Азаттық радиосы сәуірдің 11-і күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Жармахан Тұяқбайдың онлайн-конференциясын өткізді.
Жармахан Тұяқбай – заң ғылымдарының кандидаты, Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің құрметті профессоры, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі (генерал-полковник).
1990-1995 жылдары – Қазақстанның бас прокуроры.
1995-1997 жылдары – Қазақстанның мемлекеттік тергеу комитетінің (МТК) төрағасы.
1999-2004 жылдары – Қазақстан парламенті мәжілісінің екінші шақырылымының төрағасы.
2005 жылы – Қазақстанның оппозициялық күштерінің ортақ үміткері ретінде президент сайлауында дауысқа түсті.
2006 жылы – Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын құрды. Сол жылдың қыркүйегінен бері осы партияның төрағасы.
2009 жылдың қазан айынан бері – ресми тіркелмеген Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының тең төрағасы, төралқа мүшесі.