Анатолий Романовты қалалық әкімдік алдында наразылық акциясын өткізген соң жүйке аурулары ауруханасына күштеп алып кеткен. Ол құқыққорғау және үкіметтік емес ұйымдардың араласуы арқасында бірнеше күннен кейін ғана ауруханадан бостандыққа шықты.
Анатолий Романов жүйке аурулары ауруханасында 3 күн болыпты. Дәрігерлер бригадасы 18 наурыз күні түнде полициямен келіп, оны алып кеткен екен.
Құқыққорғаушылар мен оппозициялық саяси партиялардың араласуынан кейін ғана 20 наурыз күні Анатолий Романов ауруханадан шығарылды.
Анатолий Романовтың айтуынша, оны қоғамға қауіп төндіреді делінетін науқастар жататын төртінші бақылау палатасына орналастырыпты.
- Барлығы 18 наурыз күні кешкұрым басталды, өзім тұратын «Шаңырақ» жатақханасында телефонмен сөйлесіп жатқанда, комендант жетіп келіп, әкіреңдей бастады. Ол тіпті қолымнан телефон тұтқасын тартып алмак болды. Мен бұл кезде әлі сөйлесіп болмағандықтан, телефон тұтқасын бергем жок. Содан соң ол мені сілкілей бастады, сол кезде телефон еденге құлап сынды. Сосын мен бөлмеме ұйыктауға кеттім.
Түн ортасында бөлмеме кіріп келген полиция жасағы мен дәрігерлер бригадасы мені алдымен наркологиялық диспансерге апарды, одан соң дәрігерлік айықтырғышка жеткізді, бұл жерде тексеруден өткен соң, бірден психиатриялық ауруханаға апарып, темир керуетке кушпен байлап, таңып қойды, - дейді Анатолий Романов.
Балалар үйінің түлегі мұның барлығы қалалық биліктің тапсырысы бойынша жасалды деген пікірде.
- Бұл қала басшылығының тапсырысы. Өйткені, басқаша болуы мүмкін емес. Ақпан айында мен өткізген қарсылық акциясы мүлікті жария ету науқаны кезіңдегі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар Орал каласы әкімшілігінің шенеуніктеріне қатты тиіп кетті, - дейді Анатолий Романов.
Анатолий Романов 2009 жылғы 26 ақпан күні өзгеше бір қарсылық акциясын өткізген. Орал қаласы әкімшілігі жанындағы биік ағаштың басына шығып алып, «Тұрғын үйді жалдау шартын жасауды талап етемін», «Қылмыстық іс Президенттің және Бас прокурордың бақылауына алынсын», – деген ұрандардан тұратын екі плакатты ұстап отырып алған.
Анатолий Романов балалар үйінің түлегі ретінде әлеуметтік тұрғын үйге талай мәрте тырысса да, кол жеткізе алмады. Ал Орал қаласының әкімшілігі тіпті оған иесіз үйді тауып алып, кейін қажетті құжаттарды дайындап, заңдастырып ал деп кеңес беріпті.
Бірақ іс жүзінде олай болмады. Әкімшіліктің тілін алып, ол құжаттарды қалалық мүлікті жария ету комиссиясына тапсырды. Біраз уақыт өткен соң, ол пәтердің заңдастырылу жолымен танысу үшін комиссияға жолығады.
Бірақ, олардан Анатолий Романов жақсы хабар ала алмады: оның үміттенген пәтері сатуға шығарылып, ол үйдің жаңа иесі нысанды 5 миллион теңгеге бағалап, АТФ банкіне кепілдікке салып үлгеріпті.
- Бұл өте өкінішті жағдай. Өзім осынша уақыт сорым қайнап, әбден әлекке түсіп, қиналғанымның соңы осы шығар деген едім, сөйтсем биліктегілер мені мазақ етіпті, - деп өкінеді арманының күлі көкке ұшқанына көнгісі келмеген Анатолий Романов.
Анатолий Романов бұл істың заңдылығын тексеру үшін құқыққорғау органдарына да хабарласады. Қаржы полициясы көп кешікпей қылмыстық іс те қозғады. Анатолий Романовтың айтуынша, іс казір ауданаралық экономикалық сотта қаралып жатыр. Бұл мәселенің оның пайдасына шешілмейтіндігі әуел бастан-ақ белгілі еді.
- Соттың шешімін күткеніме екі жыл болды, ал сот шешімін шығаруға асықпайды. Сондықтан билікке қарсылық пикетін өткізуді жөн санадым. Менің неліктен ағаш басына шығып кеткенімді сұрағандар көп болды. Мен оларға айттым, егер акцияны әкімшіліктің жанында өткізетін болсам, бірден мені ұстап, полиция бөлімшесіне алып кетер еді, сондықтан ағаш басына шықтым.
Адам құқығы жөніндегі бюроның Батыс Қазақстан филиалының директоры Павел Кочетковтың айтуынша, биліктің жемқорлық туғызып отырған заңсыз әрекеттеріне наразылық білдіріп жүрген адамды жүйке аурулары ауруханасына қамап тоқтатқысы келгендігі анық.
- Олар Анатолийдің №15-ші қосымша (ақыл-ой және дене дамуы жағынан кеміс балаларға арналған) мектепте оқығандығын пайдаланып отыр. Бірақ Романовтың тарапынан ешқандай қауіп тумайтынын, қауіпті жағдай тудыруға қабілетсіз екендігін бәрі біледі. Қандай жағдай болса да, оны емдеуге мәжбүрлейтін сот қаулысы болуы тиіс.
«Балалар үйі тәрбиеленушілерінің Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алексей Жансейітов Азаттық радиосы тілшісіне берген сұхбатында Анатолий Романовты тек құқыққорғаушылар мен қоғамдық ұйымдардың көтерген дабылы арқасында ғана ауруханадан алып шығу мүмкін болды, әйтпесе оны психикасына әсер ететіндей дәрі-дәрмекпен егіп тастайтыны айдан-анық еді дейді. Алексей Жансейітов ойын былай деп түсіндірді:
- Егер құқыққорғаушылар мен «Алға!» партиясының белсенді мүшелері дер кезінде бұл мәселені көтермегенде, Анатолийді ауруханадан шығармайтын еді. Оған тіпті күшті дәрі-дәрмектерді егіп, ақыл-есі, дені сау адамды жүйке ауруына шалдыққан науқасқа айналдырар еді.
Біздің еліміз бірте-бірте еркін ойлайтын, көзі ашык, көкірегі ояу азаматты жүйке ауруы ауруханасына "орналастырып" үйренген келмеске кеткен советтік жолға түсіп барады және бұл Қазақстанның Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық етуінің алдында болып жатыр,-деп атап көрсетеді «Балалар үйі тәрбиеленушілерінің Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Орал қаласының билігі Анатолий Романовтың ісіне өздерінің қатысы жоқтығын айтады, ал жүйке аурулары облыстық орталығының басшылығы бұл оқиғаға түсінік беруден бас тартты.