Азаттық тілшісі Алматы тұрғындарына жолығып, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мейрамын қалай өткізгендерін сұрай келе, Жаңаөзендегі оқиға жайлы пікірлерін білген еді.
«Тәуелсіздік күнін қалай тойладыңыз?» деген сауал қойғанда, тұрғындардың бірі «Жаңаөзенде анандай болып жатқанда қайдағы той!» деп ренжіді, енді біразы ол оқиғадан бейхабар екендерін айтты.
Жоғары оқу орындарының бірінің студенті өздерін мейрам өткенше үш-төрт күн бойы жатақханадан шығармай қойғандарын, бірақ сонда да Жаңаөзен оқиғасының шет-жағасын естігенін айтты. Ол «ақыларын талап еткен жұмысшыларды жақтады».
Сауалнаманы төмендегі сілтемеден тыңдаңыздар:

Your browser doesn’t support HTML5