Психиатриялық ауруханаға тағы да күштеп қамалу қаупінен қорыққан балқаштық адвокат Зинаида Мухортова Қазақстаннан кетіп қалды. Оның қайда екені белгісіз.
Зинаида Мухортованың сіңілісі Наталья Абент желтоқсанның 3-і күні Азаттық тілшісіне телефон арқылы хабарласып, әпкесі апелляциялық шағымына қатысты Қарағанды облыстық соты шығарған шешімінен есеңгіреп қалғанын айтты. Сот Мухортованы мәжбүрлі түрде клиникаға жатқызуды заңды деп тапқан.
Тәуелсіз адвокат Зинаида Мухортова бірнеше рет мәжбүрлі түрде емделуге тап болған. Оның өзі де, жақтастары да саяси себеппен қуғын көргенін айтқан.
– Зинаида өзін тағы қамап тастауы мүмкін екенін біліп кетіп қалды. Қайда екенін білмеймін. Қазір хабарласу мүмкін емес, – дейді Наталья Абент.
Азаматтық белсенді Андрей Цуканов әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлауынша, Зинаида Мухортованың өкілі Амангелді Шорманбаев
павлодарлық тәуелсіз психолог берген анықтаманы іске қосу туралы сотқа өтініш берген. Бұл анықтамада қазақстандық психиатрлардың Мухортоваға деген қарым-қатынасы «қатыгездік әрі адамның ар-намысын таптайтын әрекет» ретінде бағаланған. Андрей Цукановтың пікірінше, бұған БҰҰ тарапынан белгілі бір санкциялар қолданылуы тиіс. Бірақ судья «анықтаманы берген психолог сот сараптамасына қатысуға құзырлы бір де бір қазақстандық қауымдастыққа мүше емес» деген желеумен бұл өтінішті іске қосудан бас тартқан.
Азаматтық белсенді Зинаида Мухортованың Қазақстаннан кетіп қалуына байланысты «Қазақстан дарынды заңгерден айырылған сияқты. Егер Назарбаевтың феодалдық режимі болмағанда, оның елге көп пайдасы тиер еді» деген пікір білдірген.
Бұл іс бойынша өткен сот отырыстарының бірінде прокурор Қарағанды облыстық сотына Зинаида Мухортова биыл қыркүйектің 30-ынан қарашаның 1-іне дейін Астана қаласында өткен басқа психиатриялық сараптама қорытындысын көрсеткен.
Психикалық денсаулық проблемалары медициналық орталығының төрт
сарапшысы адвокат Мухортова «қазіргі сәтте өз әрекеттеріне жауап бере алмайды» деген ұйғарым жасап, «бұрын да, қазір де сандырақ дертінің созылмалы түріне шалдыққан» деген қорытындыға келген.
Зинаида Мухортова Азаттық тілшісіне ертеректе берген сұхбатында «сараптама нәтижелері мені есеңгіретіп тастады» деген еді. Мухортованың айтуынша, прокуратураның мәжбүрлеуімен Астанада өткен «тәуелсіз» психиатриялық тексеру қорытындысы адвокаттың өзіне соққы болып тиген.
Ал 2011 жылдың қыркүйек айының 25-27-сі күндері «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігінің шақыруымен Зинаида Мухортованы психиатриялық тексеруден өткізген ресейлік сарапшы, медицина ғылымдарының кандидаты Кюри Ыдырысов адвокаттың «ақыл-есі дұрыс» деген ұйғарым жасады. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаментінің дәрігерлік-кеңестік комиссиясы да «Зинаида Мухортованы еркінен тыс емдеудің қажеті жоқ» деген ұйғарым шығарды. Бірақ ол кезде Мухортованы психиатриялық клиникадан босатпаған.
ЗИНАИДА МУХОРТОВАНЫҢ ІСІ
2009 жылдың шілдесінде Балқаш қаласының бес тұрғын әйелі парламент депутаты Ерлан Нығматулиннің үстінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Нұр Отан» партиясына шағым түсіргеннен кейін Зинаида Мухортова Қарағанды облысы билігі тарапынан қудалауға ұшырады. Депутатты
"соттардың ісіне араласады" деп айыптаған әйелдердің өздері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әлгі ұжымдық шағымнан кейін оған қарсы түрмеге кесу жазасы қарастырылған «Көрінеу жалған өсек тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бірақ «Нақты тұлғалар жайында сандырақтайды» диагнозы бойынша Зинаида Мухортованы қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық ауруханаға еркінен тыс емделуге жіберді.
Мухортова кейінірек соттың бұл шешімі мен өзіне қойылған диагнозға қарсы шағым берді. Адвокат психдиспансерге бірінші рет 2010 жылы қамалды. Арасына үзіліс салып бірнеше мәрте еркінен тыс психиатриялық тексеруден өтті. Зинаида Мухортованың Азаттық тілшісіне айтуынша, ол бір жылға жуық мерзімді психиатриялық ауруханаларда өткізген.
2012 жылдың қыркүйек айында Алматы облыстық соты кассациялық алқасы балқаштық адвокат Мухортованы қылмыстық жауапкершіліктен босату мен оған медициналық сипаттағы мәжбүрлі шараларды қолданбау туралы шешім қабылдады. Бірақ Зинаида Мухортова «сандырақтау дертінің созылмалы түрі» деген диагнозбен биыл 9 тамызда Балқаштағы психиатриялық диспансерге күшпен қайта қамалды.
Халықаралық демократиялық ұйымдар Зинаида Мухортованың ісіне назар аударып отыр. Олар Қазақстан үкіметін адвокаттан саяси астары бар айыптауларды алып тастауға, өзгеше ойлайтын жандарды психиатриялық клиникаға жатқызып, еркінен тыс емдейтін советтік практиканы тоқтатуға шақырады.