Олимпиада ойындарында Қазақстанға алтыншы алтын әперген жеңіл атлет Ольга Рыпакова Лондондағы қазақ ауылында баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиынға олимпиада чемпионы мен оның бапкері Вячеслав Сокирко, Қазақстанның спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев қатысты.
«ЕНДІГІ МЕЖЕ - ЖЕТІ АЛТЫН»
Чемпионның бапкері Вячеслав Сокирко:
- Бұл жүлдені біз он екі жыл күттік. Сиднейдегі олимпиада ойындарында Ольга Шишигинаның алтынынан кейін олимпиада жүлдесін талай жыл ала алмадық. Рыпаковаға алғысымыз шексіз. Оның еңбегі, әкесінің еңбегі, жұбайының көмегі, жеңіл атлетика федерациясының еңбегі жеміс берді. Ольга іріктеу жарысында мінез танытып, сол сәтте-ақ көш басына шыққан. Сабырлы да, төзімді қыз бұл жеңіске көп күш жұмсады, - деді.
Рыпакованың әкесі Сергей Алексеев - оның жеке бапкері. Ол қызының үмітін ақтағанын айтты.
- Дәл қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу қиын. Айтып шығуға күшім де жоқ, - деді көңілі қобалжыған Сергей Алексеев.
Ал олимпиада чемпионы Рыпакованың өзі алдымен бүкіл жанкүйерлерге алғыс айтты.
- Бүкіл Қазақстан халқына алғысым шексіз. Не айтарымды білмей отырмын. Керемет қуандым әрі қатты шаршадым. Елге барған соң жеңісімнің қорытындысын тағы да саралаймын. Дәл қазір менің жұлдызды шағым. Қиындықтар болды. Бірақ жанымдағы адамдар маған сенді. Иығымда үлкен жүк тұрғандай болды. Алайда жарыс кезінде қобалжыған жоқпын. Өз жұмысымды атқарып шықтым. Ал спорттық карьерамды жалғастыру жағына келсек, әзірге ештеңе дей алмаймын, - деді.
Бұдан кейін Қазақстанның спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев сөйледі. Ол «Алты алтын алдық. Ендігі меже – жеті алтын» деп мәлімдеді.
БАС БАПКЕР НИДІҢ ОТСТАВКА ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстан қоржынына төрт алтын салған ауыр атлеттердің бас бапкері Алексей Ни қызметінен кететінін мәлімдеді.
Лондонда жүрген қазақ журналистеріне берген сұхбатында Ни «Қазақстандағыларға менің бұл қызметтен кеткенім жақсы. Себебі мен бұл жетістіктеріммен әлем спортында қызғаныш тудыратын, жағымсыз тұлғалардың біріне айналдым. 15 әлем чемпионаты мен бес олимпиадада жеткен жетістіктерімізді, өкінішке орай көре алмайды. Лондондағы жетістіктерді кетер алдындағы соңғы жеңісім деп есептеймін. Орнымды талантты жастарға беремін» деді.
Бесінші тамыз күні Ольга Рыпаковадан басқа қазақстандық спортшылар жүлде алған жоқ. Нысана көздеуден Вячеслав Подлесный 50 метрден тапаншамен ату бәсекесінде 34-орын, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Татьяна Азарова 38-орын алды.
Синхронды жүзуден Анна Кулькина мен Әйгерім Жексембиева техникалық жаттығуда 15-орын алды. Енді еркін бағдарлама бойынша жарысқа шығады. Екі жаттығудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.
Әйелдер боксынан Саида Хасенова (60 килограмм) алғашқы кездесуінде бразилиялық Адриана Араужодан ұтылып қалды (14:15). Ал Марина Вольнова (75 килограмм) бірінші қарсыласы, кениялық Элизабет Андиегоны жеңді. Ендігі қарсыласы - Саванна Маршалл (Ұлыбритания).
Грек рим күресінен Асхат Ділмұхамедов алғашқы қарсыласы Александр Кикиновтан ұтылып, жүлдесіз қалды.