Қазақстандық велоспортшы Александр Винокуров олимпиада ойындарына осымен төртінші рет қатысады. Спортшы 2000 жылы Сидней олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған.
Александр Винокуров 2012 жылы маусымның 27-сі мен шілденің 21-і аралығында Францияда өткен «Tour de France» көпкүндігіне қатысты. Бірақ жүлде алған жоқ. Осы ретте велоспортшы «Бұл менің спорттық карьерамдағы ең соңғы гранд тур (әлемдегі ең ірі веложарыс – ред). Енді Лондонға аттанам. Жалпы, биылғы олимпиададан кейін спорттан кетемін» деп мәлімдеді.
«ДОПИНГ ДАУЫ БОЛМАҒАНДА, ОЛИМПИАДАҒА БЕС МӘРТЕ БАРАТЫН ЕДІМ»
38 жасар спортшы велоспортпен жастайынан айналысқан. Алғаш рет халықаралық жарысқа 1997 жылы қатысты. 2000 жылы Сидней олимпиасына жолдама алып, неміс спортшысы Ян Ульрихтан кейінгі екінші орынды алады.
2003 жылы әлемдегі ең ірі жарыстардың бірі «Paris Nice» көпкүндігін ұтты. Осы жылы Швейцария турында да топ жарды. 2005 жылы «Tour de France» гранд турында жалпы есепте үшінші орын алды. 2006 жылы Испания жолдарында өткен «Vuelta» көпкүндігін де бірінші орынды иеленді. Әлем чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері.
2007 жылы Александр Винокуров «рұқсат етілмеген препарат қолданды» деген айыппен екі жылға спорттан шеттетілді. Алайда Вино (спортшының франциялық жанкүйерлері қойған лақап аты) бұл істің астарында шикілік бар дегенді айтады.
- Биыл олимпиадаға төртінші рет қатысамын. Өкінішке орай, Пекинге бара алмадым. Ол кезде маған «допинг қолданды» деген кінә тағылып, екі жылға шеттетті. Шыны керек, бұл «допинг дауы» көбімізге түсініксіз болды. Маған қолданбаған дәріні «қолданды» деген айып тақты. Дегенмен дау-дамайдың бәрі қазір артта қалды, - дейді спортшы.
Велоспорт әлемінде ірі жарыстарды ұтқандар допинг дауына жиі ілінеді. Мәселен әйгілі америкалық Лэнс Армстронг та, испаниялық Альберто Контадор да «тыйым салынған дәрі пайдаланды» деген айыппен қудаланған.
«ВИНО БАЛА КЕЗІНДЕ ӨТЕ НӘЗІК БОЛДЫ»
«Tour de France» жарысына Винокуровтың жарысын тамашалауға әкесі Николай Винокуров арнайы келіпті. Ол Тулуза қаласында жүрген Азаттық тілшісіне:
- Жастайынан маркалар жинап жүретін. Кейін велоспортқа қызыға бастады. Он үш жасында «Урал» велосипедін алып бердім. Қатты қуанғаны есімде. Сашаның (әкесі Винокуровты осылай атайды) мінезі өте сабырлы. Және алға қойған мақсатына жетуге тырысады. Осы мінезінің арқасында ірі жетістіктерге жетті, - деді.
Николай Винокуров баласының жас кезінде нәзік болғанын айтып:
- Бала кезінде өте арық әрі нәзік болды. Тіпті велоспортшы шығады деп ойламадым. Көзі де нашар көретін. Кейін ауруханаға жатқызып, емдеттік. Бес жылдай көзілдірік киді. Мектеп бітірген соң, көзі дұрысталып кетті. Бала кезінде Алматыда бір шағын веложарыс өтіп, сонда жеңіске жетті. Осы жеңісі менің есімде мәңгі сақталып қалды. Жеңген кезде ұлым жылап жіберді. Кейін Сидней олимпиадасында жеңіске жеткенде бүкіл халық қуанды, - деді.
Николай Винокуров «баламның велоспортпен айналысқанына қуанамын да, өкінемін де» дейді.
- Саша жақсы нәтижелер көрсете бастаған соң, Францияның велокомандалары шақыра бастады. Еуропаға қимай шығарып салдық. Бір ауыз француз тілін білмей, жат елге аттанды. Бір жылда барлық қиындықтарды жеңіп, өзінің мықтылығын дәлелдей бастады. Талай қиыншылық көрді. Былтыр «Tour de France»-та жарақат алды - қатты уайымдадым. Оның велоспортпен айналысқанына қатты өкіндім. Қазір Сашаның екі ұлы өсіп келеді. Олардың велоспортпен айналысқанын қаламаймын. Өте ауыр спорт. 200 шақырым жолды жүріп өту оңай емес, - деді «Vuelta» чемпионының әкесі.
«ВИНОКУРОВ ЕУРОПАДА ТАНЫМАЛ»
«Tour de France» көпкүндігінде Винокуровты қолдауға келген шетелдік жанкүйер көп. Олар - Александрды бұрыннан білетін Швеция, Бельгия, Испания, Франция азаматтары. Өзін Якссон деп таныстырған швед жанкүйері Винокуровтың жетістіктерін жатқа соғады.
- Винокуров - ғаламат спортшы. Әр жарысын жібермей көремін. Осыдан бірнеше жыл бұрын, қолтаңба алу үшін Голландиядағы жарысқа арнайы бардым. Ал қазір Францияға демалып, Винокуровтың жарысын тамашалап жүрмін, - дейді фанат.
Ал Францияның По қаласында тұрып жатқан қазақ жігіті Зайыр «Винокуров Қазақстаннан гөрі Еуропада танымал» екенін айтты.
- Францияда «Қазақстан» десеңіз, бірден Винокуровты айтады. Осы елдегі талай мектептерден Винокуровтың суреті ілініп тұрғанын көрдім. Оның «Tour de France»-тағы талай жеңістерін француз халқы ұмытқан жоқ. Ал Винокуровты Қазақстанда дәл осылай білмейді, – деді ол.
Францияда жұмыс істеп жүрген тағы бір қазақстандық Зарина да биылғы «Tour de France»-та Винокуровқа жанкүйер болып жүр. Ол да:
- Осы жарыста Винокуровтан қолтаңба алу үшін кезек күтіп тұрдым. Бұл спортшыға Еуропа халқының құрметі ерекше. Былтыр Амстердам арқылы Алматыға ұшып
бара жатқан сәтімде, әуежайдағы халыққа «Қазақстаннанмын» десем Винокуровты танитындарын айтты, - деді.
Бүгінде Винокуров бала-шағасымен Монако (Батыс Еуропада орналасқан қала-мемлекет) шаһарында тұрады. Ағылшын, испан, италиян, француз тілдерін еркін меңгерген.
Велоспортшының бастамасымен екі жыл бұрын жас велоспортшылардан «Астана-2» командасы құрылды.
«ВИНОКУРОВТЫҢ ЛОНДОНДА АЛТЫН АЛУЫ ҚИЫН»
«Астана» командасының спорттық директоры, Винокуровтың алғашқы бапкерлерінің бірі Дмитрий Седун «Виноның олимпиадада алтын алуы екіталай» деген пікір айтты.
- Винокуров былтыр «Tour de France»-та қатты жарақат алып, операция жасатқан еді. Сол жағдайдан кейін спорттық формасын жоғалтып алды. Дегенмен бабына келіп, біраз күш жинады. Олимпиадаға да қатысуға мүмкіндігі бар. Бірақ алтын алады деп ойламаймын. Бәлкім күміс пен қола жүлдеге таласар. Болмаса, алғашқы ондыққа енсе де, үлкен жетістік болмақ, - дейді велоспорт маманы.
Винокуровпен бірге олимпиада ойындарына Асан Базаев барады. Екеуі жарыс жолына 29 шілде күні шығады.