Accessibility links

Мухортова психиатриялық клиникада жатыр


Зинаида Мухортова. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
Зинаида Мухортова. Астана, 8 қазан 2013 жыл.

Балқаштық адвокат Зинаида Мухортова 30 қыркүйектен бері Астана қаласындағы «Психикалық денсаулық медициналық орталығында» кезекті психиатриялық сараптаманы күтіп жатыр.

Халықаралық демократиялық ұйымдар Зинаида Мухортованың ісін әу бастан назарда ұстап келеді. Олар Қазақстан үкіметін адвокаттан саяси астары бар айыптауларды алып тастауға, өзгеше ойлайтын жандарды психиатриялық клиникаға жатқызып, еркінен тыс емдеудің советтік практикасын тоқтатуға шақырады.

Human Rights Watch ұйымы Мухортованың биыл тамыз айында заңсыз тұтқындалғанын мәлімдеп, бұл тұтқындауға қатысты тексеру жүргізуге және адвокаттың Мухортовамен жолығуына мүмкіндік беруге шақырды. Бірақ Қазақстан билігі адвокатты босатпады.

Балқаш қаласының бес тұрғыны 2009 жылдың шілдесінде парламент депутаты Ерлан Нығматулиннің үстінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Нұр Отан» партиясына шағым түсіргеннен кейін Зинаида Мухортова Қарағанды облысы билігі тарапынан қудалауға ұшырады. Депутатты «соттардың ісіне араласады» деп айыптаған әйелдердің өздері қылмыстық жауапкершілікке
"Қадір-қасиет" ұйымының бас прокуратураға хаты. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
"Қадір-қасиет" ұйымының бас прокуратураға хаты. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
тартылды. Зинаида Мухортова психиатриялық ауруханаға бірінші рет 2010 жылы қамалды. Психиатриялық тексеруден бірнеше мәрте өткен оны соңғы рет үйінен биыл тамыз айында күштеп әкетті. Құқық қорғаушылардың адвокатты босатуға шақырған үндеуіне қарамастан, Зинаида Мухортованы Балқаш қаласындағы психиатриялық диспансерден Астанадағы психдиспансерге ауыстырды.

Зинаида Мухортова тағы бір сараптама өткізетін комиссияның құрамына тәуелсіз сарапшы, медицина ғылымдарының докторы Кюри Ыдырысовты енгізу туралы азаматтық белсенділерді қорғаумен айналысатын «Қадір-қасиет» қоғамдық ұйымы арқылы билікке өтініш жолдады.

Зинаида Мухортовамен сөйлесуге мүмкіндік алған Азаттық тілшісі оған бірнеше сұрақ қойды.

Азаттық: – Сізді Астанаға не үшін және қандай негізде әкелді? Тексеру басталды ма? Сараптаманы басқа жер емес, неліктен Астанада өткізбек?

Зинаида Мухортова: – Балқаш қаласы прокуроры «клиникаға жатқызып, психологиялық-психиатриялық сараптамадан өткізілсін» деген қаулы шығарды. Менің ақыл-есімнің сау немесе сау еместігін тексеру үшін. Оларға бұрын өткізген
Зинаида Мухортованың Балқаш прокурорына арызы. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
Зинаида Мухортованың Балқаш прокурорына арызы. Астана, 8 қазан 2013 жыл.
сараптамалары жеткіліксіз болып шықты. Соттың маған қатысты медициналық сипатта шара қолданбау жөнінде 2012 жылдың 25 желтоқсанында шығарған шешімі де бар. Бірақ тамыздың 9-ы күні ескертпестен, ештеңе деместен ауруханаға тағы қамады.

Бірақ мұнда тексеру әлі басталған жоқ, «қосымша құжаттар қажет» деп тоқтатып қойды. Мұндағылар бұрынғы сарапшылардың ұйғарымын көргісі келеді. Түсінгенім – олар қылмыстық істің де әлдебір материалдарын қарап шығуы тиіс. Сараптаманы дұрыс өткізу үшін «прокуратура жіберген материалдар жеткіліксіз, бізге толық картина керек» дейді.

Неліктен мұнда дейсіз бе? Алматыда шығарған сараптамалық ұйғарымды мен заңсыз деп есептеймін. Астанадағы сарапшылар көп жалтақтамайтын, тәуелсіздеу екен. Мұнда қазірге дейін мені үш адам қарап шықты. Медбикелер үнемі бақылауында ұстайды, әңгімеге тартып, менен қандай реакция болар екен деп бақылайды. Мұндағы науқастардың бәрі бақылауда жүреді.

Азаттық: – Сізге қандай диагноз қойылды?

Зинаида Мухортова: – «Сандырақтау дертінің созылмалы түрі» деген диагноз.

Азаттық: – Бұл дерттің белгілері қалай білінеді?

Зинаида Мухортова: – «Біліп жүрейін, маған қойылған сандырақтау деген диагноздың мағынасы қандай екенін айтыңдаршы» деп сарапшылардан үнемі сұраймын. Ешкім ештеңе айтпайды. Жалпылама сөздермен түсіндірген болады.

Бұл диагноздың практика жүзіндегі белгілері маған қызық емес, мен өзіме
Зинаида Мухортова өзін психдиспансерде күштеп емдеу мәселесін қараған сот залына кіріп келеді. Балқаш, 16 тамыз 2013 жыл.
Зинаида Мухортова өзін психдиспансерде күштеп емдеу мәселесін қараған сот залына кіріп келеді. Балқаш, 16 тамыз 2013 жыл.
қатысты жайтты, менде не барын білгім келеді. Маған қойылған «сандырақтау» диагнозының мағынасы әлі күнге дейін ашылған жоқ. Бұл диагноз қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап пайда болды. Шағым беріп, өзіміздің уәждерімізді келтірген кезде. Бәрі менің үстімнен арыз жазған адвокаттың «Баяндалған фактілер шағымданушылар қиялының жемісі болғандықтан, психиатриялық сараптама өткізуді сұраймын» деп жазғанынан басталды ғой.

Азаттық: – Мұнда сізді қай жерде ұстап отыр?

Зинаида Мухортова: – Жұртпен бірге. Палатада төрт адамбыз, ал жалпы мұнда (корпуста) 60 адам жатыр. Мұнда емделіп жатқандар психикасы бұзылған науқастар екенін маман болмасам да бірден сездім. Науқастар кейде тым мазасызданып кетеді, біреуді ұруға ұмтылатын немесе жабысып құшақтап алатын кездері болады. Бір-бірімен төбелеседі, боқтасады, қысқасы неше түрлі жағдай болады екен. Кеше ұйықтар алдында жуынуға бара жатсам, ірі денелі бір әйел «Мен сені сүйемін, Розочка» деп ту сыртымнан жабысып алды. Басында қорқып едім, кейін тынышталдым.

Азаттық: – Психиатриялық ауруханада барлығы қанша уақыт өткіздіңіз?

Зинаида Мухортова: – Ақтаста (Алматының түбіндегі Ақтас кентінде орналасқан республикалық психиатриялық аурухана) сегіз жарым ай жаттым. Ол жерде кісі өлтірген, басқа да қылмыс жасаған әйелдер отырады, тәртібі қатал. Астанаға
Зинаида Мухортова сот залында. Балқаш, 16 тамыз 2013 жыл.
Зинаида Мухортова сот залында. Балқаш, 16 тамыз 2013 жыл.
жібергенге дейін бір жарым айды Балқашта өткіздім. «Психушкаларды» аралап, науқас жандардың арасында жүргеніме көп ұзамай бір жыл болады. Қазір біраз үйреніп, бейімделіп қалдым, өзімді қалай ұстауды білемін. Бірақ бәрібір ауыр.

Азаттық: – Балқаштағы психиатриялық ауруханамен салыстырғанда мұндағы жағдай қандай?

Зинаида Мухортова: – Мұндағы жағдай жақсы. Ең алдымен клиника қызметкерлерінің өздерінің қарым-қатынасы жақсы. Палатаның іші жарық, таза. Тамағы да жақсы, жеміс-көкөніс, витаминдерді көбірек береді.

Ешқандай дертім жоқ екенін жақсы білсе де, Балқашта жатқанымда күштеп емдеп, таблетка беретін. 24 қыркүйекте өтетін комиссияға Алматыдан сарапшы келер кезде дәрінің дозасын да көбейтіп жіберген. Ол жерде бәрін күштеп жасайтын.

Барлық науқастың аузын бір қалақшамен тексеретін, соған ашуланатынмын. Денем тырысып, дірілдеп, қалшылдап кететін. Отыра алмай, үнемі тұрып жүретінмін. Дәріден денем тырысқан кезде «ештеңе етпейді, үйренесіз» деп қоятын.

Азаттық: – Кейін не болатынын өзіңіз қалай болжайсыз? Бір ай сараптама жүреді, сосын сізді босата ма?
11 айды тергеу изоляторларында өткіздім, бір жылдай «психушкаларда» сенделдім.

Зинаида Мухортова: – Заң бойынша мені босатуы тиіс екенін білемін. Одан артық ұстай алмайды. Сіңілім келіп алып кетеді. Біз бас прокуратураға да шағым жазғанбыз. Маған «Қылмыстық істі қайта қозғайды деп қорықпайсыз ба?» дейді. Қорықпаймын, тиісті мерзімімді өтедім. Мені екі жыл шартты жазаға кескен. Оның 11 айын тергеу изоляторларында өткіздім, бір жылдай «психушкаларда» сенделдім. Біздің қылмыстық кодекске сәйкес, адамның ауруханада еркінен тыс өткізген бір күні бостандығы шектелген бір күнге теңестіріледі. Өзіме тиісті мерзімді өтедім. Қазір жасым 56-да.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG