Оның тағдыры мүгедек жандардың бүгінгі өмірінен хабар береді. Бала кезінен сал дертіне шалдықса да, қиындыққа мойымай, бойындағы қабілетін өз күшімен дамыта білген теміртаулық Денис Хасановтың өмірі көпке үлгі бола алады.
Репортаж кейіпкері сөйлей алмағандықтан, оның өзімен әңгімелесе алмадық. Баласы туралы айтып беруге келіскен анасының сөзін құптайтынын ол дыбыстап және эмоция арқылы білдіріп отырды.
ШЕКТЕУЛІ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Кішкентай Денистің орталық жүйке жүйесінің зақымданғанын (ДЦП) анасы Лариса Хасанова бірден байқамапты. Қазір ол «басында кәдімгі бала болатын» деп еске алады. Денистің дамуындағы кейбір ауытқуларды ата-анасы бала бір жасқа толар кезде бір-ақ байқаған. Ата-анасы баланың ойыншықтарды қолымен ұстай алмайтынын, өзі құралпы балалардан өзгешелеу екенін осы кезде барып аңғарыпты. Кейін дәрігерлер босану кезінде алған зақымнан бала ДЦП дертіне шалдыққан деп тапқан.
Екінші баласының да мүгедек болып туғаны Хасановтар отбасын қатты күйзелткен. Бұл отбасының Денистен үлкен ұлы да ДЦП-ның жеңілдеу түрімен ауырады. Ақыры науқас екі баланың анасына жұмыстан шығуға тура келген. Бірақ еңсесін түсірмеген ата-анасы Денисті барынша дамытуға күш салып, емдеуге тырысқан. Баланың ерекше қабілеттері сәби кезінен байқалған екен. Ол ойыншықты аяғымен көтеріп- қойып, аяқтарымен сурет салуға талпынған.
- Шамамен жеті жасында оның аяқ-қолдарына аса күрделі әрі қымбат 12 операция жасау қажет болды. Дәрігерлер бірнешеуін жасады. Бірақ баламыз наркоздан қатты қиналып, жарасы да көпке дейін жазылмай, азапқа түскен соң күйеуім мұндай операцияларды жасауға тыйым салды, - дейді Лариса Хасанова.
Ол заманда Қазақстанда мүгедектерге арналған оңалту орталықтары да, басқа клубтар да болмаған. Тіпті ДЦП жайында, бұл дерттен оңалтуға арналған іс-шаралар туралы мағлұмат жоқтың қасы еді.
Анасының айтуынша, Денистің өз бетінше әрекет етуге қабілетсіз, жарымжан жан екенін 16 жасында сот арқылы дәлелдеуге тура келген. Кейін Денис мүгедек деп танылып, анасы тағы да сот арқылы ұлының қамқоршысы ретінде бекітіледі. Алайда дұрыс қойылмаған диагноздың кесірінен Денис мұндай науқастарға берілетін әлеуметтік және тегін мемлекеттік көмекті қазір толық ала алмай отыр.
- Егер «өз бетінше әрекет етуге қабілетсіз жан» дегеннің не екенін, оның баламның болашағына кесірі тиетінін ол кезде білсем, балама мына мүгедектікті бергізбес те, өзім оның қамқоршысы деген статусты алмас та едім. Жалпы, осы мәселені қоғам талқысына салу қажет. Енді соның кесірінен баламның бүкіл өмірі ақсады, құқығы шектелді. Медкомиссия оған жеке көмекші де, санаторий-курортқа барып емделуге тегін жолдама да берілмейді деген шешім қабылдады. Сөйтіп Денисті емделу мүмкіндігінен айырды, - дейді Азаттық тілшісіне Лариса Хасанова.
Қазір Денис мемлекеттен памперс, мүгедек арбасы мен мүгедектігі үшін төленетін 27 мың теңге жәрдемақы ғана алады. Ата-анасы жер салығын төлеуден босатылған. Баласына қала ішінде автобуспен жүруге берілетін 2 мың 600 теңге өтемақыға анасы биыл қол жеткізіпті. Басқа жеңілдік алмайды.
Денистің анасы жеке көмекші сұрап халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жазған екен. Бірақ әзірше жауап жоқ. Мүгедектердің ерікті қоғамының көмегімен Денис инватакси қызметін тегін пайдаланады. Арнайы көлік мүгедек арбадағы жігітті айтқан жеріне апарады.
ШТАНГА, СУРЕТ ЖӘНЕ МАССАЖ
24 жастағы Денистің жақсы көріп шұғылданатын істері көп. Күн сайын бірдеңемен айналысып жатады. Мүгедектер арбасында отыруы сирек, өзін жайлы сезінетіндіктен, еденде жатқанды жақсы көреді. Ата-анасы бөлменің бір бұрышын Дениске арнап жабдықтап беріпті.
Қатты сірескен қолдарын жұмса, ашуы қиын болғандықтан, қолымен ештеңе істей алмайды. Анасы оны қасықпен тамақтандырып, қолтығынан демеп жүреді.
Есесіне аяқтарының күші көп. Кейде ол тіпті тізерлеп орнынан тұрып, жүруге талпынады. Бірде құлап қалып, басын қатты ұрып алып, есінен танып қалғаннан бері ата-анасы жанында ешкім жоқта Денистің тұруына рұқсат етпейді. Жас жігіт қол орнына аяқтарын епті пайдаланады: аяқ саусақтарымен басып приставкада, компьютерде ойнайды, сурет салады, массаж жасайды. Ең үлкен жетістігі – өз салмағы 47 килограмм ғана болғанымен, 150 килограмдық штанганы аяқтарымен сығымдап көтереді.
- Аяқтарының күші көп. Айтпаса да, адамның ауырған жерін бірдеңе етіп сезетін қасиеті бар. Ауырған тұсын аяғымен басып көріп, сылап-сипайды. Осындай массажды талай адамға жасап берді. Көбі «ауырғаны басылып кетті» деп жатады. Кейбір сөздер мен дыбыстарды ғана ежіктеп айтады. Сөйлей алмағанымен, құлағы өте сақ. Басқа бөлмеде отырса да, жабық есіктің ар жағындағы менің сыбырлап әңгімелескенімді естіп қояды, - дейді Денистің анасы.
Денис түрлі жануарлардың резеңкеден жасалған ойыншық кескіндерін жинайды. Суреттерінің идеясын көбінесе өзі жақсы көретін мультфильмдерден алады. Баланың аңғал суреттеріне ұқсағанымен, аяғының күшімен салған бейнелердің оған қаншалықты қымбатқа түскенін аңғаруға болады. Денистің суреттерінің бірі 10 еуроға сатылыпты.
- Сурет салғанда біреудің көмектескенін қаламайды. Бірдеңе айтып, көмектессең. ашуланады. Бірақ өзі жоқта кейбір жуан түскен сызықтарын өшіріп қоямын. Суреттегі ұсақ детальдарды салған кезде қиналады, - дейді Денис Хасановтың анасы.
Спорт жарыстарында Денисті қолдайтын достары бар. Ол жұртпен араласқанды, әсіресе балаларды қатты жақсы көреді. Бірақ кейде өзімен өзі болғысы келіп, туыстарын пәтерден шығарып жібереді екен.
ҚОҒАМДА ОРНЫН ТАБУ
Аяқтарымен штанганы сығымдап көтеретін Денис Хасанов қазір спортпен шұғылданады. Оған ағасы Дима көмектеседі. Әкесі пәтер ішінен шағын спорт кешенін жабдықтап беріпті. Денисті мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық жарыстар мен шығармашылық фестивальдеріне қатысуға жиі шақырады. Теміртауда штанганы аяқтарымен алғаш көтерген, алғаш аяғымен сурет салған адам осы Денис екен. Алған медаль, грамоталары да көп.
Қазір ол дәрігерге қаралмайды. Ата-анасы баласына медициналық процедураны өздері жасайды. Анасының айтуынша, жұрт Денисті «оптимист» дейді.
- Меніңше, емделсе біраз оңалатын сияқты. Бірақ оны шетелге емдетуге апару үшін ақша, демеуші керек. Мемлекеттен тиетін көмек жоқ. Ал екі бірдей мүгедек баласы бар, отағасы ғана жұмыс істейтін отбасында ақша қайдан жетсін? - дейді Лариса Хасанова.
Қазір Денис Теміртауда өтіп жатқан «Разные — равные» республикалық конкурсына қатысып жатыр. Оны жұрт ерекше қабілет иесі ретінде таниды.

Дәрігерлер бірнеше операция жасады. Бірақ бала наркоздан қатты қиналып, жарасы да көпке дейін жазылмай азапқа түскен соң күйеуім мұндай операцияларды жасауға тыйым салды.
Ол заманда Қазақстанда мүгедектерге арналған оңалту орталықтары да, басқа клубтар да болмаған. Тіпті ДЦП жайында, бұл дерттен оңалтуға арналған іс-шаралар туралы мағлұмат жоқтың қасы еді.
Анасының айтуынша, Денистің өз бетінше әрекет етуге қабілетсіз, жарымжан жан екенін 16 жасында сот арқылы дәлелдеуге тура келген. Кейін Денис мүгедек деп танылып, анасы тағы да сот арқылы ұлының қамқоршысы ретінде бекітіледі. Алайда дұрыс қойылмаған диагноздың кесірінен Денис мұндай науқастарға берілетін әлеуметтік және тегін мемлекеттік көмекті қазір толық ала алмай отыр.
- Егер «өз бетінше әрекет етуге қабілетсіз жан» дегеннің не екенін, оның баламның болашағына кесірі тиетінін ол кезде білсем, балама мына мүгедектікті бергізбес те, өзім оның қамқоршысы деген статусты алмас та едім. Жалпы, осы мәселені қоғам талқысына салу қажет. Енді соның кесірінен баламның бүкіл өмірі ақсады, құқығы шектелді. Медкомиссия оған жеке көмекші де, санаторий-курортқа барып емделуге тегін жолдама да берілмейді деген шешім қабылдады. Сөйтіп Денисті емделу мүмкіндігінен айырды, - дейді Азаттық тілшісіне Лариса Хасанова.
Медкомиссия оған жеке көмекші де, санаторий-курортқа барып емделуге тегін жолдама да берілмейді деген шешім қабылдады. Сөйтіп Денисті емделу мүмкіндігінен айырды.