Қызылағаш ауылы. Су тасқынынан кейін үш күн өтті. Алматы облысының Ақсу ауданы, 14 наурыз 2010 жыл. - Алматы облысында болған нөсер жаңбыр мен қардың еруі, 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасының жарылып, Қызылағаш ауылын шайып кетті. Оқиға орнындағы құтқару жұмыстарының нәтижесінде барлығы 45 адамның оның ішінде 15 баланың мәйіті табылды.
Қызылағаштағы бұзылған бөгет.
Қызылағаш тұрғыны су тасқыны салдарынан болған қирандылар жанында. Алматы облысының Ақсу ауданы, 14 наурыз 2010 жыл.
Су тасқыны кезінде Төрехан Қожағапан әйелінен, қызы мен немересінен айырылып қалды. Қызылағаш ауылы 12 сәуір 2010 жыл.
Қызылағаштағы су тасқынынан кейінгі екінші күн. 14 наурыз 2010 жыл.
Су тасқынында ауыл тұрғындарының көбі баспана мен малынан айырылып қалды. Қызылағаш, 15 наурыз 2010 жыл.
Тасқыннан зардап шеккен Қызылағаш ауылы тұрғындарына тігілген шатырлар. - Тасқын екі мыңнан аса тұрғыны мен 465 ауласы бар Қызылағаш ауылының 80 пайыз баспанасын шайып кетті.
Қайғылы оқиға орнында. Қызылағаш 15 наурыз 2010 жыл. - Офицер министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана сидит у порога разрушенного от наводнения дома.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің офицері тасқыннан қираған үйдің алдында отыр.
Шатырлы қалашықта тасқыннан зардап шеккендерге арнап ас пісірілуде. Қызылағаш, 15 наурыз 2010 жыл.
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері шатырлы қалашықта. Қызылағаш, 15 наурыз 2010 жыл.
Студенттер Қызылағаш тұрғындарына жөнелту үшін азық-түлік көтеріп барады. Алматы, 18 наурыз 2010 жыл. - Үкімет тасқыннан зардап шеккен әр бір отбасы мүшесіне 121 мың теңгеден (шамамен 800 доллардан), ал қаза болғандар үшін 500 мың теңге (шамамен 3,3 мың доллар) көлемінде көмек беруді уәде еткен. Одан өзге, республика бойынша тасқыннан аман қалғандарға арнап азық-түлік пен киім-кешек жинастырылды.
Қызылағаштың аман қалған тұрғындарына арнап жинастырылған азық-түлік тиеліп жатыр. Алматы, 18 наурыз 2010 жыл.
Қызылағаштағы тасқынның салдары. 19 наурыз 2010 жыл.
Қызылағаштағы жойқын тасқынның салдары. 19 наурыз 2010 жыл.
Қызылағаш тұрғыны Елтай Бекбосынов зират маңына уақытша баспана салып алған. - Сурет 12 сәуірде тасықынан кейін тура бір ай өткенде түсірілген. 2010 жыл.
Қызылағаш тұрғындарымен кездесу барысы. 12 сәуір 2010 жыл. - Қызылағаш тұрғыны ауданның бас дәрігері Әшімғали Жұмагелдіні мерзімі өтіп кеткен сүтті таратуға рұқсат бергендігі үшін айыптауда.
Қызылағаш ауылының жаңа әкімі Саулеш Әмітова тұрғындармен кездесу кезінде. 12 сәуір 2010 жыл.
Шенеуніктер Қызылағаш ауылының тұрғындарымен кездесуде. 12 сәуір 2010 жыл. - Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Мұқанов тасқыннан зардап шеккен ауыл тұрғындарымен сөйлесіп тұр
Қызылағаш тұрғыны Нүргүл Тұрсын баласымен бірге. 12 сәуір 2010 жыл.
Оралман Сейітқазы Ыдырыс өзін жәрдемақы алу құқынан айырғандығын айтып, наразы. 12 сәуір 2010 жыл.
Ауылдың екі тұрғыны көмір салыған дорбаны көтеріп барады. Қызылағаш, 12 сәуір 2010 жыл.
Қызылағаш тұрғыны шенеуніктермен кездесу барысында. 12 сәуір 2010 жыл. - Алматы облысы әкімшілігінің өкілімен кездесу барысында, ауыл тұрғыны тасқыннан кейін Қызылағаштың қалпына келтіру жұмыстары өзінің көңілінен шықпайтындығын айтты.