Қырғызстанның жоғарғы соты журналист Әлішер Саиповтың өліміне қатысты істі қайта ашуға және жаңа тергеу бастауға бұйрық берді.
2010 жылы көктемде өткен сот «Әлішер Саиповты есірткі саудагері Абдуфарит Расуловтың атып өлтіргені дәлелденді» деп, айыпталушы Расуловты 20 жылға түрмеге кескен еді.
Алайда дүйсенбі күні Қырғызстан жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Бақтыбек Рысалиев «қылмыс жасалған кезде Расуловтың басқа жерде болғаны анықталды және шынайы қылмыскерлер әлі де бостандықта жүр» деп мәлімдеді.
Тәуелсіз журналистің әкесі Аваз Саипов Азаттық радиосының қырғыз қызметіне берген сұхбатында істі енді Ош қалалық соты қайта қарайтынын хабарлады.
– Мен әу бастан баламның өліміне Расуловтың қатысы жоқ екенін айтып келемін. Бұл расталды, себебі 2007 жылы 24 қазанда Әлішер өлтірілген кезде ол Лейлектегі
Тегі өзбек Әлішер Саипов 26 жасында, 2007 жылы 24 қазанда Ошта әуелі аяғынан, одан соң басынан тиген оқтан жан тапсырған. Журналистің соңында келіншегі, екі айлық баласы қалған.
Әлішер Саиповтың әріптестері оның өлімін кәсіби қызметімен байланыстырады. Журналистің қазасынан кейін сегіз ай өткенде марқұмның әкесі Аваз Саипов «ұлымды өлтіруге Өзбекстан президенті тапсырыс берген» деп мәлімдеген.
Әлішер Саипов «Сиесат» («Саясат») газетінің бас редакторы әрі «Америка даусы»
Ол Өзбекстан билігін сынап, Әндіжан оқиғасы, Орталық Азия елдерінің лаңкестікке қарсы күресі, аймақта тыйым салынған ислам ұйымдары мен қозғалыстары сияқты шетін тақырыптарға арналған мақалаларын жариялады.
Журналистің өліміне көптеген халықаралық құқық қорғау және баспасөзді қорғау ұйымдары алаңдаушылық білдіріп, Қырғызстан өкіметін «журналистің өлтірілу фактісіне бірінші кезектегі маңызды іс деп қарауға» шақырды.
Вашингтондағы Newseum журналистер мұражайындағы опат болған тілшілердің аттары жазылған мемориалда Әлішер Саиповтың есімі де жазулы тұр.