Қырғыз-тәжік шекарашыларының атысы Орталық Азиядағы шекаралық даулы аймақтар мәселесіне тағы назар аудартты. Сарапшылар түпкілікті келісімдер жасалмаса, қақтығыстар ушыға беретінін айтады.
Орталық Азияның халық көп қоныстанған кедей аймағы – Ферғана алқабында зорлық-зомбылық оқиғалары болып тұрады. Оған мысал - 2010 жылғы Оштағы жағдай мен 2005 жылғы Әндіжан оқиғасы.
ШЕКАРАДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС
Бірақ Ферғанадағы ең даулы аймақтар қалада да, алқап бойында да емес, тау ішінде орналасқан. Таулы өлке тұрғындары шағын құнарлы алқаптар үшін таласып келеді.
Құнарлы алқаптар - ауыл шаруашылығы мен мал жайылымына аса қажет, аймақ экономикасын дамытудың негізгі көзі. Сол үшін жергілікті тұрғындар ғана емес, Ферғана алқабын бөлісетін Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметі үнемі келіспей қалады.
Өткен сенбі (қаңтардың 11-і күні) Қырғызстанның оңтүстігіндегі Баткен облысында болған атыс шекара мәселесінің қаншалықты ушыққанын көрсетеді. Қақтығыс Ворух ауылынан 130 шақырым қашықтықта болды.
Ворух Тәжікстан аумағы саналады. Онда 32 мың адам тұрады, олардың көбі - тәжіктер. Шекараны қайта сызғаннан кейін бұл аумақ Қырғызстанның аумағына 20 шақырымдай еніп тұрған эксклавқа (өзге елдің аумағында жатқан басқа мемлекеттің терриориясы – ред.) айналды.
Егер екі жақ эксклав шекарасын нақты белгілеп алғанда, қақтығыссыз өмір сүруге болатын еді. Бірақ Бішкек пен Душанбе ондай келісімге келмегендіктен, Ворух үнемі қыл үстінде күш кешіп келеді. Екі ел азаматтары да эксклавтан өткен кезде түрлі тексерістерге тап болады.
Тәжікстан мен Қырғызстанның қарулы күштерін оқ атуға не мәжбүрлегені әлі белгісіз. Бірақ Қырғызстанның Ақ-сай ауылы маңында болған атыстан бес қырғыз шекарашысы мен полиция қызметкері, екі тәжік шекарашысы жараланды.
Жергілікті тәжіктер «қырғыздар жаңа жол салу үшін біздің жерімізді басып алмақ болды» деп мәлімдеді. Бішкек «жаңа жол Ворухты айналып өтеді, Қырғызстан жүргізушілері эксклавтағы Тәжікстан бақылау пунктіне тоқтамайды» деп мәлімдеді.
Бірақ Ворухтегі тәжіктер «Ақ-сай мен Тамдық ауылдарын біріктіретін айналма жол эксклавқа тиесілі аумақтан өтпек, оған жол бермейміз» дейді. Душанбе олардың талабын құптайды.
ШЕКАРАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР
Тәжікстанның Қырғызстанмен шектесетін Соғды ауданы губернаторының бірінші орынбасары Жұмабой Сангинов «эксклавтың шекарасы анықталмайынша, жаңа жол салынуға тиіс емес» дейді. Оның айтуынша, Душанбе мен Бішкек президенттері солай келіскен.
- Біз 2008 жылы Тәжікстан мен Өзбекстан жасаған келісімді де басшылыққа аламыз. Ол келісімде шекарасы анықталмаған аймақтарға кез келген құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынатыны бекітілген, - дейді ол.
2013 жылы сәуір айында да жол құрылысына қатысты дау қақтығысқа ұласып, Тәжікстан тұрғындары Қырғызстанның жол қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Ол жолы екі жақтан да ондаған адам жараланып, автокөліктерге зақым келген еді.
Эксклав шекарасын айқындау қажеттігі айдан анық, бірақ оны жүзеге асыру оңай емес. Орталық Азия елдерінің шекарасы бірнеше рет сызылған, сондықтан келісімге келер алдында қай сызбаны негізге алу мәселесі үнемі дау тудырады.
Қырғызстан мемлекеттік шекара департаментінің жетекшісі Құрманбай Искандаров Азаттыққа:
- Тәжікстан 1924-27 жылдары сызылған картаны негізге алайық дейді. Ал Қырғызстан 1958-59 жылдардағы және 1989 жылғы картаны мақұл көреді. Солайша шекараны анықтау мәселесінде әлі тіл табыса алмай келеміз, - дейді.
1920 жылдардың басында сызылған картада Ворух аймағы шекарасы белгіленіп, Тәжік ССР-і құрамына кірген. Бірақ 1950 жылғы картада Ворух Қырғыз ССР-і территориясындағы эксклав ретінде көрсетіледі. Совет Одағы кезінде, әсіресе Сталиннің тұсында Мәскеу «бөліп ал да, билей бер» саясатымен шекараларды қалауынша өзгертіп отырды. Жергілікті билік өкілдері Мәскеуден өздеріне қажетті ауданды сұрап алып, шекара мәселесін одан әрі күрделендіріп жіберген.
ЭКСКЛАВТАР МӘСЕЛЕСІ
Ворух – даудың басы ғана. Ферғана алқабында одан бөлек басқа жеті эксклав бар. Қырғызстандағылары - бір тәжік эксклавы, төрт өзбек эксклавы. Өзбекстанда да тәжік және қырғыз эксклавы бар.
Сарапшылардың пікірінше, үш елдің эксклав мәселесін шеше алмауы аймақ тұрғындары арасында шиеленіс тудырып қана қоймай, экономикалық шығынға себеп болады. Мәселен, тәуелсіз мемлекетке айналған елдер жаңа көлік жолдарын салуға мәжбүр болады.
Ұлыбританиядағы Ньюкасл университетінің Орталық Азия бойынша сарапшысы Ник Мегоран:
- Өзбекстан мен Қырғызстан шекараларды айналып өту үшін инфрақұрылым нысандарын, теміржол және автокөлік жолын салуға қомақты қаржы жұмсады. Транзитке қатысты тиімді келісімге келгенде ондай шығын шығармай, сол ақшаны басқа мәселеге жұмсауға болатын еді, - дейді.
Бұл елдер эксклав мәселесін түпкілікті шешпесе, дау саябырсиды деу қиын. Аймақта зорлық-зомбылық оқиғалары жиі болады. Автокөліктерге тас лақтыру, жүргізушілерді ұрып-соғу, тұтқынға алу, шекарашылардың оққа ұшуы тоқталмай тұр. Әрбір қақтығыс келесі ұрысқа жол ашады, солайша мәселені шешу қиындай береді.
(Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)