Норвегияда қырғын жасаған адам «елін мұсылман басқыншылығынан қорғамақ» болыпты

Андерс Беринг Брейвик (сол жақта), шілденің 22-сі күні Норвегияда жасалған шабуылды ұйымдастырды деп күдік тағылған адам. Осло, 25 шілде 2011 жыл

Шілденің 24-і Норвегия халқы бір минут үнсіздік жариялап, өткен жұма күнгі атыс пен жарылыс құрбандарын еске алды. Бір сағаттан кейін Ослода шабуыл жасады деген күдіктінің жабық соты басталды.

Күдікті деп танылған Андерс Беринг Брейвик соттың ашық болуын талап етсе де, норвегиялық прокурорлар сот тыңдауларының жабық түрде өтіп, журналистердің қатыспауын сұрады.

Полицияның айтуынша, 32 жастағы күдікті 90-нан аса адамды өлтірген шабуылдарды жасағанын мойындап, бірақ қылмыстық жауапкершілікті мойнына алудан бас тартып отыр.

Күдіктінің адвокаты 32 жастағы норвегиялық кемінде 93 адамның өмірін қиған бомбалық шабуыл мен жаппай оқ жаудыруына не түрткі болғаны туралы ашық сот үстінде айтқысы келеді деп мәлімдеді.
Өткен жұма күнгі шабуыл құрбандарын еске алу. Осло, 24 шілде 2011 жыл

Бірақ, Норвегия соты прокуратура мен полицияның сұрауы бойынша сот тыңдауларын жабық есік жағдайында өткізуді ұйғарды. Брейвикке Утоя аралындағы еңбек лагерінде 86 адамды атып өлтіріп, Ослодағы үкімет үйі жанында жарылыс жасап, 7 кісіні өлтірді деген айып тағылды.

Полицияның айтуынша, Брейвик бомбалық шабуыл мен жаппай оқ атқанын мойындап отырғанымен, жасаған ісін қылмыс деп атаудан бас тартып, өзін ақтайды деп үміттенеді.

«МҰСЫЛМАНДЫҚ ОТАРЛАУ» ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ

Оның адвокаты Гейр Липпестад қорғауындағы күдікті адам өлтірген әрекетін ақтауға болады деп сеніп отыр дейді:

- Брейвик өзінің әрекеті қатыгез болғанын біледі, бірақ оның ойынша осылай жасау қажет болған.

Алғашқы сот тыңдауынан соң журналистер алдына шыққан судья Ким Хегер күдіктінің ұстанымын былай сипаттады:
Сана-сезімі бар кез-келген адам өз елін мұсылмандарға отарлатып қоймауы тиіс.

- Күдікті болған жағдайды мойындаса да, өзін кінәлі деп санамайды. Соттың түсінгені бойынша, күдікті бұлайша әрекет ету арқылы Норвегия мен Батыс Еуропаны мәдени марксизм мен мұсылман басқыншылығынан құтқармақ болған...

...Шабуылдың мақсаты елді бір сілкіндіру болған. Күдікті Еңбек партиясының қатары сирету үшін оны зор шығынға ұшыратқысы келген. Ол Еңбек партиясының мемлекет пен елге сатқындық жасауы кешегідей опық жегізеді деп айтқысы келген...
Андерс Беринг Брейвиктің интернетті кезіп жүрген суреті, норвегиялық www.freak.no сайтынан алынған

...Оның барынша көп адам өлтірейін деген мақсаты болмаған. Еңбек партиясының норвегиялық мәдениеттің құрылымын бұзуын, мұсылмандардың елге көптеп кіруіне жағдай жасауын айыптайтын анық белгі бергісі келген. Партия осы сатқындығы үшін жауапкершілікті мойнына алуы керек деп ойлаған. Сана-сезімі бар кез-келген адам өз елін мұсылмандарға отарлатып қоймауы тиіс (Цитатаның соңы).

СЕБЕПСІЗ ОҚҚА ҰШҚАНДАРДЫ ЖОҚТАУ

Дүйсенбі күнгі сот тыңдаулары қарсаңында бүкіл Норвегияда шабуыл құрбандарын еске алу шарасы өтті. Күтпеген жерден қара жамылған норвегиялықтар бір адам сонша көп отандастарын қалай ғана аяусыз қыруға барды деген сауалға жауап тапқысы келеді.

Бұл тұста ақпарат құралдары Андерс Брейвиктің экстремистік христиандар тобынан екенін, ислам діні мен көп мәдениеттілікке қарсы екенін жазып жатыр. Хабарларға қарағанда, ол Еуропада мұсылмандар санының артып кеткеніне наразы болған.

Aftenposten газетіне берген сұқбатында полиция өкілі Брейвик Норвегияда 1981-1996 жылдары премьер-министрі болған, Еңбек партиясының өкілі Гру Харлем Брундтландты көп мәдениеттілік саясаты үшін айыптайды. Оның пікірінше, осы саясат Норвегияда мұсылмандар санының өсуіне соқтырды.
Брейвик Утоя аралындағы еңбек лагеріне «ел анасы» атанып кеткен бұрынғы премьер Брундтландты өлтіруге барған. Бірақ ол Брейвик келгенше аралдан кетіп қалған екен.

Полицияның сөзіне қарағанда, Брейвик Утоя аралындағы еңбек лагеріне «ел анасы» атанып кеткен бұрынғы премьер Брундтландты өлтіруге барған. Бірақ ол Брейвик келгенше аралдан кетіп қалған екен.

Ослодағы басқа ақпарат өкілдері Брейвиктің шабуыл қарсаңында 1500 беттік манифест дайындағанын жазып, онда шабуылдаушының өміріндегі оқиғалар хроникасын келтіріп отыр. Ол манифесте Брейвиктің мұсылмандарды жек көретіні, Еуропаны көп мәдениеттілікке жеткізген марксизмді айыптайтыны жазылған.
Утойя аралында кісі қолынан қаза тапқан құрбандарды жоқтап тұрған норвегиялық әйел. Осло, 24 шілде 2011 жыл

Норвегия премьер-министрі Йес Столтенберг демалыс күндері журналистерге берген сұқбатында, Брейвиктің экстремистік топ мүшесі болғанына қатысты және елдегі христан фундаменталистерінің оңшыл тобы жайлы былай деді.

- Басқа елдермен салыстырғанда, мен бізде оңшыл экстремистерге қатысты үлкен проблемалар бар деп айтпаймын, бірақ бізде олардың біраз тобы бар. Біз оларды бақылап жүретінбіз, біздің полиция да елде әсіре діни топтың оң қанаты бар екенін білген.

Журналистердің жазуынша, интернетке ұстаным-пікірлерін үздіксіз жариялап келген Брейвик Норвегияның иммиграциялық саясатын сынап, исламға қатысты теріс көзқарас ұстанған.

Брейвик шабуылдарды жалғыз жасадым дегеніне қарамастан, полиция оның басқа экстремистік топтармен байланысы бар-жоғын зерттеп жатыр. Жексенбі күні норвегиялық полиция алты адамды күдікті ретінде тергеуге алған.

Утоя аралындағы қырғын

Your browser doesn’t support HTML5

Норвегияның Утоя аралындағы қырғын