Қазақстандықтар әлемнің 27 елі мен екі аймаққа (Гонконг пен Хайнань) визасыз саяхат шеге алады. Ал 13 елге визаны әуежайда рәсімдеуге болады.
Алматылық ауыр атлет Әлібек Балақаев шетелдік жарыстарға жиі шығады. Ол әлемнің бірнеше мемлекетіне визасыз барғанын айтты.
- 2011 жылы Доминикан Республикасындағы жарысқа барған кезде виза жасаған жоқпыз. Тек әуежайда елге кіруге рұқсат беретін мөр (виза) басып берді. Мөр басқаны үшін 10 доллар төледік. Одан кейін Кипрде өткен турнирге барғанымызда да виза алған жоқпыз. Бірақ елді толық аралай алмадық. Кейін білгеніміздей, Кипрдің түріктер тұратын аймағына виза қажет емес екен. Ал Кипрдің грек аймағына виза міндетті түрде болуы керек, - дейді спортшы.
ВИЗАСЫЗ КІРГІЗЕТІН ЕЛДЕР
Алматыдағы «Аssyl-Travel» туристік компаниясының директоры Жұпархан Жүйрікбаеваның айтуынша, Қазақстан азаматтары 20 елге визасыз шыға алады.
- ТМД елдерін қоса алғанда, Таиланд, Малайзия, Түркия, Моңғолияға виза қажет емес. Яғни, Қазақстан азаматтары бұл елдерде үш айға дейін визасыз жүре алады. Бұдан бөлек, Сербия, Македония, Хорватияға да кедергісіз шыға алады. Қытайдың Пекин, Шанхай қаласына бару үшін виза қажет. Ал Хайнань аралына виза керек емес,- дейді ол.
Жұпархан Жүйрікбаева Гонконг қаласына және Эквадор, Шри-Ланка, Уганда, Никарагуа, Оман елдеріне, Сейшель, Мальдив аралдарына бару үшін де құжат жинаудың қажеті жоқ екенін айтты.
- Гонконг, Шри-Ланка, Мальдив аралдарына Қазақстаннан туристер барады. Ал Эквадор, Угандаға визасыз режим болғанымен, ол жаққа барып жатқандар өте аз, - дейді туристік компания директоры.
ВИЗАНЫ ӘУЕЖАЙДА БЕРЕТІН ЕЛДЕР
Биыл Шығыс Азия елдеріне іс-сапармен барған алматылық экономист Манарбек Қажыбаевтың айтуынша, «біраз мемлекеттердің визасын әуежайда реттеуге болады».
- Камбоджа мен Лаостың визасы әуежайда дайындалады. Виза дайындау көп уақыт алмайды. Құжат пен керекті 30 доллар көлемінде төлем жасасаңыз жеткілікті, - дейді ол.
Алматыдағы «Жібек жолы» туристік агенттіктігінің дерегі бойынша, Қазақстан азаматтары Африка мен біраз экзотикалық аралдарға да визаны әуежайда рәсімдейді.
Компания сайтында: «ТМД елдерінің азаматтары Маврикий, Доминикан Республикасы, Замбия, Зимбабве елдеріне бара қалса, виза әуежайда беріледі. Ол үшін шетелге шығатын құжат және қайтар билет пен қонақ үйдегі орны туралы ақпаратты көрсетсе жеткілікті» деп жазылған.
Туристік агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, Антигуа және Барбуда, Барбадос, Непал, Мадагаскардың да визасын әуежайда алуға болады. Бірақ бұл елдердің визасы тек астанасындағы әуежайда беріледі.
Ал Египет, Вьетнам, Бахрейн елдеріне визаны Қазақстандағы елшілікте немесе әуежайдан алуға болады. Оқуға және саяси немесе ресми жиындарға қатысуға барсаңыз, визаны елшіліктен аласыз. Ал турист ретінде қыдырып барсаңыз, әуежайдан аласыз. Ол үшін қайтар жолыңыздың билеті мен қонақ үйдегі орныңыз жайлы ақпарат жеткілікті.
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ТІЗІМІ
Сыртқы істер министрлігінің ресми мәліметіне қарағанда, Қазақстанмен азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы келісімдер жасаған
немесе Қазақстан азаматтарына бір жақты тәртіппен визасыз келуге рұқсат берген шет мемлекеттер мыналар:

№ | Мемлекет |
Дипломаттық паспорт | Қызметтік паспорт | Ұлттық паспорт | Визасыз жүру мерзімі | Келісім күшіне енген кез |
1. | Ресей | визасыз | визасыз | визасыз | мерзімсіз | 2000 |
2. | Беларусь | визасыз | визасыз | визасыз | ||
3. | Қырғызстан | визасыз | визасыз | визасыз | ||
4. | Тәжікстан | визасыз | визасыз | визасыз | ||
5. | Армения | визасыз | визасыз | визасыз | 90 күнге дейін | 28.04.2008 |
6. | Грузия | визасыз | визасыз | визасыз | 90 күнге дейін | 21.06.2007 |
7. | Молдова | визасыз | визасыз | визасыз | 90 күнге дейін | 05.01.2007 |
8. | Өзбекстан | визасыз | визасыз | визасыз | мерзімсіз | 26.06.2003 |
9. | Әзербайжан | визасыз | визасыз | визасыз | мерзімсіз | 23.04.2010 |
10. | Украина | визасыз | визасыз | визасыз | 90 күнге дейін | 27.02.2002 |
11. | Түрікменстан | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 20.02.2002 |
визасыз* | 5 күнге дейін | *(Атырау мен Маңғыстау облыстарының тұрғындары 5 күнге дейін визасыз Балқан уәләятында бола алады) | ||||
12. | Венгрия | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 06.11.1996 |
13. | Словакия | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 17.04.1998 |
14. | Румыния | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 22.08.2001 |
15. | Польша | визасыз | виза | виза | 30 күнге дейін | 31.07.2008 |
16. | Хорватия | визасыз | визасыз | визасыз | 30 күнге дейін | 21.05.2009 |
17. | Эстония | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 24.02.2010 |
18. | Франция | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 01.03.2010 |
19. | Испания | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 31.08.2010 |
20. | Сербия | визасыз | визасыз | визасыз | 30 күнге дейін | 28.05.2011 |
21. | Италия | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 07.05.2010 |
22. | Словения | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 05.06.2010 |
23. | Болгария | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 14.05.2010 |
24. | Германия | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 26.04.2012 |
25. | Дания | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 26.11. 2010 |
26. | Македония | визасыз | визасыз | визасыз | 90 күнге дейін | 10.08.2011 |
27. | Моңғолия | визасыз | визасыз | визасыз | 90 күнге дейін | 02.01.1995 |
28. | Түркия | визасыз | визасыз | визасыз | 30 күнге дейін | 02.04.1992 |
29. | Малайзия* | визасыз | визасыз | визасыз | 1 айға дейін |
*Малайзия азаматтары Қазақстан визасын алуы керек |
30. | Үндістан | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 04.12.1999 |
31. | Иран | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 24.11.1994 |
32. | Қытай | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 01.02.1994 |
33. | Пәкістан | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 29.09.1995 |
34. | Филиппин | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 28.03.2005 |
35. | Сингапур* | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін |
01.11.2003 *Сингапур азаматтары Қазақстан визасын алуы керек |
36. | Египет | визасыз | виза | виза | 30 күнге дейін | 21.05.2008 |
37. | Корея | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 05.12.2008 |
38. | Израиль | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 11.05.2010 |
39. | Вьетнам | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 11.04.2010 |
40. | Біррікен Араб Әмірліктері | визасыз | виза | виза | 90 күнге дейін | 12.04.2011 |
41. | Иордания | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 05.11.2011 |
42. | Куба | визасыз | визасыз | виза | 30 күнге дейін | 10.01.2005 |
43. | Бразилия | визасыз | визасыз | виза | 90 күнге дейін | 08.09.2008 |
44. |
Литва | визасыз | виза | виза |
6 ай мерзімінде 90 күнге дейін | 17.05.2012 |
45. | Хайнань және Таиланд (туристер үшін) | - | - | визасыз | 90 күнге дейін | 01.05.2011 |