Үшемнің дүниеге келгеніне алты ай толды. Оқырмандар көп балалы отбасына қаржы, киім-кешек және азық-түлік жіберіп жатыр. Алайда Әзімовтер отбасы бұрынғыша баспанаға мұқтаж.
«Дүниеге үшем келді» деген ақпарат баспасөз арқылы хабарланғаннан кейін ерлі-зайыпты Қайрат Әзімов пен Збира Шербаеваның тұрмысы біраз түзелді.
ОҚЫРМАНДАР КӨМЕГІ
Үшемнің есімдері - Перизат, Асылзат және Пәкизат. «Азаттық оқырмандарының көмегі арқасында жас отбасының жағдайы біршама түзелді» деген олардың әпкесі Бақыт Әзімова қол ұшын созған жанның бәріне алғыс айтты.
- Қайырбек есімді маңғыстаулық жігіт - 25 мың теңге, Қарағандыдан бір жігіт - 15 мың теңге, атыраулық бір жігіт бірнеше мың теңге аударды. Қарағандыда тұратын Әсем деген бойжеткен үйге келіп, 40 мың теңге ақша, ойыншықтар, памперс бумасын, сүт беріп кетті. Кейін әлгі бойжеткен қой алып келіпті. Көмектескен жандар көп. Алғысымыз шексіз!
Бақыттың айтуынша, Ильмира атты бойжеткен де балалардың киім-кешегін сатып алуға көмектескен. Құрбан айт кезінде үшемге атап, қой алып келгендер де болыпты.
- Құрбан айт мерекесі кезінде теміртаулық бір әйел, есімін білмеймін, тұтас бір қойдың етін, шетелдің сапалы киімдерін, ойыншықтар мен памперстер алып келді. Қаланың басқа тұрғындары да киім-кешекпен қарайласты, - дейді үшемнің туған әпкесі Бақыт Әзімова.
БҰРЫНҒЫСЫНША АҚША ЖЕТПЕЙДІ
Бақыт Әзімованың айтуынша, осыдан төрт ай бұрын Қайратқа жұмыс ұсынып, үшемнің әкесі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты мердігер ұйымға жұмысшы болып орналасыпты. Айына 70 мың теңге шамасында жалақы алады.
Қайрат Әзімов «Ақшаны көбінесе тамаққа жұмсаймыз. Киім-кешек пен жиһаз сатып алуға жетпейді» дейді. Әзімовтердің 30 мың теңгеге жалдап тұрып жатқан пәтерінде теледидар, ескі шифоньер тұр, еденге кілем төселген, ас үйдің біраз жабдықтары бар. Тоңазытқыш пен кір жуатын машина сатып алуға әзірше мүмкіндік жоқ.
- Омырау сүті үшеуіне бірдей жетпейді. Қосымша түрлі езбе береміз. Олар да қымбат. Памперстің соңғы бумасы қалды. Күйеуімнің жалақысын күтіп отырмыз. Бірақ алған бетте одан да түк қалмайды, - дейді үшемнің анасы Збира Шербаева.
Желтоқсанның 6-сы күні Перизат, Асылзат және Пакизаттың туғанына алты ай толды. Үшем туған бетте ұзақ уақыт жан сақтау бөлімінде жатты. Қазір үш сәби мен жас ананың денсаулығы жақсы. Үшемнің әпкесі:
- Апта сайын емханадан медбике келіп, балаларды қарап кетеді. Қыздарды қосымша тамақтандыру үшін ай сайын 12 қорап балалар сүтін тегін береді. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің денсаулығы жақсы. Тиісті екпелерді жасаттық. Үшемнің анасының да денсаулығы жақсы, рас, қатты шаршайды. Бірақ шамам келгенше мен көмектесемін, - дейді.
БІР ПӘТЕРДЕ ЖЕТІ АДАМ
Көп балалы бұл отбасы бұрын жылуы жоқ жалдамалы пәтерде туған-туыстарымен бірге тұратын. Қайырымды жандардың көмегінен кейін және отағасы жұмысқа орналасқан соң балалар емханасына жақын маңнан жылу тартылған екі бөлмелі шағын пәтерді жалға алыпты.
Қазір ерлі-зайыптылар жалдамалы пәтерде төрт баласымен, әжелерімен - жеті адам тұрып жатыр. Бастапқыда олармен бірге тұрған үшемнің әпкесі қазір күйеуі, ұлы үшеуі жеке тұрады. Сондықтан кейбір заттарды бөлуге тура келіпті. Алты айлық үшем бесікте ұйықтайды. Әжелері, ата-анасы, төрт жасар әпкелері еденде жатады.
- Мына пәтерге көшіп келгенімізде тарақан өріп жүрген. Оларды у шашып құрттық. Бұл пәтер жылырақ, бірақ бірінші қабат болғандықтан бөлмелер сыз. Бөлмелердің бірі жақсы жылиды, екіншісі салқындау. Жылытқыш сатып алдық. Біреудің босағасын жағалап, пәтер жалдағаннан гөрі, өз баспанаң болғанға не жетсін. Қожайын кез-келген сәтте шығарып жіберуі мүмкін. Пәтерге ай сайын 30 мың теңге төлейміз, - дейді Збира Шербаева.
Үшемнің дүниеге келуі - Теміртау қаласында сирек болатын құбылыс. Өзбекстаннан қоныс аударған оралмандар отбасына журналистердің назар аударуының бір себебі олардың ауыр тұрмысы болатын. Үшемнің анасының айтуынша, тұрмыс тауқыметінен қатты қиналатынын білген ол алғашында түсік жасатпақ болыпты, алайда туыстары райынан қайтарған.
БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ - 955-ШІ
Үшемнің әкесі Қайрат Әзімов Қазақстан азаматтығын алуға тырысып жүр. Балалардың әке-шешесі мен төрт қыздың үлкені Ақнұр қалада тіркелген. Осыдан жарты жыл бұрын дүниеге келген үшем әзірше еш жерде тіркелмеді. Отбасы қазір бала күтіміне арналған жәрдемақы ғана алады. Әзімовтер бұл ақшаның пәтерақыға кетіп жатқанын айтты.
- Шенеуніктер «отағасы азаматтық алуы тиіс» деді. Көшіп келген кезде «егер азаматтық алсаңдар, квота берілмейді» деген. Біз оралман болып есептелеміз. Қолымызда Қазақстанда тұруға рұқсат беретін ықтияр хат қана бар. Енді азаматтық керек дейді. Баспана кезегіне тұрдық. Әкімдікке бірнеше мәрте бардық, президентке де хат жаздық - нәтиже жоқ. Ол жақтағылардан «Сіздердің баспана мәселесіне қатысты хаттарыңыз қалалық әкімдікке жіберілді» деген жауап келді. Әкімдікке барып едік, әкімнің қабылдауына кіргізбеді. «Әкімнің қолы бос емес, хатты қарайтын уақыты жоқ, келе бермеңдер, өзіміз хабарласамыз» деді. Теміртау басшылығынан әлі жауап жоқ, - дейді үшемнің әпкесі Бақыт Әзімова.
Азаттық тілшісіне Теміртау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі Әзімовтер отбасының пәтер кезегіне қойылғанын айтты.
- Олар баспананы кезегі келгенде алады. Егер кезектері 2014 жылға қарай келсе, алады, келмесе, алмайды - жағдай солай. Қазір бұл отбасы кезекте 955-ші болып тұр. 2012 жылдың 1 желтоқсанынан есептегенде, баспана кезегінде барлығы 959 адам тұр, - дейді мекеменің бас маманы Сәулеш Тоғамбекова.
Көпбалалы, баспанасыз оралмандар отбасының қазіргі тіршілігін көрсететін қысқа видеоны мына жерден көре аласыз:
Әзімовтер отбасы көмек қолын созған жандарға алғысын білдіріп, қайырымдылық көмекке әлі де зәру екенін айтты.
Азаттық Қайрат Әзімовтің рұқсаты бойынша оның байланыс телефонын жариялап отыр: 8 778 398 79 79. Үшемнің ата-анасы кез-келген көмекке риза болмақ.

Your browser doesn’t support HTML5