2014 жылы Сочиде паралимпиада өтеді. Оның қарсаңында Ресей мүгедектер мүмкіндігін арттыру амалдарын қарастырып отыр. Елде мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиісті жағдай жасалмаған.
Ресейде 13 миллион мүгедек бар. Солардың бірі - Мария Генделева. Ол 25 жаста, бірақ оның мүгедектер арбасымен жүргеніне 10 жылдан асты. Мария көлік апатынан аяғынан айырылған.
Қазір оның жұмысы бар. Жеке көлігін өзі жүргізеді. Қоғамдық өмірге де белсене араласады. Инфрақұрылымы нашар дамыған, қоғамды ақпараттандыру ісі дұрыс жолға қойылмаған Ресей сияқты елде мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамнан алшақтап қалған.
Мария сияқты мойымай күресіп келе жатқан жандар ілуде біреу ғана.
«КЕДЕРГІЛЕР БОЛМАСА ТАҢ ҚАЛАМЫН»
Шашы иығына төгілген мәскеулік жас ару қазіргі өмірінде кедергі көп екенін айтады. Ол мүгедектерге арналған жолдары жоқ қаладағы арбамен жүрудің азабын әңгімелеп берді. Мәселен, мүгедектер үшін ғимаратқа кірудің өзі - үлкен проблема.
- Етім өліп кеткені сонша, мүгедектерге арналған жолдардың жоқ екенін байқамайтын да болдым. Мен қазір керісінше, ешқандай кедергілер кездеспесе таңғалатын жағдайға жеттім, - дейді Мария.
Ресей мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысын жеңілдету мақсатында бірқатар шаралар атқарды. Оның ішінде 2012 жылдың мамырында Мүгедектер құқы туралы БҰҰ конвенциясын бекітті. Мүгедектерге арналған «Қолжетімді орта» деген бағдарлама бар.
АЛАЛАУ ЖОЙЫЛСЫН
Сочи паралимпиадасы наурызда болады. Ресейде олимпиада бұған дейін бір рет, 1980 жылы өткен еді. Ол кезде СССР билігі Мәскеуде паралимпиада өткізуге келіспей, «Совет Одағында мүгедек жандар болмауы керек» деп мәлімдеді.
Одан бері Ресейде мүгедектерге деген көзқарас көп өзгерді. Бірақ мүмкіндігі шектеулі 13 миллион адамға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді, олар қиыншылықтарымен жалғыз күресуге мәжбүр.
Өткен айда жасаған баяндамасында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Ресейдегі мүгедектерге арналған қызмет пен инфрақұрылымның нашар екенін айтты. «Қаумалаған кедергі» деп аталатын 108 беттік баяндамада «пәтерінде пандус (баспалдақтың жанынан жасалатын арба жолы - ред.) немесе лифт болмағандықтан мүгедектердің көбі үйден шыға алмайтыны, торға қамалғандай болып отырғаны» баяндалды.
Ал салынған пандустардың өте тік, құлама екені, оларға кіретін жолды шам бағанасы, сатушылардың дүңгіршегі немесе тұраққа қойылған автокөліктердің бөгеп қалатыны айтылған.
Қоғамдық көлік те кейде мүгедек жандардың өміріне қауіп төндіреді. Ұйым өкіліне сұхбат берген зағип адам метро платформасынан үш рет құлағанын, қолын сындырып алғанын айтқан. Платформа жиегінде тактильді белгілер (көзі нашар көретін адамдарға арналған белгілер) болмаған.
Арбамен жүретін мүгедектерге арналған есігі бар автобустар аз және оларды ұзақ күту керек. Human Rights Watch дерегі бойынша, жүргізушілер көбіне басқа жолаушылар көп тұрғанға наразы болмасын деп, мүгедектерді күтпей кетіп қалады.
Ресейде мүгедектерге арналған таксилер де бар, бірақ олар қымбат. Оның үстіне тапсырыс бірнеше күн бұрын берілуі керек. Human Rights Watch өкілі Татьяна Локшина:
- Белсенді өмір сүріп, яғни жұмыс істеп, адамдармен араласқысы келетін жандар ондай мүмкіндікке жете алмай отыр, - дейді.
Human Rights Watch дерегіне сүйенсек, Ресейдегі мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс беруші тарапынан кемсіту көріп, білім алу құқықтары шектеледі, сапалы медициналық көмек ала алмайды. Ресми статистика бойынша, мүгедектердің 80 пайызы жұмыссыз отыр.
Құқық қорғаушылар «мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиісті жағдай жасау үшін Ресей билігі көп жұмыс істеуі керек» дейді.
- Оларды жұмыспен қамту үшін Ресейде жеке жұмыс орнын ашады. Бұл дұрыс емес, олар дені сау адамдармен қатар жұмыс істеуі тиіс. Мүгедек балалардың білім алуына жағдай жасап қана қоймай, осы балалардың кәдімгі мектепте, басқа балалармен бірге оқуына рұқсат беру керек, - дейді Локшина.
МАРИЯНЫҢ КҮРЕСІ
Генделева өзі қалағандай өмір сүру үшін аянбай күресті. Анасы екеуі көпқабатты үйге арнайы баспалдағы бар лифт орнату үшін жергілікті билікке өтініш түсірді. Бірнеше жыл бойы Ресейдегі қоғамдық көліктің мүгедектерге дұрыс қызмет көрсетпейтінін айтып, билік орындарының табалдырығын тоздырды.
Одан нәтиже шықпайтынын көрген соң, Мария жеке көлік алуға қаржы жинады. Мәскеуде жүргізушілерді даярлайтын мектептердің көбі мүмкіндігі шектеулі адамдарды қабылдамайды. Генделева олардың шешімін бірнеше ай күткен. Автокөлік сатып алғаннан кейін оны мүгедек адамға ыңғайлап өз қаржысына қайта жасатты.
Ол аяғынан айырылғаннан кейін бірнеше жұмыс орнын ауыстырды. Тіпті егде адамдарға өнерден сабақ та берді. Мария алты жылдан бері Мәскеудегі мүгедектердің құқын қорғайтын «Перспектива» тобында жұмыс істеп келеді.
Қазір ол жұмыс бабымен, кейде өз бетімен жиі саяхаттайды, шетелге де барып тұрады. Бірақ Генделеваның бойындағы қажыр-қайрат көп адамда жоқ. Ресейде мүгедек адамдар саяхатқа шығуды азап көреді. Сондықтан олар аман-есен үйде жатқанды жөн санайды.
- Олардың көбі көмек сұрағысы келмейді. Іштен тынып отыра береді. Өйткені, өмірінде кедергі тым көп. Олар осыған күйінеді. Ақыры үйден шықпай, тыныш жатқанды жөн көреді, - дейді Мария Генделева.
Генделева мен басқа да құқық қорғаушылар Сочиде өтетін паралимпиада Ресейдегі мүгедектердің мүшкіл халіне биліктің назар аударуына себеп болар деп үміттенеді. Паралимпиада билеттері өткен аптадан бастап сатылып жатыр.
2012 жылы Лондондағы паралимпиада ойындарында ресейліктер жақсы нәтиже көрсетті. Бұл жолы билеттің бағасы да төмен. Бірақ шенеуніктер биылғы паралимпиадаға Ресей тұрғындары көп назар аудармайды, қызықпайды деп алаңдайды.
Ресей Паралимпиада комитетінің төрағасы Михаил Терентьев «Сочидің жаңа, үлкен стадионын толтыратындай көрермен жиналмайды» деген қаупін айтты.
Том Бэлмфорт пен Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тіліне аударған – Динара Әлімжан.