«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша берілетін несиеге шалғай ауылдан үй тигенімен, қалаға жақын жерде баспаналы болу қиын.
Меруерт Түндебаева Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университеттің тарих факультетін өткен жылы бітіріп, Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Туғанбай ауылындағы 30-мектепке «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. 2009 жылы үкімет қабылдаған бұл бағдарлама бойынша оқу бітірген жас мамандар ауылға жұмысқа тұрса, көтерме ақы мен үй сатып алуға несие алады. Негізгі шарт – жұмыс орнында үзбей бес жыл тұрақтауы тиіс.
«ҚАРАЖАТ ҮЙ АЛУҒА ЖЕТПЕЙДІ»
– Бір жағы іс-тәжірибе жинақтау, екінші жақтан қалаға жақын жерден баспаналы болсам деген оймен Талғар ауданы Алмалық ауылындағы 30-мектепке барған едім. Шарт бойынша бес жыл тұруым керек екен. Егер үй беретін болса, оған да келісер едім, - дейді Меруерт Түндебаева.
Меруерттің айтуы бойынша аудандық қаржы және экономика бөлімі үй алуға бөлінген несие жетпейтіндіктен, жер телімін ұсынған.
– Маған, жер берейік, өзің үй салып ал деді. Мен «егер көтерме ақыны ғана алсам, екі жыл жұмыс істесем» деген ем, «онда алған ақшаңды қайтарып бересің» деді. Оған келіспедім. Бір жыл бөгде бір кісілердің үйінде тұрып жұмыс істедім. Қазір өзімнің туған өңірімнен жұмыс қарастырып жатырмын. Себебі танымайтын, білмейтін жерде өзім қалай үй тұрғызамын, – дейді Меруерт Азаттық тілшісіне.
Айдана Бакирова есімді жас маман да «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша Талғар ауданының Алмалық ауылына келген екен.
– Бағдарламада қарастырылған бір реттік жәрдемақысын алдым. 15-16 мың доллар көлемінде үй тап деген болатын. Мен барған ауылда ондай үй жоқ екен. Ең арзаны – 25 мың доллар. Сондықтан үй ала алмадым, тек 110 мың теңге көтерме ақысын ғана алдым - дейді Айдана Бакирова.
Азаттық тілшісімен сөйлескен Талғар ауданы қаржы және экономика бөлімінің қызметкері Ғайша Қожанқызы Айдананың сөзін растады.
– Талғар ауданы қалаға жақын болғандықтан үйлер өте қымбат. Бізге бюджеттен
берілген ақшаға тек «садовый домдар» ғана келеді. Биыл, мысалы, бағдарлама бойынша келгендерге 2 миллион 596 мың теңгеден бердік. 17 мың доллар. Бұған тек анау саяжайлар ғана келеді. Сондықтан жастарға үй беру біздің аудан үшін өте қиын болып отыр, - дейді аудан әкімдігінің өкілі.
Ғайша Қожанқызы «үй орнына жер ал» деген ұсыныс жайында сұраған Азаттық тілшісіне «Егер жерің болса, үй салуға қаражат берейік деген ұсыныс айтамыз. Ал басқасы – жалған» деп жауап берді.
Жас маман келісім-шартқа сәйкес тиісті мекемеде бес жыл жұмыс істемесе, әкімдік берілген қаражатты қайтарып алады.
– Менде біраз жастардың тізімі жатыр. Бұлар негізінен көтерме ақыны алғандар. Бағдарлама бойынша келген жасқа үй алу үшін 17 мың доллар несиеден басқа бір реттік көтерме ақы ретінде 100 мыңның үстінде ақша беріледі. Егер бес жылға толмай кетіп қалса, алған ақшаларын қайтарып береді. Қазір осындай «подьемныйларын» алған, бірақ бір-екі жыл істеп кетіп қалған жастар бар. Кейбірі отбасылық жағдайына, кейбірі басқа бір себептерге байланысты жұмыс орындарын ауыстырған. Ондай мамандардың кейбірі алған қаражаттарын қайтарып берді. Таптырмай жатқандары да бар , - дейді аудан әкімдігінің өкілі.
«КЕЛГЕН ЖАС БАР, БІРАҚ КЕТКЕНІ ЕСІМДЕ ЖОҚ»
Шілденің басында Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі «ауылдық елді мекендердегі жұмыс орындарынан өз еріктерімен шығып кеткен» Теректі ауданындағы мектеп пен балабақшадағы жас мамандардан жергілікті бюджетке ақшаның қайтарылғанын мәлімдеген болатын.
Аталған мәлімдемеде Теректі ауданына қарасты «Шаған» орта мектебімен Шайхы Оңашев атындағы орта мектеп және «Айгөлек» балабақшасына «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша келісім-шартпен келген, бірақ кідірмей кетіп қалып «мемлекетке залал келтірген» үш жас маманнан жергілікті бюджетке 339 780 теңге қайтарылғаны туралы жазылған.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі «прокурордың шешімі бойынша» жаңағы жас мамандардың атын атай алмайтынын айтты. «Қолында нақты мәліметтің жоқ екенін ескерткен» Теректі аудандық қаржы және экономика бөлімінің бастығы:
– 2013 жылы біздің ауданға «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша келген жастардың 30-ы несиелік жүйемен үй алса, 60-ы подьемный алды. Әрине, олардың арасында 5 жыл жұмыс істемей басқа жаққа кетіп қалып жатқандар бар, - деді. Ол аты-жөнін жарияламауды өтінді.
Ал «Шаған» орта мектебінің директоры Ұлмекен Сағынқызы әкімдіктің бұл ақпаратын жоққа шығарды.
– Директор боп жүргеніме 15 жыл болды. Аталған бағдарлама іске асқалы мектепке жылына жоқ дегенде бір жас маман келеді. Бұрын мектебімізде 40-50 жас аралығындағы мамандар жұмыс істесе, қазір айтарлықтай жасарып қалдық. Біздің ауыл Оралдан 23 шақырым ғана. Қалаға жақын болғаннан кейін жастар көп келеді. Келген жас бар, бірақ кеткен жас маман жоқ, - деді ол телефон арқылы.
Азаттық тілшісі Шаған мектебіне үш жыл бұрын «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойына келген Луиза Ермұхамбетовамен тілдескен болатын. Ақжайық ауданына қарасты Тайпақ ауылының тумасы «Шаған» мектебін қалаға жақын орналасқандықтан таңдапты. Ол бағдарлама бойынша 15 жылға несие алғанын айтты.
– 0.01 пайызбен 16 мың доллар көлемінде несие берген болатын. Бірақ оны бес жылдан кейін барып өтей бастаймын. Оған 100 мыңның үстінде көтерме ақы алдым. Қазір басымда баспанам бар. Сондықтан мен секілді өз бетімен үй ала алмайтын жастарға бағдарламаның пайдасы мол, - дейді Луиза Ермұхамбетова.
2009 жылғы ақпанның 18-і үкіметтің 183-қаулысымен бекітілген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» туралы ережеге сәйкес жыл сайын бюджеттен әр маманға 1 миллион 300 мың теңгеге дейін көтерме жәрдемақы және 28 миллион теңгеден аспайтын сомада несие бөлінеді.
«ҚАРАЖАТ ҮЙ АЛУҒА ЖЕТПЕЙДІ»
– Бір жағы іс-тәжірибе жинақтау, екінші жақтан қалаға жақын жерден баспаналы болсам деген оймен Талғар ауданы Алмалық ауылындағы 30-мектепке барған едім. Шарт бойынша бес жыл тұруым керек екен. Егер үй беретін болса, оған да келісер едім, - дейді Меруерт Түндебаева.
Меруерттің айтуы бойынша аудандық қаржы және экономика бөлімі үй алуға бөлінген несие жетпейтіндіктен, жер телімін ұсынған.
Айдана Бакирова есімді жас маман да «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша Талғар ауданының Алмалық ауылына келген екен.
– Бағдарламада қарастырылған бір реттік жәрдемақысын алдым. 15-16 мың доллар көлемінде үй тап деген болатын. Мен барған ауылда ондай үй жоқ екен. Ең арзаны – 25 мың доллар. Сондықтан үй ала алмадым, тек 110 мың теңге көтерме ақысын ғана алдым - дейді Айдана Бакирова.
Азаттық тілшісімен сөйлескен Талғар ауданы қаржы және экономика бөлімінің қызметкері Ғайша Қожанқызы Айдананың сөзін растады.
– Талғар ауданы қалаға жақын болғандықтан үйлер өте қымбат. Бізге бюджеттен
Ең арзаны – 25 мың доллар, сондықтан үй ала алмадым.