаев, ұлының айып ретінде тағылған қылмысқа бармағанын, яғни терроризмді
насихаттаумен, тыйым салынған әдебиеттерді оқумен айналыспағанын айтады:
– Оның сақалы да жоқ. Меніңше, менің ұлыма жала жапты. Ол бар болғаны намаз оқитын. Күнәлары кешірілсін деп, оған өзім сөйт деп кеңес бергенмін. Еркінбек әлгі дәрістері бар таспаны біреу әкеп тастаған деді. ҰҚК қызметкерлері өз қызметтерін атқарып жатыр, насихатшыларды ұстап жатыр десін дейді, сол себепті осылай болып жатыр.
Әбдірахым Кенжебаев Еркінбекті ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысынан Қарағанды түрмесіне ауыстыру үшін оның отбасынан ақша талап етіп жатқанын Азаттық радиосына айтып берді.
– Мен түрмеге ұлымды көрмекке келдім, бірақ ол жоқ болып шықты. Оны ҰҚК қызметкерлері тергеу абақтысына жауап алуға алып кеткені белгілі болды. Жұбайым сонда қаламын деп шешті. Ол жерде одан ақша сұрап, жинап әкелуге екі ай уақыт беріпті. Одан соң ұлымызды ұрып-соққанын білдік, кінәсін мойындасын деп тоққа тұғызыпты. Қарсылық білдіремін деп ол қолын, мойнын және ішін кесіпті. Бір айдан соң оны Абай кентіндегі түрмеге жеткізіп, жасырын нөмірмен бізге телефон соғып, оның халі ауыр екенін және тез жетуіміз керектігін айтты. Біз ҰҚК-нің республикалық кеңсесіне және бас прокуратураға шағымдандық. Бірақ ешкім де шара қолданған жоқ, – дейді Әбдірахым Кенжебаев, тағы бір мәрте сотталған тұтқынның әкесі.
Оның айтуынша, ұлы Еркінбек Кенжебаевқа басында терроризм насихаты жөніндегі қылмыстық іс бойынша куәгер болуды ұсыныпты, бірақ ол келісе қоймаған соң, оны азаптай бастапты.
– Содан соң ол қайтадан қарсылық түрінде өзін өзі кесті, төрт қасықты жұтып, бір айға жуық нәр татпады. Мамырдың 5-інен 20-сына дейін облыстық прокуратура оны ауыстыруды бұйырғанша, бір адамдық камерада жатты. Ол 10 келіге арықтаған. Мен Астанада болдым, бас прокуратура мен президент әкімшілігіне хат апардым. Бірақ жауап әлі келген жоқ, – деп сөзін аяқтады Абдырахым Кенжебаев.
Сотталған Еркінбек Кенжебаевтың туыстары шығарылған үкіммен келіспейді. Олар облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.
СОТТАЛУШЫ НҰРБЕК ӘБДІКЕРІМ - ОРАЛМАН
Нұрбек Әбдікерімді сот Қазақстанның қылмыстық кодексінің мынадай үш бабы бойынша айыпты таныды: «Атыс қаруын заңсыз сатып алу және сақтау», «Терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды тарату» және «Ұлтаралық және діни өшпенділік пен араздықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді көпшілік алдында бірнеше рет қасақана қайталау». Сот оны діни іс-әрекетпен айналысу құқығынан айырып, оған үш жылға жалпы
тәртіптегі түрмеде жазасын өтеуге үкім шығарды. Жаза мерзімі 2010 жылдың 24 маусымынан бастап есептеледі.
Нұрбек Әбдікерім балалық шағынан бері мешітке барып тұрады. Әкесі ұлының келешегін ойлап уайымдағандықтан, Нұрбек ата-анасымен бірге Қазақстанға Монғолиядан 1993 жылы көшіп келіпті. Алғашында отбасы квота бойынша Талдықорғанға орналасты. Бір жылдан соң, дейді туыстары, мейірімді адамдар – мұсылмандар баспана тауып беріп, Әбдікерімдер отбасының Теміртауға көшіп баруына көмектесті. Нұрбектің әкесі Жәке Әбдікерім Монғолияда сыйлы адам болған деседі. Теміртауда Нұрбек политехникалық колледжге түсті, алайда оқуын аяқтамай, жұмысқа шықты. Ол араб тілін біледі.
Нұрбек Әбдікерім бұрын соңды сотталмаған. Бірақ, туыстарының айтуынша, 2008 жылы осындай қылмыстық іс бойынша куәлік етіпті. Оның ісі бойынша үкімде былай делінген:
«Шымкенттің тұрғынымен танысып, кәпірлерге қарсы жихадқа шақырған үндеулерді естідім, брошюраларды алып тұрдым. Құқыққорғаушы органдар ізіне түскен жігіттердің өтінішімен оларға пәтер тауып бердім. Діннен безгендерге қарсы қасиетті соғыс жүргізу мақсатында Ауғанстанға кету туралы ұсыныстар түсіп жатты. Ислам жайлы қазақ тіліндегі мәтіндерді түзетумен айналыстым».
Туыстарының айтуынша, осы кезде Нұрбек ҰҚК қызметкерлерінің назарына ілікті. Туыстарының айтуынша, бір жылдай бұрын Нұрбек ҰҚК өкілдері өзінен мешітте не болып жатқанын баяндап тұруды талап етіп, мазасын алып жатқандары жайлы айтып беріпті, бірақ Нұрбек бас тартыпты. Кейіннен осының кесірінен жұмысты тастауға тура келген.
– Ол аяғына нық тұра бастаған еді, бірақ оған еш жерде жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді, сөз жеткізіп тұруға итермеледі. Содан соң ол бәрібір бульдозерші мамандығын игеріп алды. Бірақ бар болғаны екі ай ғана жұмыс істеп үлгерді, содан соң тағы да ҰҚК қызметкерлері жауап алуға шақырып, оны қайтадан түртпектей бастады. Өткен жылдың маусым айында Нұрбектің үйіне белгісіз біреулер келіп, пәтерін тінти бастады да қонақ бөлмеден Германияда жасалынған тапанша тауып алды, онда Нұрбектің саусақ іздері болыпты-мыс. Мұндай қару бір жарым мың доллардай тұрады. Тіпті бұл қаруды біреуден алды деген күннің өзінде, оның таза болмауы тиіс. Нұрбек бізге ҰҚК адамдарды оның саусақ іздерін оннан астам рет алды деген еді. Ол тапаншаны біреулер әкеп тастаған деді. Одан соң оны алып кетті, – дейді Азаттық радиосының тілшісіне өз есімдерін атамауды сұраған Нұрбектің туыстары.
Олардың айтуынша, Нұрбек сотталушылардың біреуімен ғана – Қарағандының тұрғыны Арман Ахметовпен таныс болған, ал өз ісі бойынша сотталғандардың қалғандарын, яғни түрмеде жазаларын өтеушілерді ол білмеген.
– Сот үстінде тұтқындалушылардың қатарындағы барлық куәгерлер Нұрбекті жағымды жағынан танитындарын айтты, араларындағы біреуі ғана – исламды қабылдаған орыс жігіті – оған қарсы куәлік етті. Бұған дейін ол Нұрбекпен достасып, оның үйіне келіп тұрған, араб тілін үйрену үшін одан ноутбук алатын. Бір жылға жуық олар дос болыпты. Ол ҰҚК-не жұмыс жасайтын болып шықты. Нұрбекті тұтқынға алуға үш күн қалғанда, бұл адам одан ноутбук алып, тыйым салынған материалдарды жүктеп қояды, тапаншаны да сол тастап кеткен болуы керек. Біз сенімдіміз – бұл жала, – деп жалғастырады Нұрбек Әбдікерімнің туыстары.
Туыстары мен Нұрбек Әбдікерімнің өзі апелляциялық шағым табысталған облыстық соттың шешімін күтіп отыр. Азаттық радиосының журналистері төртінші сотталған айыпталушы – төрт жылға түрмеге кесілген қарағандылық Арман Ахметовтың туыстарымен байланысқа шыға алмады.
КУӘГЕР БОЛҒАН ТҮРМЕ ОФИЦЕРЛЕРІ МЕН СОТТАЛҒАНДАР
Сот отырыстары барысында бұл қылмыстық іс бойынша ондаған куәгерден жауаптар алынды, олардың қатарында негізінен жазаларын өтеп жатқан тұтқындар мен түрме қызметкерлері бар.
Мысалға, Қараған кентінің АК-159/5 түрмесінде жазасын өтеуші Есенов деген куәгер «намаз уақытында Исмағамбетов бар жамағатты өшіктіріп, өзінің діни нанымын дәлелдеп шығатын, терактілер жазылған дискілерді көрсететін, намазды Кавказдағыдай оқу керек деп айтатын» деп көрсетті.
«Қарама-қайшылықтарға нұсқамақ болғанымда, Кенжебаев маған ескерту жасап отыратын. 2009 жылдың қазанынан бастап мен пайда болған қарама-қайшылықтардың себебінен мешітке баруды доғардым. Исмағамбетов бүкіл жамағатты маған қарсы үгіттей бастады; кетуге мәжбүр болдым» деді куәгер.
Жауаптардың барлығы дерлігі «Исмағамбетов мешіттің басшысы болып алып, телефонмен білім ала бастады, онысын уағыз тыңдаушыларға
жеткізіп отырды. Мешітте Саид Бурятскийдің уағыздары бар дискілер болды. Аяғында Исмағамбетов бостандықтағы «бауырлары» үшін пышақ жасау туралы сотталғандардың бірімен келісім жасасты» дегенге келіп тірелді.
Яғни, куәгер Мубараковтың айтуынша, «Кавказдағы ұрыс-керістер сипатталған файлдардың орнына сотталған Исмағамбетов бостандықтағы адамға қолдан жасалған пышақтарды жіберіп тұруға уәделесті. Куәліктерге қарағанда, ол адам – сотталып отырған Қарағанды тұрғыны, ал Кенжебаев пышақтарды алып беруге, олардың орнына дискілерді бостандықтан қабылдап алуға колония қызметкерімен уәделескен».
«Бір жолы мен мешітке келіп, ас үйде DVD-ден Саид Бурятский, Доку Омаров сияқты бүлікшілер қатысқан дискіні көріп жатқандарын байқадым. Бұл мешіттің қоймалары мен еден астындағы баракта жасырылған «Нарутто» атты диск болатын», – деп қамаудағылардың бірі куәлік берді.
Үкімде айтылғандай, куәгерлер – түрме қызметкерлерінің жауабынан белгілі болғандай, олар тұтқындардың фильмді көріп жатқанын бірнеше рет байқапты, бірақ өздері кірген кезде бейнетаспаны өшіріп тастағанын айтады. Мысалы, АК-159/5 түрмесінің аға бақылаушысы сотталған Еркінбек Кенжебаевтың ағасы бермекші дискіні әкеліп беруді сұрағанын айтты.
«Мен өтінішін орындадым, сөйте тұра менің іс-әрекеттерімді кеңсенің қызметкерлері бақылап отырды. Мен қылмыстық топқа енуге келісім бердім, мен бұл жайлы 2009 жылдың 20 шілдесінде бекітілген арызда жазған болатынмын. Диск Қарағанды облысының Абай қаласында табысталды, орнына мен Кенжебаевтың атынан газетке оралған пышақтарды бердім», – деп жауап берді түрме күзетшісі.
Тағы бір куәгер – АК-159/5 түрмесінің шұғыл әрекет ету бөлімінің бастығы Ерохиннің жауабынан: «Бөлімге мешітте лаңкестік көзқарастар уағыздалып жатыр, кавказдық бүлікшілердің уағыздары бар фильмдерді көріп жатыр, жихадқа үндеп жатыр деген ақпарат түсе бастады. Кейде, мешітке кіргенде, Кавказ туралы фильмдердің үзінділерін көретінмін, бірақ оның не екенін анықтап біле алмайтынмын. Дискіні көріп отырғанда, мешітте 10–15-ке жуық адам отыратын, теледидардың жанынан әрдайым топ көшбасшысы болған Исмағамбетов немесе оның оң қолы Кенжебаев табылатын».
Куәгер Ерохиннің соттағы сөздеріне қарағанда, «2009 жылдың 7 наурызында мешітте тінту жүргізіліп, сараптамаға жіберілген әдебиеттер, дискілер тәркіленді және де шұғыл-іздестіру шаралары жүзеге асырылды».
Шұғыл әрекет ету бөлімінің бастығы Ерохиннің айтуынша, мешітте тінту жасалғаннан соң түрме қызметкерлері мен тінту барысын өз көзімен көрген сотталған Фарид Исмағамбетов қол қойған акт жасалды. Тінту кезінде бөгде куәгерлер болған жоқ. Мұны түрменің жабық типті мекеме болуымен түсіндіреді.
Сотта 13 куәгер алдыңғы берген жауаптарын өзгертіп, алдын ала тергеу барысында олар лаңкестік насихаты фактісін және қарулы жихадқа шақыруды дәлелдеу кезінде сотталушыларға жала жабуға мәжбүр болғандарын мәлімдеді. Олар ҰҚКД қызметкерлерінің тарапынан өздеріне қысым көрсетіліп, қорқытып-үркітуге жол берілгенін себеп ретінде атады. Алайда сот мұны сотталушыларды жауапкершіліктен босатуға деген мүдде деп бағалады.
Сотқа куәлік беруге шақырылған ҰҚКД қызметкерлері тұтқындардың жауаптарының компьютерде терілуін өздері қалады және ешкімге қысым көрсетілмеді деп мәлімдеді. Сонымен бірге, сотталушыларға қысым жасау фактісін жоққа шығарып, сотталған Еркінбек Кенжебаевты ҰҚК абақтысындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Астанаға апарғандарын айтты.
Бұл қылмыстық іске қатысты сот процесінің ашық деп жарияланғанымен, кейде ол жабық есіктердің ар жағында жүріп жатты. Сот залында адамдардың шектеулі саны ғана отырды. Сотталғандардың туыстарының айтуынша, оларды отырыс залына әрдайым кіргізе берген жоқ. Қалыптасқан жағдайдың мән-жайына түсініктеме беруге ешбір судья, не прокурор, не тергеуші ынта білдірмеді, олар осы іс бойынша тіс жаруға рұқсат берілмегенін сылтау қылды.
Теміртаудың әлеуметі де, тіпті бүкіл Қарағанды облысы болып бұл іске байланысты ештеңені сөз етпейді. Кейбір жергілікті БАҚ-та «террористердің» дәрістерін тыңдаушыларға қатысты үкім шығарылды деген қысқа ақпарат қана жарияланды. Жуырда жергілікті газетте сотталғандардың бірінің әкесі берген сұхбат шықты. Бірақ мұнда да нақты ештеңе айтылмаған.

Олар күйеуім отырған түрмеге келіп, оны ҰҚК тарапынан қысым жасалғаны жайлы сөзінен бас тартатынын айтып арыз жазуға итермеледі, сонда іс жабылады деді.

Сотталған Еркінбек Кенжебаевтың әкесі - Әбдірахым (ол жақта) мен анасы. Теміртау, 1 маусым 2011 жыл.

Бір жолы мен мешітке келіп, асүйде DVD-ден Саид Бурятский, Доку Омаров сияқты бүлікшілер қатысқан дискіні көріп жатқандарын байқадым. Бұл мешіттің қоймалары мен еден астындағы баракта жасырылған «Нарутто» атты диск болатын