Павлодар облысында Майқайың шахтасында болған жол апатынан бір жұмысшы қаза болды деп хабарлады Informburo сайты.
Агенттіктің жазуынша, тиеу-жеткізу көлігінің жүргізушісі жұмысшыны қағып кеткен. 32 жастағы жұмысшы сол жерде қаза болған.
Павлодар облысының полиция департаменті бір адамның өмірін қиған қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жүк көлігінің жүргізушісі полиция бөлімшесіне жеткізілген. Тергеу амалдары басталған.
Майқайың алтын кен байыту комбинаты 1932 жылы құрылған.
Биыл "Майқайың алтын" шахтасында 4 құтқарушы мінген автобус құлап кеткен. Қаза болған төрт адамның екеуінің денесі бірнеше айдан кейін табылды. Полиция "Майқайыңдағы" құтқарушылардың өліміне байланысты алты күдікті ұсталғанын хабарлаған.Ұсталғандар арасында "Майқайыңалтын" алтын өндіруші компанияның қызметкерлері де бар.
"Майқайың алтын" иесі – Кипрде тіркелген Rence Enterprises Limited. Оның директоры – Сербия азаматы Милан Попович деп көрсетілген. Поповичтің ресейлік олигарх, Ресей мыс компаниясының негізін қалаған Игорь Алтушкинмен байланысы бары айтылады. Оның аты-жөні – Forbes журналындағы Ресейдегі ең бай адамдар тізімінде 37-орында тұр.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Полиция "Майқайыңдағы" құтқарушылардың өліміне байланысты алты күдікті ұсталғанын растады