19 ақпан күні ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы мәжілісі басталды. Шетелдерде тұратын қазақтардың азаматтық қозғалыс белсенділері мәжіліске қатысушылар арасында адам құқтары жағдайын сынаған үнпарақшалар таратты.
Азаттық радиосына осы акцияға қатысушылардың кейбірінің хабарлауынша, бұл шараға Чехиядағы қазақ диаспорасының өкілдері, басқа да Еуропа елдерінде тұратын жастар да қатысқан.
"Акцияға қатысуға келгендердің бірқатары осыдан үш жыл бұрын Батыс Қазақстаннан қашып шығып, содан бері Чехияда "халықаралық қорғаныс" мәртебесін ала алмай жүрген босқындарды қолдайды,"-деді босқындар тобының белсендісі Қайрат Досметов.
Чехияның сот билігі бұларға саяси босқын мәртебесін беруден бас тартуда, соның салдарынан Қазақстанның 205 азаматына осы елден депортациялану қаупі төніп тұр. Адам құқын қорғаушылар оларды Отанында азаптау мен қудалау, түрме күтіп тұр, өйткені билік салафит қозғалысының мүшелері ғана емес, басқа да көптеген діни азшылық өкілдеріне қарсы науқан жүргізуде деп мәлімдейді.
-Азаматтық қозғалыстың 30-дан астам мүшесі таратқан үнпарақшаларда Қазақстанда билікке жақпайтын кез-келген діни азшылық топтардың қудалауға ұшырайтынына басты мән берілген. Олардың қатарында "Кришна санасы қоғамы", "Иегова куәгерлері" бар. Ел билігі Конституцияда қамтылған кепілдік бойынша адамдардың өздері қалағандай тұрғыда діни наным-сенім шараларын атқаруына мұрсат етпейді,- деп атап көрсетеді "Атамекен" оппозициялық партиясының төрағасы Ержан Досмұхамедов Азаттық радиосына Венадан берген сұхбатында.
Қазақ белсенділері ЕҚЫҰ-ның мәжілісіне қатысушылар мен шетелдік делегациялар мүшелерінің қолдарына листовкаларды "Хофбург" конгресс орталығының, бүйірінде "ЕҚЫҰ" деген жазуы бар автобустар тұрған көшелер мен қонақ үйлер алдында ұстатқан.
Листовкаларда Қазақстан үкіметі саяси реформалар жүргізу жөнінде берген уәделерін орындамай отыр, елде журналистер қысым мен қудалауға тап болуда, ал митинг, жиналыс өткізу құқтары соңғы уақытта тым жиі бұзылатын болды деп атап көрсетілген.
Қағазда жазылғандар соңында қазақ белсенділері ЕҚЫҰ-ның мәжілісіне қатысушыларды осы ұйым басшыларын "Атамекен", "Алға" оппозициялық партиялардың тіркелуін тездетуге ықпал етуді сұрайды. Сондай-ақ Чехиядағы 200-ден астам қазақ босқындарының депортациялану шегінен құтылуына көмек қолын созуды өтіне келе, егер Парламенттік Ассамблея көмектесе алмаса, олар азаптау мен қуғындауға душар болады деп жазылған.
Бұл арада айта кету керек, ЕҚЫҰ-ы осы аптаның аяғында Варшавада қазақ диполоматтарына арнап адам құқтары мәселелері тақырыбына арнайы семинар-тренинг өткізген болатын.
Тренинг –жаттығу 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен кезде адам құқтары мәселесі бойынша жұмыс істейтін дипломат-қызметкерлер үшін өткізілді.