Түрмеде жатқан «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевпен кездескен құқық қорғаушы оның денсаулығына қауіп төніп тұрғанын айтады.
«Аман-саулық» қорының президенті Бақыт Түменова «Адам құқықтары үшін хартиясы» қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен бірге сәуір айының басында Қарағанды облысы Долинка кентінде жазасын өтеп жатқан сотталушы, «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті көріп қайтқанын хабарлады.
Олар 2010 жылы «қаржыны ысырап қылды және пара алды» деген айыппен, 2012 жылы «ірі көлемдегі алаяқтық жасады және өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлкін иемденіп, шығын етті» деген айыппен сотталып, жиыны 14 жылға түрмеге кесілген Жәкішевтің қамаудағы құқықтарын тексерген. Қазақстанның әлемдік ең ірі уран өндірушіге айналғанына куә болған «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Жергілікті бірнеше адам құқықтарын қорғау ұйымдары оны «саяси тұтқын» деп таниды.
Соңғы екі жыл ішінде Жәкішевтің туыстары мен адвокаттары оның денсаулығының нашарлағаны, жақындарымен кездесу құқығы шектеліп отырғаны туралы дабыл қағып келеді. Сол шағымдар айтыла бастағалы бері құқық қорғаушылар онымен бірінші мәрте кездесіп отыр. Бұл сапары жайлы
Азаттыққа сұхбат берген азаматтық белсенді Бақыт Түменова Мұхтар Жәкішевке қатысты мекеме қызметкерлері әрекеттерін, медициналық көмек көрсету жайын да бақылағанын айтты.
Азаттық: – Мұхтар Жәкішев биыл ақпанда Алматы маңындағы Заречный түрмесінен Қарағандыдағы Долинкаға ауыстырылғаннан кейін оның «соққыға жығылғаны» туралы ақпарат пайда болды. Бірақ ресми орындар оны жоққа шығарды. Бұл туралы Жәкішевтің өзі не айтады?
Бақыт Түменова: – Мұхтар Еркінұлының (Жәкішевтің – ред.) айтуынша, Алматыдан Қарағандыға этаппен келген кезде солдаттардың біреуі арқасынан теуіп жіберген кезде сүрінген. Бірақ кім тепкенін көре алмаған. Кейін интернетте шу басталып, облыстық департамент мамандары келіп тексергенге ұқсайды. Мұхтар Еркінұлының өзі оларды танып отыр. Оның түрме әкімшілігіне ешқандай шағымы жоқ. Көзінен байқап тұрмын ғой, ол өтірік айтпайды. Жалпы көңіл-күйі жақсы. Онымен бірінші рет көзбе-көз кездестім. Маған ұнады, өте ұстамды екен.
Азаттық: – Бұған дейін туыстары Жәкішевтің қан қысымы жоғары екенін айтып, денсаулығына қатты алаңдаған еді. Сіздің әуелгі мамандығыңыз – дәрігер. Маман ретінде ол кісінің денсаулығын қалай бағалайсыз?
Бақыт Түменова: – Жәкішевтің қан қысымы жоғары екені рас. 150/90 деген – бұл қалыпты норма емес, жоғары. Бірақ екі көрсеткіш арасында айырмашылық үлкен болғандықтан дәрігер ретінде бұл жақсы деп есептеймін. Қан қысымы жоғары болғандықтан құлағындағы шу да үнемі мазалайды екен. Қан қысымы
264/156-ге көтерілген кездер болыпты. Бірақ бұл тергеу мен сот процестері кезінде болған.
Өзінің айтуынша, ол гипертониямен ұзақ уақыттан бері ауырады. Соның салдарынан кей кезде көзі көрмей, құлағы шулап, тілі күрмеледі екен. Негізі сотталғанға дейін, яғни 2008-2009 жылдары қан қысымы көтеріле берген соң Германияға барып қаралған. Талып қалуы да сол кездерде басталған. Әуелі басында ісік бар ма деп ойлаған. Бірақ, құдайға шүкір, бұл күдігі расталмапты. Дәрігерлер оған «транзиторлы ишемия шабуылдарымен келетін үшінші дәрежедегі екінші гипертония» («вторичная артериальная гипертония 3 стадии с приступами транзиторной ишемической атаки») деген диагноз қойған. Ишемия мидың бір бөлігіне қан жетпей, қан айналысының бұзылуы кезінде пайда болады. Жәкішевте тергеу мен сот процестері кезінде ишемия жиі болыпты. Оның айтуынша, бұл аяқ астынан пайда болады, тек ес жиған кезде ғана өзінің талып қалғанын біліп, айналадағы адамдардың жүгіріп жүргенін көреді екен. Қарағандыға келгелі бері мұндай жағдай бір рет болған. Онда да дәрігерлер жоқ кезде болған.
Азаттық: – Мұндай кездерде дәрігерлер көмек бере ме екен?
Бақыт Түменова: – Кездесу кезінде ол бұған қатысты ешқандай шағым айтпады. Үнемі арнайы терапияда болады екен. Медициналық бақылау да, қажетті дәрілері де бар. Мен түрмедегі дәрігерімен сөйлесіп, медициналық картасын көрдім. Бірақ онда «гипертонияның екінші, үшінші түрі» деп көрсетілген. Ал менің пікірімше, оныкі – үшінші кезең, яғни асқынған түрі. Себебі қан қысымы үнемі жоғары. Ал бұл үшінші кезеңнен хабар береді.
Азаттық: – Бұл аурудан Жәкішевтің өміріне төніп тұрған қауіп бар ма?
Бақыт Түменова: – Қан қысымы – ала салатындай табанға кірген тікен емес. Отырған жерінде оның денсаулығы жақсармайды. Әйтеуір нашарламаса
болғаны. Жаман айтпай жақсы жоқ, бірақ мұндай аурулардың түбі немен аяқталатынын бәрі біледі. Қан қысымына шалдыққан кез-келген науқасқа қауіп төнеді. Мұндай науқас адам үнемі дәрігердің бақылауында жүріп, ұйқысы тыныш болуы керек. Физикалық және психикалық-эмоционалдық салмақ түспеуі керек. Бірақ Мұхтар Жәкішев ойдың адамы ғой. Отбасына алаңдайды. Мұның бәрі қан қысымына теріс әсер етеді. Бұған қоса бүйрегін де емдеуі керек. Суық тигізбеуі керек. Жалпы оны Қарағандыға ауыстырғаны дұрыс болмады. Алматыға қайтарса, жақсы болар еді.
Азаттық: – Кездесулеріңіз қанша уақытқа созылды?
Бақыт Түменова: – Толық бір сағаттай отырдық. Бізбен бірге Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, колония бастығы мен дәрігер де болды. Мен Мұхтар Еркінұлына сотталушылардың да, еркіндікте жүрген адамдардың да медициналық көмек алуға бірдей құқығы бар екенін айттым. Қажет болған жағдайда көмекке дайын екенімді айттым. Департамент бастығына да пациенттің құқықтары, дәрігерлердің құқықтары мен міндеттері туралы материал тапсырып қайттық.
Азаттық: – 2013 жылғы күзде Мұхтар Жәкішевтің өзіне қатысты өткен сот процесі кезінде құқығының бұзылғаны туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіргені хабарланды. Жәкішев сізбен кездесуде осы шағымына қатысты айтты ма? Жауап алған ба екен?
Бақыт Түменова: – Біз ондай сұрақ қоймадық, өзі де ештеме айтпады. Тек оның денсаулығы мен сотталушы ретінде құқықтарының сақталуына қатысты сұрақтар қойдық. Кездесу мақсаты да сол болатын.
Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет!