Шығыс Қазақстан мен Шыңжаңның Алтай өңірінде туған қарсылық әндер көбіне патшалы Ресей мен гоминьдан езгісіне қарсы көңіл-күйді сипаттап, қазақ тарихының трагедиялық кезеңінен хабар береді.
Арқа мен шығыс ән мектебінің дәстүрін қатар ұстанған дәстүрлі ән өнері иелерінің бірі – Тәуке. Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романында аты аталатын Тәуке батырдың артында Аманғали мен Сары секілді бір ғана әні қалған екен. «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жинағына Қайрат Байбосыновтың орындауында «Тәукенің әні»
деген атпен енген бұл туынды туралы Ілия Жақанов «Тәукенің қатпары мен қалтарысы көп өкінішпен өткен өмірінің ашылар құпиясы әлі алда. Бұл бір ғана әннің әңгімесі. Ол өзі Мәдидің «Үшқарасы», Иманжүсіптің «Бұғылы-тағылысы», Аманғали мен Сарының әндері сияқты ұзақ жыр» деп жазады.
«МЕН АЛҒАНДА КІМДІ АЛДЫМ, ЖУАНДЫ АЛДЫМ»
1873 – 1927 жылдар аралығында өмір сүрген Тәукенің әні бірде «Ақдари», тағы бірде әншінің өзі атымен аталып, айтылып жүр.
– Қарқаралы - бір сотым, бірі - Семей,
Өскеменде тергелдім ішпей-жемей.
Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім,
Бір көруге зар болдым қайтым келмей, - деп келетін әннің тұтас мазмұнында әншінің қуғындағы тағдыры бейнеленген.
Ұя қазып, жер қазып қылдым қоныс,
Қуа берді артымнан қазақ-орыс.
Ол орыстан құтылып кеткенімде,
Қамап алды бір түнде би мен болыс.
Мен алғанда кімді алдым, жуанды алдым.
Жер бетіне сөйттім де сия алмадым.
Ұстатпастан талқандап кетер едім,
Мұсатайды атуға қия алмадым, - деп келетін жыр жолдары әншінің өткен өмірінен бір деректі аңғартады.
«ТАҒДЫРДЫҢ ТАЛҚЫСЫНАН КЕЗІП ЖҮРМІН»
– Бастаушы әділ болмаса,
Бүтіндік болмас халқыңда.
Қола жиып, мыс құйып,
Саудалайды алтынға
Бек ұғарлық,
Түбі зарлық,
Жұмыстар бар артында, - дер жырлаған Уәйіс Шондыбайұлының есімі Тәукемен қатар аталады.
Уәйіс туып өскен өңір Қарқаралымен шектесіп жатқандықтан көбіне-көп Арқа әншісі ретінде аталып келеді. Алайда Уәйіс Абай мектебінен өткендіктен оны Шығыс дәстүріндегі әншіге жатқызуға да болады.
Өзі айтқандай Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңірінде өмір сүрген әнші Әуезовтің «Абай жолы» романында ақын шәкірттерінің бірегейі ретінде суреттеледі. Өз жерінде ел жуандарының тепкісін көрген бозбала 13 жасында Абайдың шақыртуымен Шыңғыстауға кетеді. Музыка зерттеушісі Сағатбек Медеубеков «Өлеңді тақпақтап айту кейін пайда болған нәрсе ғой. Әйтпесе байырғы қазақтың барлығы өзі шығарған өлеңдерін әуенмен айтқан. Бірақ көбісінің әуені ұмытылып, тек мәтіндері сақталған» дейді.
Уәйіс Шондыбайұлының ел ішінде әуені сақталған үш әні бар. Соның бірі –
– Басында Шұбартаудың боз бетеге,
Бақанас, Байқошқарға жер жете ме?
Тағдырдың талқысынан кезіп жүрмін,
Әйтпесе туған жерден ер кете ме, – деп басталатын «Бозқараған» әні.
«ҚАЛДЫҢ КЕЙІН, ҚАЙРАН ЕЛ»
«Қазақтың дәстүрлі 100 әні жинағына» әнші Ерлан Рысқалидың орындауында енген:
– Ахау , Алқа бел,
Қайран Алтай, Марқакөл.
Қалдың кейін, қайран ел, - деп қайырмасында қайталанып отыратын зарлы әннің авторы – Құмарбек Көпенұлы.
Жиырмаға жетпей жаланың құрбаны болып, Өскемен түрмесінен қайтып оралмаған әншінің тағдыры туралы «Үзілген ән» кітабында Илия Жақанов мынандай дерек келтіреді:
«Орыстың бір жер өлшегіші оқыс өліп қалады. Оны еш қатысы жоқ елдің ерке серісі Құмарбектен көреді. Тергемейді. Басқа ешкімнен сұрамайды да. Пристав алып кетеді де, Өскемен түрсмесіне жабады. Қыршын Құмарбек сол кеткеннен қайтпайды. Қазақтың бір әншісін орыстар осылай жоқ етті».
Зерттеуші «Құмарбектің сонда, түрмеде шығарған әні» деп мына жолдарды келтіреді:
- Біздің ел қара Ертісті қыстайтұғын,
Шағимен түлкі тымақ тыстайтұғын.
Екі орыс, мен неғылдым, сен неғылдың,
Он сегіз, он тоғызда ұстайтұғын.
Алайда әнші Ерлан Рысқали аталған жинақта әннің соңғы екі тармағын басқа нұсқаға сай өзгертіп:
– Елімнің ен байлығы малдан басқа,
Құс салып, қасқыр түлкі ұстайтұғын, - деп орындапты.
Ерлан Рысқали бұл тармақты Құмарбектің баласынан үйренгенін айтты.
ШЕКАРА СЫРТЫНДАҒЫ ӘНДЕР
Қазақ даласының шығысы Алтай арқылы созылып барып Қытай асып кететіні белгілі. Бірақ ежелден Алтайды мекен еткен қазақтың дәстүрлі әні үзілмеген. Оған Алтайдың арғы бетінен бүгінге жеткен «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Ой Ғайша», «Сұлубайдың әні» секілді туындылар дәлел.
Алтайдың арғы беті оның ішінде Қытай қазақтарының арасында айтылатын қарсылық жырларын атағанда алдымен Бүркітбайдың «Ой, Ғайша» әні тілге оралады.
– Батыр болып атандым мен Бүркітбай,
Ойладым ба болам деп дәл осындай, ой, Ғайша,
Ел-жұртымнан айрылып кетіп барам,
Қара тұман ашылып, күн бір шықпай, ой, Ғайша-ай, - деп зарлы әуенмен басталатын бұл ән бір жағы «жорық» жыры іспетті болса, екінші жағынан «қоштасу» әні.
Бүркітбай туралы деректерде оның 1904 жылы Алтай аймағына қарасты Көктоғай ауданында туылғаны айтылады.
Шыңжаңды билеген Шэн Шицай (1933-1944) мен гоминьдан әскерінің қатыгездігі Алтайдың арғы бетіндегі қазақтардың көтерілуіне түрткі болғаны белгілі.
Менің атым Бүркітбай,
Сабаға құйған іркітті-ай.
Жайын жатқан елімді,
Құйыршық келіп үркітті-ай, - деп келетін «Ой, Ғайша» әні осы кезеңдегі елдің ішкі қарсылығын әнмен жеткізген көрінісі болды.
Әншінің осы әнінде айтылатын:
– Бағилашым артымда қалды бір қыз,
Енді менен аяулым, күдеріңді үз, - деп келетін жолдар 1928 жылы ГПУ-дің қолынан мерт болған Аманғалидың «Артымда қалып барады бес-ай сәби» немесе «Біздерге бұл дүниеде бала қайда, қиямет қосылармыз мақшарыңда» деп келетін жыр жолдарымен үндес.
Бірі Алтайдың арғы бетінде, екіншісі Атыраудың құмында өмір кешкен қос әншінің ішкі зары мен тағдыры ұқсас.
«АЛЫП БЕРЕР КЕГІМДІ ЕРІМ ҚАЛДЫ»
– Мен өлсем де артымда елім қалды,
Асқар Алтай, айдын көл, жерім қалды,
Өкінбеймін өлсем де елім үшін,
Алып берер кегімді ерім қалды, - деп қайғысы мен жұбанышы аралас ән қалдырған Бүркітбай батыр қапияда қолға түсіп, ату жазасына кесілген.
Бүркітбайдың әнімен деңгейлес, тағдырлас, мазмұндас болып келетін тағы бір ән – Сұлубайдың әні.
– Астымда алқоңырым желмедің ғой,
Құдайым сұрағанды бермедің ғой.
Талпынып қанша қанат қаққанменен,
Қысқа жіп күрмеуіме келмедің ғой.
Секпілтай, Шаңқан, Тұрғын-ай,
Есен бол ел-жұрт, құрбым-ай, - деп келетін әннің өн бойынан өксікті өкініш лебі есіп тұрады.
Сұлубайдың Бүркітбайдан он жас кішілігі бар.
– Қолға түсіп қор болдым,
Отыз жеті жасымда-ай, - дейді Бүркітбай өзінің «Ой, Ғайша» әнінде. Ал отызға жетер-жетпес жасында жау оғынан мерт болаған Сұлубай сол сәттегі өзінің күйін:
- Түнде құмда жатушы ем,
Жауды көрсем атушы ем.
Жолдас мықты болғанда,
Аман-есен қайтушы ем, - деп суреттейді.
Арқа мен шығыс ән мектебінің дәстүрін қатар ұстанған дәстүрлі ән өнері иелерінің бірі – Тәуке. Ілияс Жансүгіровтің «Жолдастар» романында аты аталатын Тәуке батырдың артында Аманғали мен Сары секілді бір ғана әні қалған екен. «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» жинағына Қайрат Байбосыновтың орындауында «Тәукенің әні»
«МЕН АЛҒАНДА КІМДІ АЛДЫМ, ЖУАНДЫ АЛДЫМ»
1873 – 1927 жылдар аралығында өмір сүрген Тәукенің әні бірде «Ақдари», тағы бірде әншінің өзі атымен аталып, айтылып жүр.
– Қарқаралы - бір сотым, бірі - Семей,
Өскеменде тергелдім ішпей-жемей.
Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім,
Бір көруге зар болдым қайтым келмей, - деп келетін әннің тұтас мазмұнында әншінің қуғындағы тағдыры бейнеленген.
Ұя қазып, жер қазып қылдым қоныс,
Қуа берді артымнан қазақ-орыс.
Ол орыстан құтылып кеткенімде,
Қамап алды бір түнде би мен болыс.
Мен алғанда кімді алдым, жуанды алдым.
Жер бетіне сөйттім де сия алмадым.
Ұстатпастан талқандап кетер едім,
Мұсатайды атуға қия алмадым, - деп келетін жыр жолдары әншінің өткен өмірінен бір деректі аңғартады.
Your browser doesn’t support HTML5