Маңғыстау облысының тұрғындары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жолдап, бірнеше талап қойды. Ал Шетпеде құрылған қоғамдық комиссия абақтыға қамалған азаматтар туыстарының арыздарын қарап жатыр.
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының тұрғындары бас болып, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жолдады. Осы облыстағы оппозиция белсенділерінің бірі Жәнібек Қожықтың айтуынша, бұл хатқа әзірше мың жарымнан астам адам қол қойған.
«ТӨРТ ТАЛАП» НЕМЕСЕ «АРДАГЕРЛЕР ДЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ»
Президент Назарбаевқа Маңғыстау халқы атынан ашық хат жазған азаматтар:
1) Бейбіт халыққа оқ атқан полиция қызметкерлері мен оларға бұйрық берген басшылардың заңмен жазалануын,
2) жарақат алып, мүгедек болып қалғандардың Қазақстандағы ең мықты
3) жаппай толқуда қолға түсіп, абақтыда отырғандарды босатуды, қайғылы оқиғаның алдын алмаған сол кездегі басшыларды жауапқа тартуды,
4) тәуелсіз журналистер мен оппозициялық бағыттағы азаматтарды жаппай қудалауды тоқтатуды талап етеді.
– Хатқа қойғандар арасында соғыс және еңбек ардагері Бижан Дүйсенбаев, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, отставкадағы судья, еңбек ардагері Итемген Орынбаев, Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, халық шежірешісі, еңбек ардагері Жетібай Жылқышыұлы Қазақстанға еңбек сіңірген ұстаз, еңбек ардагері Жоламан Мұқановтар бар, – дейді бұл шараны ұйымдастырушылар.
ШЕТПЕДЕГІ КОМИССИЯ
Шетпе кентінде қоғамдық комиссия құрылып, 2011 жылы желтоқсанның 17-сі күнгі қақтығыс зардабын тексере бастады.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, олардың басты мақсаты – қаза тапқандардың,
Қоғамдық комиссия хабарландыру жазып, туыстары жоғалған немесе түрмеге қамалған адамдардың туыстары хабарласуын өтінген. Комиссияға әзірше Ақтау абақтысында қамауда жатқан 13 адамның отбасы көмек сұрап келген екен.
– Абақтыдағыларға «жаппай бұзақылық жасады, жолды бөгеді, құзырлы орын адамдарына қарсылық көрсетті» деген айыптар тағылып отыр. Қоғамдық комиссияның әкімдікке, прокуратураға жасаған шағымдарынан кейін олар қамаудағы туыстарымен көрісіп, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды, – дейді комиссия мүшесі Жәнібек Қожық.
Комиссия басшысы, ұзақ жылдар сот саласында қызмет еткен судья Итемген Орынбаевтың айтуынша, «қамауда жатқандарды жазалауға себеп жоқ».
– Түрмедегілерге айып нақты жеке-жеке іс-әрекетті емес, жалпылама тағылып отыр. Мәселен, барлығына бірдей «өртеді, терезені сындырды, поезды бөгеді, оған бірдеңе лақтырды» деп айып таққан. Бірақ жасалған әрекеті жайлы айғақ жоқ.
Естеріңізде болса, Қазақстанның бас прокурор Асхат Дауылбаев қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарна арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы таратқан мәлімдеме таратқан еді. Ол желтоқсанның 17-сі күні Шетпе станциясында болған наразылық оқиғасын да сөз етіп, Шетпеде 11 адамды жаралап, 1 адамды мерт еткен полицияның қару қолданғаны «заңды болғанын» айтқан.
Бас прокурордың айтуынша, Шетпедегі оқиғаға байланысты «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен билік өкілдеріне қарсы күш қолданғандары үшін» 3 адам – Бахытжан, Сабырбаев және Жылқышиев қылмыстық жауапкершілікке, тағы 12 адам «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану және көлік құралдары және қатынас жолдарын бұзғаны үшін жауапкершілікке» тартылған.