Парламентте талқыланып жатқан «Дербес деректер туралы» заң жобасы Қазақстан жұртшылығының екіұдай пікірін туғызды. Ішкі істер және қауіпсіздік құрылымдары заңның тезірек қабылдануына мүдделі. Ал кейбір сарапшылар «Бұл заңның мақсаты – өзгеше ойлайтын жандарды тұқыртып алу» дейді.
«Азаматтық қоғам» қорының сарапшысы Виктор Ковтуновский бұл заң жобасы - халықтың жаппай наразылығына жол бермеу үшін биліктің азаматтарды қадағалауды күшейту жөніндегі кезекті шараларының бірі деген пікір айтты.
«15 ЖЫЛҒА КЕШІКТІК»
«Әділ сөз» атты баспасөзді қорғау ұйымының заң қызметі бөлімінің жетекшісі Ганна Красильникованың пікірінше, бұл заңды баяғыда қабылдау керек болатын. Өйткені қазіргі заңдарда азаматтардың жеке басына қатысты деректерді қорғау мәселелері мүлде қарастырылмаған. Заңгерді осы дербес деректерді қорғау жүйесі мен оларды пайдалану жайы алаңдатады.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис бұл заңның мақсаттары туралы мәселе көтеру қажет деп есептейді.
Оның ойынша, егер заң жобасын құрастырушылар шынымен де азаматтардың жеке басына қатысты деректерді қорғау мақсатын көздесе, бұл заңның қажеттігі дау туғызбауы тиіс.
Алайда Жовтис «Азаматтардың жеке мәліметтері онсыз да бұрыннан бері жиналып келеді. Кейбір құқық қорғау органдары бұл деректермен түрлі мақсатта өзара алмасып отырады. Бұл орынсыз. Сондықтан Қазақстан бұл заңды 15 жылға кешігіп шығарып отыр» дейді.
«ДЕРЕКҚОРДЫ БАЗАРДАН САТЫП АЛУҒА БОЛАДЫ»
- Дербес деректерді ол (құқық қорғау және атқарушы органдар - ред.) нақты бір мақсатта ғана пайдалануы керек болатын. Кейін оларды мүлде басқа мақсатта пайдалана бастады. Азаматтар туралы деректер қорының қолдан қолға өтіп жүргені жасырын емес. Олардың кейбіреуін тіпті базардан сатып алуға болады. Бұл дерекқорды құқық қорғау және қауіпсіздік құрылымдары жинаған. Бірақ неліктен екені белгісіз - олар саудаға шығып кетті. Яғни, бұл деректер орынсыз пайдаланылып жатыр, - дейді құқық қорғаушы.
Евгений Жовтистің пікірінше, бұл заң жобасы дербес деректерді қорғауға емес, оларды жинап, өңдеу үшін қабылданғалы жатыр.
«ЗАҢ ҚАБЫЛДАЙТЫН УАҚЫТ ЕМЕС»
Профессор, заң ғылымдарының докторы, Дінмұхамед Қонаев атындағы университеттің конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі Қабылсамих Айтхожин да Қазақстанда бұл заңды қабылдау қажет деген пікір айтты. Оның ойынша, бұл халықаралық стандарттар мен әлемнің көп елдерінің қазіргі заманғы құқықтық практикасына сәйкес келеді.
Оның сөзіне қарағанда, соңғы он жыл көлемінде азаматтарының жеке бас деректерін қорғау құқығы көптеген шетелдердің негізгі заңдарына енгізіле бастаған.
Профессор Айтхожин бұл заңды «қоғамда наразы көңіл-күй қалыптасып, әлеуметтік жіктелу тереңдеп, құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік туып отырған жағдайда» қабылдаудың мәні жоқ екенін айтады.
Оның пікірінше, «Дербес деректер туралы» заңды қабылдау егер Қазақстанда парламенттік-президенттік басқару формасы орнаса ғана орынды болады.
«Үкімет мына ұсынып отырған заң жобасын кері қайтарып алуы тиіс» деген профессор «Өйткені қазір елде билік пен қоғам арасында диалог жоқ» дейді. Аталмыш заң жобасы мамырдың 15-і күні парламенттің төменгі палатасы - мәжіліске таныстырылды. «Дербес деректер туралы» заңның қабылдануына Қазақстанның барлық құқық қорғау органдары мүдделі екені байқалды.
Қазақстан конституциясының 18-бабы әр азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік береді. Заң жобасын ұсынушылар «Заң дәл осы мақсатты көздейді» деген уәж айтқан.
10 жыл бұрын Қазақстанда осы тұрғыдағы заң қабылданбақ болған. Бірақ қоғамда теріс пікір қалыптасуы себепті ол заң қабылданбай қалды. Қазір заң жобасы қайта күн тәртібіне қойылып, тағы да жұртшылықтың екіұдай пікірін тудырып отыр.
«Дербес деректер туралы» заң жобасы туралы тақырып талқыланған дөңгелек үстелдің толық аудионұсқасын мына арадан тыңдауға болады:

Қоғамда наразы көңіл-күй қалыптасып, әлеуметтік жіктелу тереңдеп, құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік туып отырған жағдайда бұл заңды қабылдаудың мәні жоқ.
Оның пікірінше, «Дербес деректер туралы» заңды қабылдау егер Қазақстанда парламенттік-президенттік басқару формасы орнаса ғана орынды болады.
«Үкімет мына ұсынып отырған заң жобасын кері қайтарып алуы тиіс» деген профессор «Өйткені қазір елде билік пен қоғам арасында диалог жоқ» дейді. Аталмыш заң жобасы мамырдың 15-і күні парламенттің төменгі палатасы - мәжіліске таныстырылды. «Дербес деректер туралы» заңның қабылдануына Қазақстанның барлық құқық қорғау органдары мүдделі екені байқалды.
Қазақстан конституциясының 18-бабы әр азаматтың жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройының қорғалуына кепілдік береді. Заң жобасын ұсынушылар «Заң дәл осы мақсатты көздейді» деген уәж айтқан.
10 жыл бұрын Қазақстанда осы тұрғыдағы заң қабылданбақ болған. Бірақ қоғамда теріс пікір қалыптасуы себепті ол заң қабылданбай қалды. Қазір заң жобасы қайта күн тәртібіне қойылып, тағы да жұртшылықтың екіұдай пікірін тудырып отыр.
«Дербес деректер туралы» заң жобасы туралы тақырып талқыланған дөңгелек үстелдің толық аудионұсқасын мына арадан тыңдауға болады:
Your browser doesn’t support HTML5