Қарашаның 12-сінде Алматыда оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қаза тапқан күніне орай еске алу шарасы өтті.
Қазақ оппозициясының бұрынғы жетекшілерінің бірі, 2005 жылғы қарашаның 12-сінде кеуде тұсына екі, басына бір оқ тиіп, өз үйінде өлі күйінде жатқан жерінен табылған Заманбек Нұрқаділовтің зиратының басына бүгін Азаттық тілшісі ертелетіп келді.
Түске таман зират басына саясаткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов, бұрынғы әріптестері мен оппозиция өкілдері жетті. Дұға бағышталып, құран оқылған соң жиналғандардың көбі саясаткердің жесірі Мақпал Жүнісованың халін білуге кетті. Заманбек Нұрқаділовтің жесірі ас берді.
"БИЛІК КЕТПЕЙ ТҰРЫП БІЛСЕМ"
«Жас алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай зират басында, кейін ас үстінде Азаттық тілшісіне былтыр Жаңаөзенде желтоқсан айында болған оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссияның құрамында Маңғыстау облысының жаңа тағайындалған әкімі Бауыржан Мұхамеджановтың қабылдауында болғанын айтты. Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, Жаңаөзенге барып-қайту мәселесі туралы әкіммен жүргізілген келіссөздер нәтижесіз аяқталған соң, ол Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты сұрақ қойған екен.
- Оған «Бауыржан, сіз ішкі істер министрі болып тұрғаныңызда телеарналар арқылы бүкіл Қазақстанға «Заманбек Нұрқаділов өзін-өзі атып өлді» деп жар салдыңыз. Тіпті, өзін қалай атқанын да көрсеткендей болдыңыздар. Осыған әлі күнге сенесіз бе, әлде пікіріңіз өзгерді ме?» деп сұрадым, - деді Рысбек Сәрсенбай.
Заманбек Нұрқаділовтің өзін-өзі өлтіргеніне сенбейтінін айтқан Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов «оны өлтірген адамның есімі билік ауысқан кезде белгілі болады» деді.
- Бірақ биліктің ауысуына көп қалған жоқ, - деді Әміржан Қосанов.
Ал Мақпал Жүнісованың бұл мәселе бойынша көзқарасы өзгешелеу:
- Өз басым Заманбекті кім өлтіргені мына биліктегілер кетпей тұрып, жария болса деймін. Көздері тірі тұрғанда мойындағандарын тілеймін. Оның өлімінің құпиясын өздерімен бірге көрге ала кетпесе екен деймін. Сарыбай Қалмырзаевтың қайтыс болғанын жақында естідім. Зәкеңді кім өлтіргенінен хабардар адамдардың бірі сол адам сияқты еді. Міне, білсе де енді ештеңе айтпайды, - деді Мақпал Жүнісова.
АСТА АЙТЫЛҒАН БОЛЖАМДАР
Мақпал Жүнісова өзінің Заманбек Нұрқаділовті өлтіруі мүмкін деген күдіктілердің қатарында болғанын айтты. Оның айтуынша, тергеушілер бастапқыда оған қысым көрсетіп, бұл жорамалды мойындатпақ болған. Көмекке дер кезінде қорғаушы келіп қалып, аман қалған.
Билік бұл істің өңін айналдырып, жұртты «Мақпал Жүнісова мас күйінде Заманбек Нұрқаділовті атып тастады» деген болжамға сендірмекші болған. Нұрқаділовтің жесірінің айтуынша, тергеушілер сол күннің кешінде оның ағзасында алкогольдің бар-жоғын айыру үшін тіпті сарапшы да жіберіпті.
- Бірақ ол өзін кімге жібергенін білмей дал болды. Мені көріп, таныған сәтте өзіне берілген тапсырманы орындаудан бас тартып, кетіп қалды, - дейді Мақпал Жүнісова.
Оппозиция жетекшісі Болат Әбілов Заманбек Нұрқаділов қаза тапқан күні кешкісін Мақпал Жүнісовамен жолықпақ болып келгенін, бірақ тергеуші «Мақпал удай мас, онымен сөйлесудің мәні жоқ» деп рұқсат бермей қойғанын айтты.
- Мен келесі күні таңертең Мақпалға келіп, әдейі жақындап, иіскеп көрдім, бірақ ешқандай алкогольдің иісін сезбедім, - дейді Болат Әбілов.
Астың соңына қарай Заманбек Нұрқаділовтің 2014 жылғы қаңтардың 15-інде болатын 70 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындық жөніндегі комиссия құру қажеттігі туралы әңгіме қозғалды. Асқа келгендер Мақпал Жүнісоваға мұндай комитет құрылып, қаржы мәселесін, мәдени және басқа да мерейтойлық шараларды ұйымдастыру мәселесін шешумен айналысады деп уәде берді.
Кетер алдында Азаттық тілшісі Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің қызы Мерейден қысқаша сұхбат алды. Мерей төртінші сыныпта оқиды, музыкамен шұғылданады, кейде анасының концерттерінде жеке өзі ән айтады.
Мақпал Жүнісова асқа жиналғандарға өз әндерінің «Сен – менің әуенімсің!» атты жинағы мен DVD диск сыйлады.
Аулада қауіпсіздік жүйесінің бейнекамералары орнатылып, тор ішінде бөгде жандарды маңайға жолатпайтын арсылдаған овчарка тұр екен. Күзетші «бұл ит осыдан жеті жыл бұрын кішкентай күшік болған, ол кезде бұлай үре алмайтын еді» деді.
Оппозициялық саясаткер Заманбек Нұрқаділов Алматыдағы өз үйінде жүрек тұсына екі, басына бір оқ тиіп, қайтыс болған жерінен табылған болатын. Ресми қорытынды бойынша ол өзін-өзі өлтірген деп сипатталған еді. Алайда Заманбек Нұрқаділовтің жақтастары мен оппозиция бұл - осы уақытқа дейін ашылмай келе жатқан саяси кісі өлтіру деген сенімде. Сол оқиғадан кейін үш ай өткенде оққа ұшқан көрнекті оппозиционер Алтынбек Сәрсенбаевтің де өлімі осы күнге дейін ашылмай келеді.
Бұл мақаланы Қазис Тоғызбаевтың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да талқылауға болады.