Марк пен Скотт Келли есімді егіздер АҚШ-тың ғарыш агенттігінің экспериментіне ерікті түрде қатыспақ. Олардың бірі Жерде қалып, екіншісі ғарышқа бір жылға аттанады.
НАСА-ның бір жылға созылатын тұңғыш миссиясы 2015 жылдың наурызында іске қосылады. Жоспар бойынша Скотт Келли халықаралық ғарыш станциясына жіберілмек. Ал сыңарынан алты минут қана үлкендігі бар Марк Келли бұл кезде Жерде қалады. Ғарышта ұзақ уақыт болудың адамға әсерін зерттеу мақсатында екеуінің ағзасы бір жыл бойы бақыланады.
Скотт пен Марк – НАСА астронавтары. Ғарышта үш рет болған Скотт Келли орбита кеңістігінде жиыны 180 тәулік өткізген.
Ал Марк Келли төрт рет ұшып, ғарышта 54 тәулік аялдаған. Бірақ ол 2011 жылдың қаңтарында әйеліне – Аризона штатынан конгреске сайланған депутат Габриэль Гиффордсқа қастандық жасалғаннан кейін отбасымен бірге болу үшін НАСА-дан кеткен еді. Сондықтан жоспарланған ғарыштық экспериментке ол Жерде жүріп қатысады.
Ағайынды жігіттерден бір жылдық сапар алдында, ғарышта және Жерге оралған соң бір мезгілде қан мен сілекейлерін тексеріп, екеуінің дене және психологиялық параметрлерін өлшейді, ұйқы кезіндегі, сүйек және бұлшық еттегі
өзгерістер бақыланады. Ғалымдар сол ақпарат негізінде Скотт пен Марктің ағзасында бір жылдан соң қандай айырмашылық болғанын табады.
– Көбінесе қарапайым бақылау түрінде өтетін мұндай зерттеулерден не шығатынын көргіміз келеді. Бұл эксперимент әдетте адамды зерттеу бағдарламасы аясында біз жүргізетін зерттеулерден өзгешерек, – деді Джонсон (Хьюстон) атындағы космостық орталықтың зерттеу жұмыстарының басшысы Джон Чарльз Discovery News арнасына берген сұхбатында.
Азаттық тілшісі неліктен мұндай зерттеулерді егіздердің қатысуымен жүргізу тиімді екенін Қазақстанның жалпы генетика және цитология институты мамандарынан сұрап көрді.
– Бұл – өте қызық эксперимент. Жалпы, аурулардың дамуын зерттеу үшін генетика ғылымында егіздерді пайдалану әдісі баяғыдан қолданылады. Мысалы,
белгілі бір дерт қоршаған орта әсерінен немесе тұқым қуалау арқылы пайда болғанын анықтау үшін осыны пайдаланылады. Ал мына жігіттер сияқты бір ұрықты егіздер клон ретінде қабылданады. Өйткені олардың генотипі (барлық гендердің жиынтығы) бірдей, – дейді институт директорының орынбасары Бақытжан Бекманов.
Оның айтуынша, мұндай эксперименттерді Қазақстан да өткізген. Осыдан төрт жыл бұрын Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты космостың тірі организмдерге әсерін зерттеу мақсатында Байқоңырдан ғарышқа өсімдіктер жіберген. «Бірақ ол жобаның немен аяқталғанын білмеймін» дейді ғалым.