Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Иран мен АҚШ жанжалы Каспий теңізі аймағына қалай әсер етеді?

Осы аптада Таяу Шығыстағы жағдай ушықты. Иран "генерал Касем Сүлейменидің өліміне кек алу үшін" 8 қаңтарда АҚШ-тың Ирактағы базасын атқылады. Сол күні Тегеранда украиналық жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Кейін оған Иранның зымыраны тигені белгілі болды. Бұл жағдайлар Каспий теңізі аймағына қалай әсер етеді? Сарапшыдан сұрап көрдік.

Your browser doesn’t support HTML5

АҚШ-Иран жанжалы Каспий аймағына әсер ете ме?

Иран құпия күштерінің отыз жылғы іс-әрекеті

Қаңтардың 3-іне АҚШ-тың әуе шабуылынан Касем Сүлеймани қаза тапқаннан кейін бірнеше сағат өткенде Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи Ислам революциясы сақшыларының “Құдс” құпия күштерінің жаңа басшысы етіп Исмаил Қааниді тағайындады. "Құдс" қандай құрылым?

Апелляция соты түрмеге қамалған журналисті ақтап, кешірім сұрады

Түркістан облыстық соты жергілікті шенеуніктің "ар-намысына тиіп, қорлаған" деген айыппен сотталған сарыағаштық журналист Амангелді Батырбековті ақтап, қамаудан босатты. Соттан репортаж.

"Тоқаев Абайды айтса да, Назарбаевты сөзінен тастамайды"

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл туғанына 175 жыл толатын қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы туралы мақаласында "өзгеріс керек деп байбалам салушыларды" мінесе, авторды сынаушылар "Биліктің өзі Абай айтқан жолмен жүрді ме?" деген сұрақ қояды.

Күйген қой, өлі коала. Өрт зардабын тартқан жануарлар

Австралияда бірнеше ай бұрын басталған өрт миллиондаған гектарға жуық аумақты алып, ел тарихындағы ең ауқымды өртке айналды. Қазір ел аумағындағы 180-ге жуық орман өртеніп жатыр. Азаттық өрттен жапа шеккен жануарлар мен құтқарушылардың қалай күш салып жатқаны бейнеленген суреттерді назарларыңызға ұсынады.

Күйген қой, өлі коала. Өрт зардабын тартқан жануарлар

"Бізге назар бұрыңыз". Ескі Жәйрем халқының Тоқаевқа хаты

Полиметалл кен орнына жақын орналасқан Ескі Жәйрем кентінің халқы өздерін өндіріс аумағынан алыс жерге көшіру мәселесін қайта көтерді. Кен орнын игеруші компания кентте экологиялық ахуал тұрақты деп санайды және алдағы уақытта өндіріс қуатын арттыруды көздеп отыр. Тұрғындар мәселені шешуді сұрап, Ақордаға хат жазды.

"Ақ жол" партиясы парламенттегі оппозицияға айнала ала ма?

Өзін "оппозициямыз" дейтін "Ақ жол" партиясы парламенттегі құқығын заңмен бекіткісі келеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр жыл соңында "заң шығарушы органда оппозиция керек" деген соң "Ақ жол" 2013 жылы әзірлеген заң жобасын қайта ұсынбақ.

Your browser doesn’t support HTML5

"Ақ жол" партиясы парламенттегі оппозицияға айнала ала ма?