Шымкентті шегіртке басты
Your browser doesn’t support HTML5
Маусымның 14-і түнде Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталығы орналасқан "Нұрсәт" ықшам ауданын шегіртке басып алды. Тұрғындардың сөзінше, қалың шегіртке түнгі сағат он бірлер шамасында соққан желмен бірге келген. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шаруалар егістіктерін шегіртке жалмап кеткенін айтып шағынды. Шенеуніктер «қалаға келгені - шегірткенің зиянсыз түрі» дейді.