Ресейде «балаларға зиянды әрі пайдасыз» деп танылған веб-сайттарды жабуға рұқсат ететін жаңа заң күшіне енді. Кейбір мамандар «бұл заң интернет еркіндігіне үлкен соққы боп тиеді» десе, енді бірі «жаңа заң Ресейдің онлайн кеңістігіне жариялылық әкеледі» деп сенеді.
Қарашаның 1-і күні күшіне енген заң бойынша, билік балаларға порнография, суицид, есірткі немесе алкоголь жайлы ақпараттарды жарнамалайтын сайттарды соттың рұқсатынсыз жауып тастай алады. Жаңа заң сонымен қатар сот «экстремистік» деп тапқан сайттарды да бұғаулауға пәрмен бере алады.
«СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНА ҚАУІП»
Бұл заң – Ресей үкіметтің соңғы айларда парламентке өткізіп үлгерген, көп мәселеге шектеу қоятын заңдарының соңғысы. Бұған дейінгі қабылданған заңдардың арасында шеруге шыққандарға үлкен сомада айыппұл салу, басшыларды сынаған адамды «жала жапты» деп қылмысты қылу, шетелден грант алатын үкіметтік емес ұйымдарды «шетел агенті» ретінде тіркеу туралы заңдар болған.
Сөз бостандығын жақтаушылардың ойынша, «интернеттегі «қара тізімнің» жасалуы үлкен цензураға соқтыруы мүмкін». Жаңа заңды сынаушылар «үкімет басшылары зиянды ақпараттарды сайттарға өздері жасырын орналастырып, оппозициялық сайттарды жауып тастау үшін жаңа заңды пайдалануы мүмкін» деп қауіптенеді.
Балаларды интернеттегі зиянды ақпараттардан қорғауға арналған жаңа заң
Ресейдің әлеуметтік желілерінде қызу жүріп жатқан саяси талқылауларды да тұншықтырып тастауы мүмкін деген қауіп туғызды.
– Осы жаңа заң керек кезінде сөз бостандығын да тоқтатып тастайтын тетіктердің бірі сияқты көрінеді, – дейді ақпараттық құқық маманы Илья Рассолов.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымының мүшелері Ресей үкіметін даулы заңдарды шеше алмағаны үшін және еркіндікке қауіп төндіретін заңдарды алып тастамағаны үшін сынаған еді.
Ресейдің коммуникация министрі Николай Никифоровтің өзі «бұл заң мұсылман әлемінің көп бөлігінде қанды қақтығыстардың тууына себеп болған исламға қарсы фильмнің интернетке шығуына байланысты көптеген ресейліктердің YouTube-ке кіруіне кедергі болуы мүмкін» деп ескертті. «Айтсаң, әзіл сияқты естіледі. Бірақ сол видеоның кесірінен бүкіл Ресейде YouTube жабылып қалуы әбден мүмкін» деп жазды ол Twitter-де қыркүйек айында.
«ҚАРА ТІЗІМ» ЖАРИЯ БОЛСЫН»
Ресейдегі интернет топтар «Ресейдің дамып келе жатқан онлайн өндірісіне деген сұранысқа жаңа заңның зияны тимес пе екен» деп уайымдайды.
Жаңа заң қабылданар қарсаңда Википедияның орысша беті қарсылық ретінде бір
күнге жабылды. Ал Яндекс бірінші бетіне бос баннер орнатып қойды.
Яндекстің Мәскеудегі өкілі Очир Манджиков интернет компаниялардың IP-адресті бұғаулау жайын ақылдасып жатқанын айтты.
– Бұл заң тым ауқымды көрінеді. Себебі мазмұны зиянды деген сылтаумен дұрыс сайттарды да нысанаға алуға болады. Біз «қара тізім» жария болса екен дейміз. Сонда ғана адамдар қай сайттың не үшін жабылғанын дұрыс түсінер еді. Осы жариялылық жетіспеуі көңілдегі алаңды күшейтіп тұр, – деді ол Азаттық тілшісіне.
Манджиковтың айтуынша, «Яндекс қалай болғанда да жаңа заңды сақтауға тырысады».
«ЖАҢА ЗАҢ ЖАРИЯЛЫЛЫҚҚА СЕПТЕСЕДІ»
Жаңа заңды орындау туралы тапсырма ақпараттық технология мен байланыс саласын бақылайтын федералдық мекеме – Роскомнадзорға жүктелді.
Бұл орган халықты құлағдар ету үшін www.zapret-info.gov.ru, деген арнайы веб-сайт ашты. Ол әуелі жабылған интернет сайттардың тізімін жариялауы керек. Бірақ
Роскомнадзор олай істеудің орнына сайттардың қара тізімде бар-жоғын тексеретін арнайы сайттарға кіруді сұрайды.
Роскомнадзор «қазірдің өзінде бірнеше хакерлік шабуылдардың бетін қайтарғанын» айтады.
Жаңа заң бойынша, сайт иесі не провайдер мазмұны зиянды ақпараттарды үш күннің ішінде сайттан алып тастауы керек. Егер осы уақытта талап орындалмаса, интернет қызметін көрсету орталығы оны жауып тастауға бұйрық береді.
Осындай қарама-қайшы пікір болса да, кейбір сарапшылар «бұл жаңа заң – Ресейдің интернет кеңістігіне жариялылық әкелетін алғашқы қадам» деп біледі. Ақпараттық құқық маманы Рассаловтың ойынша, «бұл заң жобасы сонымен қатар ішкі істер министрлігіндегі интернет пен компьютерге қатысты қылмыстарды бақылайтын «К» департаментін де есеп беруге мәжбүрлейді».
– Күн сайын талай сайт жабылып жатыр. Ал жаңа заң мұны жария етуге септеседі. Осы заңға байланысты неше түрлі пікір айтылып жатқанына қарамастан, заңды қалай қолданады дегенге бас қатырғаннан гөрі транспарентті процессуалды нормаларды жетілдіре беру керек. Заңның болашақта қолданысқа қалай енетіні – басқа мәселе, – дейді ол.