Тамыздың 16-сынан бері Оңтүстік Қазақстан облыстық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында қамауда жатқан Нұрлан Әлімбековке қарсы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 164-бабының 1-тармағы бойынша, яғни жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілшілдік немесе діни дүрдараздықты өршітті деген айып тағылған. Заң бойынша бұндай қылмыс жасағандарға айыппұл салудан бастап бес жыл мерзімге дейін бас еркіндігінен айыру жазасы тағайындалады. Қауіпсіздік комитеті Әлімбековке қарсы қозғаған қылмыстық іске оның электронды пошта арқылы жолдаған хаттарын негізге алыпты. Сонымен бірге Әлімбековті ұстаған кезде оның қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне бағынбағаны үшін оған қарсы және бір айып тағылып отыр. Бірақ Әлімбековтің қорғаушылары оған тағылған екі айыппен де келіспейді. Олар электронды поштаны ақпарат құралына жатқызуға болмайтынын және Әлімбековті ұстап, одан жауап алу кезінде құқықтық талаптардың өрескел бұзылғанын алға тартады.
- Біз оның тұтқындалуына байланысты өз наразылығымызды білдіреміз. Адамды өзіндік пікір-көзқарасы болғаны үшін, идеологиялық негізбен, қолдан жасалған айып бойынша оған қарсы екі бірдей қылмыстық іс қозғап отыр, - дейді қазақстандық тәуелсіз журналист Розлана Таукина.
Нұрлан Әлімбековтің інісі журналист Ораз Әлімбеков қазіргі кезде Шымкент қаласында қамауда отырған туысын заң адамдары ұстаған алғашқы сәттен оған қысым көрсетті деп отыр:
- Ешқандай қамауға алу туралы санкцияны, ештеңені көрсетпеген. Оны алдап машинаның ішіне салып алған. Сонымен қатар, қолына кісен салып ұрып, тепкілеген. Мұның барлығы аға тергеуші Тұрмановтың көзінше болған. Менің ағамның айтуы бойынша оның қабырғасын әлгі тергеушінің кабинетінде сындырған, ал «тісім машинаның ішінде сынды» дейді. Кеше ғана адвокатпен хабарластым, екі күннен бері тамақ ішуге мүмкіндігі жоқ екенін айтты, - деді Ораз Әлімбеков.
Қамауда отырған Әлімбековтің басындағы жағдай – Қазақстанның 1998 жылы бекіткен азаптауға қарсы халықаралық Конвенция талаптарын өрескел бұзу деп бағалайды Алматыда орналасқан Қазақстандық Адам құқығын қорғау және заңдылықты қадағалау бюросының заңгері Мария Пульман.
- Бірақ, сол Конвенцияны бекіткенге дейін және одан кейін де қамауда отырғандарды азаптап-қинау жалғасып келе жатыр. Негізінде, бұндай жағдайда жапа шектім деген адамнан түскен арыз-шағымды тиісті орындар дереу қарауы тиіс. Себебі, бұл дегеніңіз – мемлекетте төтенше жағдай деген сөз. Кісіні азаптап-қинау – адам құқығын бұзудың ең ауыр түрі болып табылады, - дейді ұзақ жылдар Қазақстанның заң орындарында қызмет істеген маман Мария Пульман.
Інісінің айтуынша, тергеу орындары Нұрлан Әлімбековтің электронды пошта жәшігінен ұзын-саны 23 хатты алыпты. Бірақ ол хаттардың толық мазмұны туралы туыстары ештеңе білмейтіндерін айтады.
Нұрлан Әлімбековке қатысты Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментіне хабарласқанымызда, өзінің аты-жөнін атамауды жөн көрген комитет қызметкері Әлімбековке қатысты оның Интернет арқылы жолдаған хаттарының негізінде қылмыстық іс қозғалғанын растап, бұл істің ендігі шешімін тек сот шығарады дегеннен өзге «Азаттық» радиосына ешқандай түсінік бермеді.
Ал, қоғамдық қорғаушылардың айтуынша, Әлімбековке қатысты қозғалған айыптау ісінде оның Қазақстан қоғамындағы және көршілес елдердегі болып жатқан өзгерістерге байланысты білдірген пікірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетін «Путиндік-Назарбаевтық КГБ - гестапо тәрізді» деп теңеу айтқаны келтіріліпті.
- Бірақ, Әлімбековтің ол сөзі – қоғамның сүт бетіне шығар қаймағы қастандықтың құрбаны болып жатқан бүгінгі Қазақстандағы жағдайға бей-жай қарай алмайтын адамның жанайғайы, - дейді режиссер Болат Атабаев.
Бүгінде жасы 42-ден асқан Нұрлан Әлімбеков 1992 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Орал мемлекеттік университетінің философия факультетін тамамдаған соң Қазақстанға келіп, біраз уақыт елдің Ғылым Академиясында, ақпарат министрлігінде қызметтер атқарған. 1996 жылы ол көне түркі тілдері жайында жазған еңбегі үшін Ғылым Академиясының сыйлығын алды. Оның Қазақстан қоғамындағы құбылыстарға байланысты жазған сындарлы мақалалары елдегі бірқатар тәуелсіз басылымдар мен Интернет сайттарда жарияланып тұрды.
Суретші Ербол Мелдебеков жолдас-жоралары арасында Нұрлан өзіндік көзқарасын ашық білдіретін философ ретінде танымал екенін айтады:
- Ол ешқандай саяси партияға мүше болып кірмеген. Осында жүрген академиялық философтардан оның көзқарасы бөлек болды. Әрине, ол біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Мәселен, мына Ресейдегі Путин режиміне қарсы пікірдегі, еркін ойлайтын адамдар арасында беделі бар болатын. Міне сондай көзқарасы үшін Нұрланды КГБ тарапынан қуғындаудың басталуы деп ойлаймын.
Туыстары мен қорғаушылардың айтуынша, қазіргі уақытта Шымкенттегі тергеу орындары Нұрлан Әлімбековтің ақыл-есінің дұрыстығына дәрігерлік сараптама жасату үшін Алматыға алып келмек көрінеді.