Қазақстан туризмнен жылына 10 миллиард доллар пайда таппақ. Өткен аптада бекітілген туризмді дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында осы мақсат қойылған. Туристер мен сарапшылар оның орындалатынына сенбейді.
Facebook әлеуметтік желісінде Azamat Ashimov деген қолданушының Қазақстанның Бурабайы мен Түркияның Алания курортында демалу құнын салыстырған жазбасы қызу талас тудырды.
Автор келтірген ақпаратқа қарағанда, жолдама құнына трансфер (күтіп алу- шығарып салу) қызметі кірмейтін, таңғы ас қана беретін қазақстандық қонақүйде 10 күн демалу түркиялық қонақүйдегі «бәрі есептелген» демалыстан шамамен бір жарым есе қымбат.
Алматылық тұрғын Әсел Сандыбатова - әлеуметтік желідегі жазбаны көрген, әрі ақшасының есебін жақсы білетіндердің бірі. Алматы қаласындағы мектептердің бірінде хатшы болып істейтін бойжеткен жазғы демалысын Түркияда өткізбек.
- Бурабайдың жолдама бағасын көргенде қайран қалдым. 10 күндік жолдама 350 мың теңге екен. Жолдама құнына тамақтан таңғы ас қана кірген. Жол шығынын өзің көтересің. Ал ойын-сауыққа қосымша ақша төлеуге тиіссің, - дейді Әсел Сандыбатова Азаттық тілшісіне.
Facebook қолданушы Azamat Ashimov-тің фотоколлажы:
БЕС ТУРИСТІК КЛАСТЕР
Табысы орташа қазақстандықтар әзірше шетелде демалғанды жөн көреді. Ал ел үкіметі ішкі туризмді дамытуды ғана емес, Қазақстанға шетелден туристерді тарту жоспарын да мәлімдеді. Үкімет туристік саланы 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын жариялады.
Тұжырымдама жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ) туризмнің үлесін 3 пайызға дейін, туризм саласынан түсетін кірісті 10 миллиард 200 миллион долларға дейін, ал елге келетін туристер санын 8 миллион 500 мың адамға дейін жеткізу сияқты ірі міндеттер қойып отыр.
Тұжырымдаманы таныстырған индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев елдегі демалыстың қымбатқа түсетіні туралы Facebook желісіндегі постқа комментарий беруін сұраған журналистерге «бағадағы алшақтықты оңай түсіндіруге болады» деп жауап берді.
Шенеуніктің пікірінше, Бурабай курортының орташа жылдық жүктемесі 24 пайыз, сондықтан Қазақстанда туризмді жыл бойы жұмыс істейтін салаға айналдыру керек.
- Сол кезде жазғы үш айдың кірісі бүкіл кезеңге бөлінеді. Қазір инфрақұрылым мемлекет есебінен салынады. Бұрын бұл проблемаларды туристердің мойнына артатын. Бұл бағдарлама 2020 жылға дейін жүргізіледі, оны бір жылдың ішінде атқара алмаймыз, - дейді Нұрлан Сауранбаев.
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тұжырымдамасында бес туристік кластер құру қарастырылған. Концепцияға сәйкес, Астана - туризм орталығына (Бурабай, Щучье-Бурабай курорт аймағы), Алматы - іскерлік және халықаралық туризм орталығына («Көкжайлау» тау шаңғысы курорты жобасы) айналады. Шығыс Қазақстан экологиялық туризмді дамыту орталығы («Бұқтырма», «Катонқарағай» жобалары қарастырылған) болады. Оңтүстік Қазақстанды - мәдени туризм, ал Батыс Қазақстанды - мәдени және жағажай туризміне («Кендірлі» жобасы) айналдыру көзделген.
ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ЖӘНЕ ҚАМЫС
Алматыдағы туристік компания өкілдері үкімет концепциясының іске асып, Қазақстанға шетелдік туристердің ағылатынына сенбейтіндерін айтты. «Ай Трэвэл» туристік агенттігінің директоры Ғалия Ізбастова Азаттық тілшісіне:
- Біз көшпелі туризммен айналысамыз. Шетелде біздің туристерді қуана қарсы алады. Қазақстандық қонақүйлермен салыстырғанда, оларда баға да арзан, инфрақұрылымы да жақсы. Қазақстан қонақүйлерінде баға тым қымбат, ал өркениеттің ізі де жоқ, - дейді.
Ғалия Ізбастова «Қазақстандағы Шарын шатқалында тіпті жөні түзу әжетхана, қарапайым душ, кемпинг жоқ. Шетелдік туристерді апарған кезде қатты ұяламыз» дейді.
Туристік агенттік директорының айтуынша, шетелдіктер Шымбұлақ, Медеу, Көкжайлауды жақсы біледі. Бірақ олардың бағасы қымбат. Медеуден Шымбұлаққа дейін аспалы жолмен көтерілу бағасы - 3 мың теңге. Көлсай мен Түрген сарқырамасындағы инфрақұрылым да нашар.
- Қонақүйдің бағасы қымбат болған соң шетелдіктер жергілікті тұрғындардың үйінде тұрады. Көлік жүргізушісі мен аспаздың ақысын бөлек төлейсің. Қыруар ақша кетеді, біз тиын-тебен табамыз. Бұл шаруаны кім, қашан қолға алады - ол белгісіз, - дейді Ғалия Ізбастова.
Алматы қаласындағы қазақ спорт және туризм академиясының бұрынғы оқытушысы Сәден Амантаев: «Қазақстанда инфрақұрылым жақсарып, жолдар жөнделіп, жаңа қонақүйлер салынып жатыр. Бірақ шетелдіктерді тым қымбат баға үркітеді» деп есептейді.
- Бұл жағынан алғанда Өзбекстан мен Қырғызстаннан көп ұтыламыз. Мемлекет нарықта сатушы бола алмайды. Ол туристік бизнесті дамытудан түскен пайдадан пайызын алып отыратын акционер ғана болуы тиіс. Қазақстанда транспорт, қонақүй, мейрамхана қызметтері тым қымбат. Авиабилет қымбат, бұл саланы мемлекет дұрыс бақыламайды, - дейді Сәден Амантаев Азаттық тілшісіне.
Сәден Амантаевтың айтуынша, Қазақстанда кешенді болжау, кәсіби гидтер жоқ, туристерге білікті қызмет көрсетілмейді. Мұның бәрі елдің беделін түсіреді. Қызмет түрлерінің жұтаңдығы мен курорт қонақүйлеріндегі қымбат баға Қазақстанға келетін туристерді үркітеді.
Қазір Қазақстанда Бурабай, Сарыағаш, Алакөл сияқты танымал 15 демалыс аймағы бар. Қазақстанның оңтүстігіндегі сумен емдейтін әйгілі «Сарыағаш» шипажайында демалу тәулігіне 7-15 мың теңге тұрады. Алматы маңындағы «Алтын Қарғалы» санаторий-қонақүйінде баға - тәулігіне 15-32 мың теңге.