Кремль «Украинада тайраңдаған фашизм» туралы жиі айтады. Алайда бұл елдің шығыс аймақтарында алауыздық қоздырып отырғандар, керісінше, Ресей әсіреұлтшылдары.
Бұған дейін Александр Бородай ұлтшылдық идеясын зерттеумен айналысып келген, қалың ел көп танымайтын саяси кеңесші ғана еді. 1993 жылы сол кездегі Ресей президенті Борис Ельцинге қарсы шығып, үкімет үйіне кіріп, баррикада жасаған топтың ішінде болды.
Ол орыс ұлтшылдарының «Завтра» газетіне үнемі мақала беріп тұрады. 2011 жылдан бері «День-ТВ» «патриоттық» онлайн телеарнасының құрылтайшысы.
РЕСЕЙДЕН БАРҒАН «ПРЕМЬЕР»
Мәскеуде туып-өскен, Ресей азаматы Бородай өткен аптада Украинаның шығысындағы сепаратистік аймақта өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасының» премьер-министрі болып «сайланды». Солайша, жұртқа беймәлім әсіреұлтшыл Украина жерінде қақтығыс ушыққан аймақтың «басшысына» айналып шыға келді.
Мұндай өзгерісті бастан өткеріп жатқандар жетерлік. «Кешегі маргиналдар бүгінгі саясатты жүргізетін болды» дейді ресейлік тележүргізуші, қазір Киевте жұмыс істейтін саяси сарапшы Евгений Киселев.
1990 жылдары «НТВ» телеарнасында «Итоги» бағдарламасын жүргізген Киселев кейін Кремльмен келіспей, Ресейден кетіп қалған еді. Оның пікірінше, Бородай мен «Завтра» газетінің негізін қалаған, әрі осы басылымның бас редакторы Александр Проханов сияқты маргиналдардың идеясы қазір «Ресей сыртқы саясатының бағытын айқындап тұр».
Оған Павел Губарев те мысал бола алады. Осы жылдың наурызында ол ешқандай мемлекет мойындамаған Донецк республикасының «халық губернаторы» болып сайланды. Іле-шала оның 12 жыл бұрын түскен суреті интернетке жарияланды. Онда Губарев «Орыс ұлттық бірлігі» жартылай әскери ұйымының мүшесі ретінде әскери киіммен тұр.
Маусымның 6-сы күні Facebook парақшасында Украина азаматы Губарев бұл топқа мүше болғанын растады. Эмблемасы свастикаға (фашистердің айырым белгісі) ұқсайтын топқа Губарев «әскери дайындықтан өткізгені үшін» алғыс айтады. Ол «Украина армиясы ондай әскери дайындықтан өткізе алмас еді» деп жазған.
УКРАИНАДАҒЫ «ОРЫС ҰЛТТЫҚ БІРЛІГІ»
«Орыс ұлттық бірлігі» - Ресейдегі этникалық азшылық өкілдерін жәбірлеумен аты шыққан ұйым. 2009 жылы құқық қорғаушы Станислав Маркелов пен журналист Анастасия Бабурованы өлтірді деген айып тағылған осы ұйымның бұрынғы екі мүшесі қазір қамауда отыр.
Қозғалысты құрған ұлтшыл Александр Баркашов 1993 жылдың қазан айында болған Ресейдегі конституциялық дағдарыс кезінде жартылай әскери құрылымдарды басқарған.
Донецк пен Луганск облыстарында тәуелсіздік туралы референдум өтерден бірнеше күн бұрын – мамырдың 7-сі Украина қауіпсіздік қызметі Баркашов пен сепаратистер жетекшісінің телефон әңгімесін жариялады. Онда Баркашов референдум нәтижесін қалай өзгерту керек екені жөнінде кеңестер береді.
1990 жылдары «шексіз, әрі қызыл» ұлтшылдық идеясын насихаттаған Александр Дугин наурыз айының соңында Губаревтің әйелі Екатеринамен Skype арқылы сөйлеседі. Олардың әңгімесі YouTube сайтында жарияланды. Олар Украинаның шығысындағы қазіргі жағдайды талқылайды. Бұл - сепаратистер үкімет ғимаратын басып алардан бір апта бұрын болған әңгіме.
ӘСІРЕҰЛТШЫЛДАР ГАЗЕТІ
Украинадағы бүлікке қатысқан ресейлік ұлтшылдардың кейбірі - Прохановтың «Завтра» газетіне қатысы бар адамдар. Бородай мен «Донецк халық республикасының» қорғаныс министрі Игорь Гиркин (лақап аты - Стрелков) - басылымның тұрақты авторлары. Ресей қосып алған Қырымның премьер-министрі Сергей Аксенов те осы топқа жатады.
Бұл топтың тағы бір өкілі Алексей Худяков - Ресейге келетін сыртқы миграцияға қарсы құрылған «Мәскеу қалқаны» («Щит Москвы») тобының бұрынғы жетекшісі. Өткен жылы бұл топтың бетперде киген мүшелері Мәскеуде мигранттар жатақханасына шабуыл жасаған еді.
Ол шабуылды мына жерден көре аласыз:
Худяков наурыз айында тұтқындалды. Бірақ сепаратистер Донецк облысы әкімдігі ғимаратын басып алғаннан кейін босатылды.
«Завтра» газеті «1992 жылы Молдованың Приднестровье аймағында ресейшіл сепаратистермен бірге соғысуға ниет білдірген Ресей еріктілеріне біз ықпал еттік» деп мақтанады.
Сарапшылардың пікірінше, ұлтшыл топтар сепаратистерді тікелей басқармайды, оларды тек айдап салып отырады. Мәскеудегі «Сова» орталығының директоры Александр Верховский «Бұған қарап, әсіреұлтшылдар маңызды рөл атқарады деуге болмайды» дейді. «Сова» орталығы ксенофобиялық әрекеттер (өзге ұлт пен нәсілді жек көру - ред.) мен оңшыл топтарды зерттеумен айналысады. «Еріктілерді жасақтайтын кісілер ұлтшыл ұйымдарда жүрген адамдардан бөлек сияқты көрінеді» дейді Верховский.
МАРГИНАЛДАР МЕН КРЕМЛЬ
Оның үстіне, Украинадағы сепаратистер Ресейден барған экстремист еріктілерді жақтыра бермейді. Мәселен өткен айда «Красный Блицкриг» ұлтшыл-социалистік тобының жетекшісі Андрей Морозов (лақап аты - Мурз) Славянскіге ерікті ретінде барды. Бірақ кейін ол блогына сепаратистердің өзін тыңшы деп ойлағанын жазды. Оны қолына кісен салып, бірнеше күн бойы азаптаған екен. Кейін оны Ресей территориясына апарып тастаған.
Морозовтың жазуынша, мұнан соң оны ресейлік шекарашылар ұстап алып, шекараны заңсыз кесіп өткені үшін 2000 рубль (шамамен 60 АҚШ доллары) айыппұл төлетеді.
Қалай болғанда да, Украина дағдарысы Кремль мен оған кейде қарсы шығып тұратын ұлтшылдарды әбден жақындатқан сияқты. Мәселен, бірнеше жылдар бойы «Стратегия-31» қозғалысының жиынына тыйым салынып келген еді. Бұл шерулерде үнемі қозғалыс жетекшісі Эдуард Лимонов тұтқындалатын.
Бірақ мамырдың 31-і күні билік Лимоновтың шеру өткізуіне рұқсат етті. Себебі ол Кремльдің саясатын қолдап, «АҚШ, Еуропа Одағы және Киев Украина халқына қарсы соғыс жариялады» деп мәлімдеді. Маусымның 10-ы күні Лимоновтың «Өзге Ресей» («Другая Россия») ұйымы Славянскідегі сепаратистерге көмек көрсететін еріктілерді жинай бастады.
(Том Бэлмфордтың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)