"Талибан" билігіне екі жыл: Құқығы шектелген әйелдер, кедейленген халық
"Талибан" әскеріне қарап тұрған ауған әйелі. 2022 жылдың желтоқсаны. Кабул.
2021 жылы тамызда "Талибан" үкіметі билікке келе сала ислам шариғатын өздеріне бейімдеп, экстремистік және тайпалық заңдарын қайта енгізді.
Кабулдағы үйінің жанында орналасқан қоқыс үйінділерінің арасында тұрған ауған балалары.
Ауғанстанның жалпы ішкі өнімін өлшеу қиын. Бірақ тәліптер билікке қайта келгелі бері ЖІӨ шамамен 20 пайызға қысқарып, бұрын да кедей болған миллиондаған халықтың өміріне қауіп төнді.
2022 жылы 23 наурызда тәліптер қыздардың мектепке баруына тыйым салып, миллионнан астам ауған қызы оқу орындарынан шығарылды. Қыздарға тек алтыншы сыныпқа дейін оқуға рұқсат етілді. Университетте де қыздарға білім алуға тыйым салынды.
2022 жылы мамырда "Талибан" үкіметі әйелдер толықтай бүркеніп жүруі керек, көзден басқа жердің бәрі жабық тұруы тиіс деген жарлық шығарды. Оларға маңызды жұмыс болмаса, сыртқа шығуға тыйым салынды.
Кабулдағы Tolo TV арнасының ер қызметкерлері бетін жабуға мәжбүр әйел әріптестерін қолдап, маска тақты.
2022 жылы қарашада "Талибан" үкіметінің жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада молда денені жарақаттауға болатын кисас пен худуд жазаларына рұқсат берді. "Талибан" жүздеген адамды сабап, тас атып немесе дене мүшелерін кесіп жазалады.
Тәліптер әйелдерге спортпен айналысуға тыйым салды.
Футболдан әйелдер командасы. 2022 жылдың қыркүйегі. Кабул
Беттері бүркелген мына манекендер "Талибан" үкіметінің символына айналды. Тәліптер басында манекендерді қоймау керек немесе басын алып тастау керек деген,бірақ дүкен иелерінің шағымынан кейін олар осы әдіске келісті.
2022 жылдың желтоқсаны. Кабул
Той өткізуге жағдайы жетпейтіндерге арналған жаппай үйлену тойындағы қалыңдық. 2022 жылдың шілдесі. Кабул.
Талибандар үйлену тойында ән қоюға тыйым салды және исламдық ережелерге қайшы келетін іс-шараларға баруға шектеу қойды.
Burqa-clad women hold placards demanding their right to education in Mazar-i-Sharif in June.
Women have been banned from attending university, and their job opportunities have been largely restricted to the health and education sectors.
Той өткізуге жағдайы жетпейтіндерге арналған жаппай үйлену тойындағы қалыңдық. 2022 жылдың шілдесі. Кабул.
Талибандар үйлену тойында ән қоюға тыйым салды және исламдық ережелерге қайшы келетін іс-шараларға баруға шектеу қойды.
"Талибан" сән салондарындағы әйелдердің суретін өшіруді бұйырды.
Ауған әйелі сұлулық салонының ішіндегі суретті алып жатыр.
Тәліптер музыкалық аспаптар мен ән айтуға тыйым салып, тек діни әндер мен "Талибан" ұрандарын айтуға рұқсат берді.
2019-2020 жылдары Ауғанстанда кедейлік деңгейі 47 пайызға жетті. Халықаралық ұйымдар 2022 жылдың ортасында елдегі шаңырақтардың үштен екісі күнделікті нанын таба алмай отыр деп мәлімдеді.