Үстірт киігі шекарадан қалай өтеді?

Киік. (Көрнекі сурет).

Түркіменстан және Өзбекстанмен шекарасы бойына инженерлік құрылғылар орната бастаған Қазақстан «бұл Қызыл кітапқа енген киіктің көшіне әсер етпейді» дейді. Ал мамандар киіктің қатты азайып кеткенін айтып, оның себебін «заңның солқылдақтығынан» көреді.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан аумағын мекен ететін киік қонысына орай «оралдық», «бетпақдалалық» және «үстірттік» деп үш топқа бөлінеді. «Үстірттік» киік тобы күн суыта Өзбекстан аумағына өтіп, көктем шыға Қазақстанға қайта оралады.

1 МИЛЛИОН КИІКТЕН ШАМАМЕН 102 МЫҢ ҚАЛДЫ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарларды қорғау басқармасының бастығы Бақытбек Дүйсекеев:

– 1996 жылы Қазақстанды мекен ететін киіктің ұзын саны 1 миллионға жеткен болатын. Алайда тарихта өзгерістер болды, соған байланысты 2003 жылы небәрі 21 мың ғана киік қалған еді. Қазір бес есе өсті. Өткен жылы 102 мыңға жетіп жығылды, - деді Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, Қазақстанды мекен ететін киіктің биылғы санағы алынғанымен, нақты есебі әлі шықпаған.

– Санақ жұмыстары енді бітті. Білім және ғылым министрлігінің зоология иституты нақты есебін жақын күндері жариялайды, - дейді маман.

Бақытбек Дүйсекеевтің айтуынша, Үстірт киігі көршілес елдер аумағына барып қыстайды. Өзбекстанда қыстап қайтатын Үстірт киігінің саны өткен жылы 6 мың 100 болған.

– Қазақстандағы киіктердің 17 мың 900-і – «оралдық», 78 мыңы «бетпақдалалық», - дейді ол.

КИІКТЕР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҮЙЕЛЕРІ

Ақтөбе облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Бекболат Жапаров шекара аумағына биіктігі бір жарым

Өзбекстандағы киіктер.

метрлік бағаналар қойылып жатқанын айтты.

– Шекарада кабельдер тартылып жатқаны рас. Оны көріп те келген инспекторлар бар. Бірақ ҰҚК шекара қызметі нақты мәлімет берген жоқ, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Осыған орай Азаттық ҰҚК шекара қызметіне сұрау салды. Шекара қызметінің жауабында "ағымдағы жылы мемлекеттік шекарада Түркіменстан мен Өзбекстан республикасымен ұзақтығы 2,5 мың километрге жуық инженерлік құрылыс жүйелерін тұрғызу жоспарланып» отырғаны айтылған.

«Мемлекеттік шекараны қорғау (күзету) мақсатында салынатын инженерлік және өзге де ғимараттар мен қоршаулар кешені жабайы жануарлардың көшіп-қондыру жолында көзге көрінбейтін (жердің астына жасырылатын, радиолокациялық) құралдар қолданылады» делінген шекара қызметінің жауабында.

«ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН КЕЙІН КИІКТЕР ҚҰРЫП КЕТТІ»

Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аң шаруашылығы комитетінің арнайы бұйрығымен 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін киік атуға қатаң тыйым салынған.

Алайда «Совет Одағының тұсында ерекше қамқорлыққа алынған киіктердің

Эколог Мэлс Елеусізов. Aлматы. 23 қыркүйек 2008 жыл.

тәуелсіздіктен кейін бірден құрып кетуіне немқұрайдылық әсер етті» деген эколог Мэлс Елеусізов киіктердің мүйізіне қызығатын адамдар көбейгенін айтады. оның ойынша, «Браконьерлерге қарсы жазаны күшейтпесе, нәтижеге жету қиын».

– Қазіргі заң баптарында жұмсақтық басым. Мәселен, қылмыстық кодексте браконьерді бас бостандығынан шартты түрде айыру қарастырылған. Шартты түрде болғандықтан ол адам киік атуды жалғастыра береді. Ал түрмеге отырғызатын болса, браконьерлер ығар еді,- дейді эколог.