Жексенбі күні Қырғызстанның төрт қаласында жергілікті кеңес депутаттарының сайлауы өтті. Бұл сайлауда көптің назары ауған Оштағы сайлау еді. Бақылаушылардың айтуынша, Оштағы қалалық кеңес сайлауында заң бұзылған.
Ош қаласында наурыздың 4-інде өткен сайлауда «Ұлт бірлігі» партиясының 47,35 пайыз дауыс алғаны белгілі болды. Жергілікті сайлау комиссиясы «23,98 пайызбен социал демократтар партиясы екінші орынға ие болды, 17,07% пайыз дауысты «Республика» партиясы алды» деп жариялады. Басқа алты партия қалған дауыстарды өзара бөлісті.
«САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ ҚАТЫСТЫ»
Ресми тараптан «сайлаушылардың 75 пайызы дауыс беруге белсенді қатысты» деп хабарлады. Ал бақылаушылар сайлауда заң бұзылғанын, бірер адамның екі-үш мәрте дауыс бергені тіркеліп, тағы біразы өздерін тізімнен таба алмағанын айтады.
Тағы бір байқаушы дауыстардың 200-500 сомнан сатылғанын анықтаса, енді бір
– Сайлау өтті, бірақ біз заң бұзу бойынша байқаған 40 шақты фактіні аймақтық сайлау комиссиясына береміз, – дейді «Азаматтық қоғам және демократия үшін» коалициясының өкілі Еркінмұрат Асанов.
.
ЖЕКЕ БАЙРАҒЫ МЕН ӘНҰРАНЫ БАР ОШ ҚАЛАСЫ
Ош қалалық кеңесіндегі 45 орынның 21-ін «Ұлт бірлігі» партиясы алып, оның жетекшісі Мелис Мырзакматов қала әкімі қызметінде қала берді.
«Қырғыз ұлтшылымын» деп ашық айтатын Мелис Мырзакматов Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев биліктен құлатылған 2010 жылдың сәуірінен
Қырғызстанның бұрынғы президентіне біраз уақыт пана болған оңтүстікте Бакиев кеткен екі айдан кейін этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында қанды қақтығыс болып, Ош пен Жалалабадта 450 адам көз жұмды.
Бірақ Мырзакматовтың Ош аймағындағы ықпалы кеміген жоқ. Қырғыз билігінің оны 2010 жылдың тамызында Бішкек әуежайынан ұстамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Оққағарларының көмегімен құтылып кеткен Мырзакматов Ошқа оралған соң: «Бішкектегі солтүстік оңтүстікке бұйрық бере алмайды» деп ескертті.
Қырғызстанды «түндік» пен «түштікке» бөлген Ош әкімі Мелис Мырзакматов қаланың жеке байрағын жасап, арнайы әнұранын жазуды тапсырды. Ол өткен жылы қараша айында «Ош қаласында Қырғызстан ішкі істер министрлігінен тәуелсіз, жеке полиция жасағы болуы керек» деп мәлімдеді.
ОШ ӘКІМІ МАҢЫНА ЖИНАЛҒАН ОППОЗИЦИЯ
Елдегі бірқатар оппозициялық саяси партиялар Бішкектегі билікке бағынбайтын Мелис Мырзакматовтың маңына жинала бастады.
Наурыздың 1-інде Ошта өткен мыңдаған адамның шеруі «Ұлт бірлігі» партиясы мен әкім Мелис Мырзакматовты ашық түрде қолдап шықты. Олардың қатарында қазан айындағы президенттік сайлауға түскен екі кандидат та болды.
Өткен аптадағы шеруде президент сайлауында екінші орынды иеленген «Бүтін
Камчыбек Ташиев бұл шерудің қарсаңында «елде жаңа саяси қозғалыс құрылуы керек, оның мақсаты мемлекеттің саяси жүйесін президенттік басқаруға қайта өзгерту болады» деген еді.
Қырғызстан 2010 жылдың маусымында ұлттық референдум арқылы елді парламенттік жүйе бойынша басқаруды мақұлдаған.
Наурыздың 1-інде өткен шеруде Адахан Мадумаров:
– Қырғызстандағы әлеуметтік және экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты біз үкіметтің 15 наурызға дейін отставкаға кетуін талап етеміз, – деді.
Адахан Мадумаров «шерудегі басты мақсаттары – Ош әкіміне қолдау таныту» екенін де айтқан.
Ошта өткен бұл наразылық шеруінде «Ата-жұрт» партиясының тағы бір жетекшісі Ахматбек Келдібеков «Бішкек өзінің әкімшілік ресурсын президент Алмазбек Атамбаевтың Социал-демократтар партиясына жұмсап отыр» деп, билікті айыптаған.
Қырғыз оппозициясы жетекшілері дүйсенбі күні Ош әкімі Мелис Мырзакматовты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.