Маусым айының соңында Астанада ғылыми-техникалық әріптестік бойынша қазақстан-американ бірлескен комиссиясының алғашқы отырысы өтті. АҚШ мемлекеттік хатшысының ғылым бойынша көмекшісі Керри-Энн Джоунс баса назар аударатын ғылым салалары ретінде медицина мен биотехнологияны атады.
Осы ретте Азаттық 20 жылдан бері Америкада ғылыммен айналысып келе жатқан қазақ ғалымы Архат Әбжановтан сұхбат алды. Ол - Гарвард университетінің профессоры. Ғалымның молекулярлық эволюцияны зерттейтін зертханасы бар. Архат Әбжанов сұхбатта гендік мутацияны емдеуге арналған зерттеулері туралы айтты.
Азаттық: Әбжанов мырза, Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылыми әріптестікті қалай бағалайсыз?
Архат Әбжанов: Өзім айналысатын саладағы екі елдің байланысы туралы айта аламын. Басты мәселе - Қазақстандағы негізгі зертханалар өсімдік генетикасы мен биотехнологиясына мән береді. Республикада ауыл және өсімдік шаруашылығы маңызды екенін ескерсек, бұл дұрыс. Бірақ Қазақстанда жануарларды биотехнологиялық және биомедициналық тұрғыда зерттеу де маңызды салаға айналуы тиіс. Менің ойымша, Қазақстан мен АҚШ зертханалары арасындағы қарым-қатынас аса тығыз емес, бірақ ынтымақтастық мүмкіндіктері мол.
Азаттық: АҚШ-қа қалай бардыңыз?
Архат Әбжанов: 1994 жылы ғылымның жағдайы қиындап кеткен кезеңде АҚШ-қа кеттім. Ол кезде Қазақстанда ғылымды қаржыландыру тоқтап қалған еді. Қазақ ұлттық университетін «молекулярлық биология» мамандығы бойынша бітірдім, ген мен молекуланың жұмысын зерттедік. Курстастарымның көбі не ғылымнан кетті, не елден кетті. Өкінішке қарай ғылыммен айналысатындардың одан басқа амалы да болмады. Сондықтан аспирантураны шетелде оқуды жоспарлап, АҚШ-қа кеттім.
Азаттық: Қазір сіз әлемдегі ең танымал жоғарғы оқу орындарының бірінде профессорсыз. Осындай деңгейге көтерілу үшін қандай жолдан өттіңіз?
Архат Әбжанов: Академиялық ортада өсудің өзіне тән сатысы бар. Алдымен Индиана штаты Блуммингтон қаласындағы Индиана университетінің PhD бағдарламасына тапсырдым. 1994 жылы оқуға қабылдау талаптары басқаша еді. Бәрі Қазақстанның білім министрлігі арқылы шешілетін. Біздің шенеуніктермен байланыс орнатқан АҚШ-тың және Батыс елдерінің университеттері болды. Осылардың ішінде биология бойынша озығы мен атаған университет еді. Ол кезде америкалықтар біздің білім жүйеміз туралы, ал біз олар туралы ештеңе білмедік.
Онда барған соң қабылдау курсынан өтіп, ағылшын тілін жетілдірдім. Келесі жылдың басында, 1995 жылы бағдарлама бойынша оқи бастадым. Мұнда келгенде ҚазҰУ-ді әлі бітірмегенмін - төртінші курста едім. Диплом алып үлгермесем де, тест тапсырып, аспирантураға түсуге қажетті ұпай жинадым. Аспирантура өкілдері «Индиана университетінен бакалавр дипломын алып келесің» деген шарт қойды. Оны биология факультетіне түскен соң жарты жылдан кейін алдым.
Біз Америка университетіндегі алғашқы «совет студенттері» болдық. Әрине, ол кезде екі жақтағы оқыту жүйесі екі түрлі – олар кредиттік технологиямен оқытады, бізде нәтижені бағамен есептейді.
Университетте бірден бірнеше курстарды қатар алып жүруіме тура келді. Олардың ішінде бакалавр үшін ауыр саналатын химия, физика, биохимия мен математика курстары болды. Егер пән бойынша «А» деген баға алсаң, курсты игерді деп санайды. Соңғы курста өте көп пәнді қатар алып жүрдім. Соның арқасында ҚазҰУ-де төрт жыл оқығаныма қарамастан, жарты жылда Индиана университетінің бакалавры дипломын алдым. Докторантураға қабылдандым, бес жыл оқып бітірдім.
Азаттық: Қазір тек ғылыммен айналысасыз ба, әлде дәріс те оқисыз ба?
Архат Әбжанов: АҚШ-та ғылым университет зертханасы негізінде жасалады. Сондықтан сабақ та беремін – бакалавр, магистратура мен PhD студенттеріне арналған курстарым бар. Өз зертханамда зерттеулер жүргізіп, мақалалар жариялаймыз. Кез-келген америкалық профессор істейтін жұмысты мен де атқарып жүрмін. Ғылыммен де айналысамын, студентке білім беруге де көмектесемін.
Азаттық: «Ғылыммен айналысамын» дегенде нені меңзедіңіз? Нақты қандай зерттеулер жүргізіп жатырсыз?
Архат Әбжанов: Біз организмнің генетикалық деңгейде дамуын зерттейміз, яғни "миллиардтаған жасушалар бірігіп, қалай бір жасуша құрайды", "жасушадан ұлпа, ұлпадан ағза, одан тұтас организм қалай құралады" деген сауалға жауап іздейміз. Даму кезінде барлық жасушалар (жыныс жасушаларынан басқасы) сараланып, біраз бөлігі жүйке жасушасына, қалғаны бұлшық ет, сүйек, т.б. жасушаларға айналады.
Әр жасушаның өз жұмысы бар. Тек кейбір жасушалар (мысалы, жыныс жасушалары) өзгермей қалып, басқа жасушалар буынының пайда болуына себепкер болады. Бірақ сол даму процесі, жасушалардың ұлпаға жиналуы, белгілі бір пішіндегі ағзаға айналуы арнайы гендер арқылы басқарылады. Оларды биологиялық даму гені немесе ағылшын тілінде developmental genes деп атайды. Олар организмнің даму бағдарламасын жасайды, біз соларды зерттейміз.
Бұл - жаңа ғылым саласы. Совет Одағында оқып жүргенімізде ондай сала болған емес. Бұл Америкада пайда болып, сол жерде ғылым ретінде дами бастады. Менің жолым болғаны - осы ғылыммен айналысатын зертханаға орналастым. Біз - бұл саланы зерттеген алғашқы ғалымдармыз. Біздің жұмыс биология ғылымының алдыңғы шебінде тұр.
Азаттық: Бұл ғылымның қандай маңызы бар? Одан нақты нәтиже күтуге бола ма?
Архат Әбжанов: Докторантурада оқығанда омыртқасыздарды, соның ішінде дрозофил-шыбын сияқты жәндіктерді зерттеумен айналыстым. Олардың генетикасы жақсы дамыған. Сол кезде бұл жәндіктің жасуша құрылымы туралы көп дерек алып, даму бағдарламасын – организмнің уақыт өте келе өзгеретінін түсіне бастадық.
Табиғат барлық процестерді генетикалық деңгейде басқарады. Әртүрлі түрлердің гендік бағдарламасын салыстыра келе ол бағдарламалардың уақыт өте өзгергенін, түрлердің пайда болғанын түсінуге болады. Генетика тұрғысынан эволюция механизмін, яғни қандай гендердің мутацияға түскенін аңғарып, сол даму бағдарламасы қалай өзгергенін – қанат, аяқ, көз пайда болып, тіршілік иелерінің түсінің де өзгеруі сияқты жаңа белгілер шыққанын ұғуға болады.
Зертханамда омыртқалы жануарларды – бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілерді зерттеп жүрміз. Жаңа технология арқасында әртүрлі гендердің жұмысын басқарып, табиғаттағы құбылысты түсіндіруге тырысамыз. Біздің зерттеу мутация арқылы табиғатта болған өзгерістерді қайталауға болатынын көрсетеді.
Одан бөлек гендік бағдарламаның генетикалық сырқат кезінде қалай өзгеретінін түсінгіміз келеді. Мәселен, көптеген генетикалық сырқаттар кесірінен тіршілік иелері кемтар болып қалады, организмдегі тепе-теңдік бұзылады. Осы механизмді түсіну арқылы, мутацияға түскен генді анықтау, оны емдеп, тепе-теңдікке келтіру немесе генетикалық тұрғыда реттеу әдістерін ойлап табуға болады. Бізде ондай биомедицина бағыты да бар.
Азаттық: Сұхбатыңызға рақмет.
Сұхбатты аударған – Динара Әлімжан