Батыс Ресейдің Украинаға қатысты кампаниясын насихаттауын тұрпайы әрі қарадүрсін көрген еді. Бірақ Ресейде дәл қазір ол үгіттің ықпалы жүріп тұр. Алайда сарапшылар мұның ұзаққа бармасын айтады.
Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада мемлекеттік думаның бірлескен отырысында: «Ресейліктердің 92 пайызы Қырымды аннексиялауды қолдады» деп мәлімдеді.
Ресейдің беделді социологы, тәуелсіз «Левада-Центр» зерттеу орталығының басшысы Лев Гудков «президент көрсеткішті асыра айтты, алайда тым артық кеткен жоқ» дейді. Гудков Gazeta.ru сайтына берген сұхбатында ресейліктердің 80 пайыздайы «Қырым Ресей құрамына енгені дұрыс» деп есептейтінін айтты.
ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ ҚУАТЫ
Соңғы бірер апта бойы Батыс Ресейдегі билікке жақын ақпарат құралдарының Украинадағы оқиғаларға қатысты мәліметтерді бұрмалап бергеніне мысқылдай қараған. Расында да «Неонацистер жасаған мемлекеттік төңкерістің аяғы антисемитизм мен орыстілділерді қудалауға ұласты, бұл босқындардың гуманитарлық дағдарыс пен аласапыраннан қашуына әкеп соқты» деген сынды қисынсыз жаңалықтарға кім сенуі мүмкін?
Негізі бар фактілердің айқындығы соншалық, олар Кремльдің жаңалық жазатын саяси технологтарының бұрмаланған әрі жалған сөздерін әшкерелейді. Бірақ әлдекімдер оларға да сенеді екен.
Лев Гудковтың мәліметінше, 2013 жылдың қарашасында Киевте жаппай шеру
басталғаннан биыл ақпанда президент Виктор Янукович биліктен құлатылғанға дейін ресейліктердің көпшілігі Украинадағы оқиғаларды ол елдің ішкі ісі деп бағалап, «оған Ресей араласпауы керек» деп жауап берген.
Ал қазір ресейліктердің 79 пайызы Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде көрсе, 58 пайызы Ресейдің Қырымда әскери жасақтар орналастыруын қолдап отыр.
«Ақпанның соңғы аптасында басталған науқан қарқындылығымен, агрессиялы екпінімен ерекшеленген. Ол қоғамдық пікірді түбегейді өзгертті» дейді Гудков. Оның сөзінше, «үгіт-насихат жұртқа қатты әсер еткен – қазір бәрінің империялық комплекстері оянып, қозып отыр».
Путиннің беделі қайта артып, халық соңынан еретін болды. Бұл – 2007 жылға оралу. Осымен іс біткені ғой?
Бірақ асығыс түйін жасамайық. Гудковтың сөзінше, Кремль үшін қазір пайдалы
насихат түбінде тұрақсыз әрі келеңсіз болуы да мүмкін. «Біраз уақыттан кейін оның әсері азаяды да, халық ойлана бастайды» дейді сарапшы.
«Одан соң жұрт басылады. Себебі насихаттың табиғаты осы. Оның ықпалы объектісіне тікелей байланысты. Халықты биліктегі адамдардың білікті әрі арлы екеніне сендіру өте қиын. Ал америкалықтар Ресейден асырап алған балаларды азаптайды дегенге керісінше оңай сенеді, себебі бұны тексеру мүмкін емес» дейді Гудков.
Оның сөзінше: «Негізінде насихат балама түсінікті жояды. Ол адамдарды толығымен сендірмесе де, «саясат – мүдделі топтар арасындағы тартыс, оларға ешкім сенбеу керек» деген сияқты немкеттілікке толы көзқарастар таңады».
«КРЕМЛЬ ТАБЫСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН»
Әлеуметтанушының айтуынша, «дәл осынысы арқылы Кремль өз табысының құрбанына айналуы мүмкін».
«Кремльдің саяси технологтары мен манипуляторлары мұның кейін Ресей билігіне кері әсер ететінін ұқпай отыр. Себебі патерналистік мемлекет ұғымы орныққан елдегі әлеуметтік процестерге бұндай көзқарас нығайтылса, билікке деген негавтивті позиция міндетті түрде күшейеді» дейді Гудков.
Оның болжамынша, «мұның ақыры қазіргі Ресей билігі мен Янукович режимі
арасындағы ұқсастықтармен аяқталуы мүмкін».
Путин командасының біреулерді таңдай қақтырып отырған жеңісі келе жатқан дауылдың жаршысы деп болжап отырған жалғыз Гудков емес.
Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко «Независимая газета» газетінде «Путин элитамен де, қоғаммен де қарым-қатынасын өзгертті, енді қауіп екі жақтан да төніп тұр» деп жазады.
«Президент тіпті кейбір билік өкілдері де оның Қырымға қатысты әрекеттеріне риза емес екенін білуі тиіс. Бұл жайт олардың президентке деген наразылығын арттырып жатыр» дейді Малашенко.
«Ол әлі де ұзақ уақыт президент болады. Бірақ енді «мызғымас қолдауға» ие болмас. Бұрынғы қауіпсіздік қызметінің офицері ретінде өзі де бұны сезуі тиіс. Националистік екпінді ұзақ уақыт бойы сақтап тұру өте қиын. Таяу уақытта халықтың уақытша бөлінген назары қайтадан инфляция сияқты мәселелерге ауады».
«ПУТИН ЕНДІ НЕ ІСТЕЙДІ?»
«Независимая газета» газетіне берген соңғы сұқбатында саяси сарапшы Николай Петров үрейлі болжам жасаған. «Путиннің рейтингі өсіп, режимінің заңдылығы күшейеді. Алайда бұл аса қысқа уақытқа созылады» дейді Петров.
«Бұл жеңістің құны белгілі болғанда, халықтың оған дайын еместігі анықталады. Соғысқа қатысуға, Батыстың қатаң санкцияларының астында өмір сүруге дайын еместігі белгілі болады. Ол кезде Путиннің міндеті қысқа уақыттың ішінде репрессивті механизмдер ұйымдастыру болмақ. Яғни қоғамның құлшынысы басылғанда елді басқару жүйесін сақтап қалу керек қой» дейді ол.
Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына жасалып отырған қысымға қарап (біраз уақыт бұрын кабельдік желілерден алынып тасталған «Дождь» телеарнасы жалдап отырған жерінен айырылды), ол репрессивті механизмдер әлден-ақ қолданылаа бастады ма деген ой түйесіз.
Азаттық тілшісі Брайан Уитмордың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан.
Ресейдің беделді социологы, тәуелсіз «Левада-Центр» зерттеу орталығының басшысы Лев Гудков «президент көрсеткішті асыра айтты, алайда тым артық кеткен жоқ» дейді. Гудков Gazeta.ru сайтына берген сұхбатында ресейліктердің 80 пайыздайы «Қырым Ресей құрамына енгені дұрыс» деп есептейтінін айтты.
ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ ҚУАТЫ
Соңғы бірер апта бойы Батыс Ресейдегі билікке жақын ақпарат құралдарының Украинадағы оқиғаларға қатысты мәліметтерді бұрмалап бергеніне мысқылдай қараған. Расында да «Неонацистер жасаған мемлекеттік төңкерістің аяғы антисемитизм мен орыстілділерді қудалауға ұласты, бұл босқындардың гуманитарлық дағдарыс пен аласапыраннан қашуына әкеп соқты» деген сынды қисынсыз жаңалықтарға кім сенуі мүмкін?
Негізі бар фактілердің айқындығы соншалық, олар Кремльдің жаңалық жазатын саяси технологтарының бұрмаланған әрі жалған сөздерін әшкерелейді. Бірақ әлдекімдер оларға да сенеді екен.
Лев Гудковтың мәліметінше, 2013 жылдың қарашасында Киевте жаппай шеру
Ал қазір ресейліктердің 79 пайызы Қырымды Ресейдің бір бөлігі ретінде көрсе, 58 пайызы Ресейдің Қырымда әскери жасақтар орналастыруын қолдап отыр.
«Ақпанның соңғы аптасында басталған науқан қарқындылығымен, агрессиялы екпінімен ерекшеленген. Ол қоғамдық пікірді түбегейді өзгертті» дейді Гудков. Оның сөзінше, «үгіт-насихат жұртқа қатты әсер еткен – қазір бәрінің империялық комплекстері оянып, қозып отыр».
Путиннің беделі қайта артып, халық соңынан еретін болды. Бұл – 2007 жылға оралу. Осымен іс біткені ғой?
Бірақ асығыс түйін жасамайық. Гудковтың сөзінше, Кремль үшін қазір пайдалы
«Одан соң жұрт басылады. Себебі насихаттың табиғаты осы. Оның ықпалы объектісіне тікелей байланысты. Халықты биліктегі адамдардың білікті әрі арлы екеніне сендіру өте қиын. Ал америкалықтар Ресейден асырап алған балаларды азаптайды дегенге керісінше оңай сенеді, себебі бұны тексеру мүмкін емес» дейді Гудков.
Оның сөзінше: «Негізінде насихат балама түсінікті жояды. Ол адамдарды толығымен сендірмесе де, «саясат – мүдделі топтар арасындағы тартыс, оларға ешкім сенбеу керек» деген сияқты немкеттілікке толы көзқарастар таңады».
«КРЕМЛЬ ТАБЫСЫНЫҢ ҚҰРБАНЫНА АЙНАЛУЫ МҮМКІН»
Әлеуметтанушының айтуынша, «дәл осынысы арқылы Кремль өз табысының құрбанына айналуы мүмкін».
«Кремльдің саяси технологтары мен манипуляторлары мұның кейін Ресей билігіне кері әсер ететінін ұқпай отыр. Себебі патерналистік мемлекет ұғымы орныққан елдегі әлеуметтік процестерге бұндай көзқарас нығайтылса, билікке деген негавтивті позиция міндетті түрде күшейеді» дейді Гудков.
Оның болжамынша, «мұның ақыры қазіргі Ресей билігі мен Янукович режимі
Путин командасының біреулерді таңдай қақтырып отырған жеңісі келе жатқан дауылдың жаршысы деп болжап отырған жалғыз Гудков емес.
Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Алексей Малашенко «Независимая газета» газетінде «Путин элитамен де, қоғаммен де қарым-қатынасын өзгертті, енді қауіп екі жақтан да төніп тұр» деп жазады.
«Президент тіпті кейбір билік өкілдері де оның Қырымға қатысты әрекеттеріне риза емес екенін білуі тиіс. Бұл жайт олардың президентке деген наразылығын арттырып жатыр» дейді Малашенко.
«Ол әлі де ұзақ уақыт президент болады. Бірақ енді «мызғымас қолдауға» ие болмас. Бұрынғы қауіпсіздік қызметінің офицері ретінде өзі де бұны сезуі тиіс. Националистік екпінді ұзақ уақыт бойы сақтап тұру өте қиын. Таяу уақытта халықтың уақытша бөлінген назары қайтадан инфляция сияқты мәселелерге ауады».
«ПУТИН ЕНДІ НЕ ІСТЕЙДІ?»
«Независимая газета» газетіне берген соңғы сұқбатында саяси сарапшы Николай Петров үрейлі болжам жасаған. «Путиннің рейтингі өсіп, режимінің заңдылығы күшейеді. Алайда бұл аса қысқа уақытқа созылады» дейді Петров.
Халықтың соғысқа қатысуға, Батыстың қатаң санкцияларының астында өмір сүруге дайын еместігі белгілі болады.Саяси сарапшы Николай Петров.