Кремль Думаға жоғары лауазымды шенеуніктердің зейнетке шығу мерзімін 60-тан 70 жасқа дейін ұзарту жайлы ұсыныс түсірді. Бұл бастама заң боп бекісе, саяси элитаны жасарту реформасы шегерілмек.
Кремльдің айтуынша, «Ресей халыққа қызмет көрсету саласын жетілдіру үшін тәжірибелі, білікті кадрлерді қызметте ұстап тұруға мұқтаж».
Лауазымды қызметкерлердің зейнет жасын 60-тан 70-ке дейін ұзарту туралы заңның себебін президент Владимир Путиннің әкімшілігі ресми түрде осылай түсіндіреді.
Мәскеулік саяси сарапшы Евгений Минченко Азаттық радиосының тілшісіне бұл бастаманы Путиннің консервативтік жолмен басқару стилінен туындап отырған қауіпті құбылыс деп сипаттады.
- Путин өзі еті үйреніп қалған адамдармен жұмыс жасағанды жақсы көреді. Оның ел басқару мәнері өте ескі. Кремль БАҚ тарапынан мұндай реакция болады деп күтпеді. Олар бұл ұсынысты ақырын ғана білдірмей өткізіп жібереміз деп ойлады. Бірақ Путинмен бірге билікке келгендердің лауазымдарын мейлінше ұзақ сақтап, қызметтерін балаларына қалдырып кеткісі келетін жанталасы жағдайды ушықтыра түседі. Себебі осының кесірінен «Медведевтің буыны» деп аталатын 35 жас шамасындағы жастарға орын қалмайтын түрі бар. Осының өзі-ақ элитаның ішінде наразылық туғызды. Егер елдегі қоғамдық шиеленістер мен саяси теке-тірестер қатты өршіп кетсе, саяси элитаның бұл ішкі наразылығы анық көрінбекші, - дейді Минченко.
Жаңа заң мемлекеттік қызметтегі «А» категориясына арналған. Оған министрлер, федералдық агенттердің басшылары және олардың орынбасарлары, аймақтарға және парламенттің екі палатасына тағайындалатын президент уәкілдері, президент әкімшілігінің басшылары және президент кеңесшілері жатады. Қазіргі заң бойынша олар алпыс жаста зейнетке шығуы керек. Бірақ, президенттің жарлығымен 65 жасқа дейін де жұмыс жасай алады.
Ресей ғылым академиясында элитаны зерттеумен айналысатын әлеуметтанушы Ольга Крыштановскаяның айтуынша, шенеуніктерді шапшаң «жасарту» реформасы арқылы Дмитрий Медведев билікке келген алғашқы екі жылда губернаторлардың жасын 14 жылға жасартқан. Оның бұл әрекеті элитаның ішінде бөлшектену туғызған. Қазір Владимир Путин бәрін баз қалпына түсіруге тырысып жатыр.
Әлеуметтанушының сөзінше, саяси элитаның орнығып қалған кәрі буыны мен Путин соңғы сайлаулар кезінде екпіні ерекше байқалған оппозициялық қарсылықтан қауіптеніп отыр. Соңғы президент сайлауы кезінде дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деп санайтындар саны артты. Сондықтан Путин ескі буыннан барынша көп қолдау тілейді.
- Путин қазір диллеманың алдында тұр. Енді Путин өзіне жақын саяси таптың қолдауынан айырылатын болса, келешекте арқа сүйейтін ешкімі қалмайды. Әділетсіз сайлаудан туындаған легитимдік дауы саяси дағдарыс тудырды. Путин саяси тапқа түсінікті ишара жасап отыр. Ол өзін олардың қорғаушысы етіп көрсетіп жатыр, - дейді Крыштановская.
Зерттеуші Путиннің шенеуніктердің зейнет жасын ұзартам деген ниетін Ресейдегі шайқалып кеткен кемені тоқтатам деп тыраштанып жатқан әрекет деп бағалайды.
- Егер қоғам толқып, элита арасында ыдырау жүріп жатса, онда төңкеріс болмай қоймайды. Президент не халыққа, не бюрократияға сенім арту керек. Амал не, қазір екі жаққа жағу да оңай емес, - дейді Крыштановская.