Аптаның үздік жеті хикаясы

Ұлтаралық қақтығыс болған Қордай ауданы Масанчи ауылында жүрген күш құрылымдары қызметкерлері. Жамбыл облысы, 26 ақпан 2020 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Қазақтар мен дүнгендердің жанжалдан кейінгі өмірі

Ақпанның 8-іне қараған түні Жамбыл облысындағы Масанчи, Ауқатты және Бұлан батыр ауылдарында болған ұлтаралық қақтығыс салдарынан 11 азамат қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. 30 үй, 17 дүкен мен 47 автокөлік бүлінген. Билік мұны қылмыс оқиғасы деп сипаттайды. Азаттық тілшісі жанжал болған ауылдарға барып, ондағы халықтың төтенше режим жағдайындағы өмірімен танысып қайтты.

Назарбаевтың сыры кетіп, сынығы көрінген "алтын дәуірі"

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейінге қалдыратын мұрасына қатты алаңдайтынын көп жылдан бері байқатып келді. Тарих оқулықтарында өз есімі сүйіспеншілікпен аталуы үшін көп еңбектенді. Бірақ өткен жылы отставкаға кеткен Назарбаевтың бұл бейнесі көз алдында көмескіленіп барады.

"Қытай ұйғырларды әлемдік брендтермен серіктес фабрикаларда жұмысқа жеккен"

Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғырларды әлемге танымал брендтер өнімін шығаратын фабрикаларға мәжбүрлі түрде жұмысқа жіберген. Бұл туралы Австралия стратегиялық саясат институтының (ASPI) есебінде айтылады.

"Әкемнің абыройын ойлап көндім". Алып қашуды бастан кешкен қыздардың әңгімесі

Қазақстанда қоғам сынына қарамастан елдің оңтүстігінде қыз алып қашу әлі бар. Прокуратураның есебінше, былтыр Қазақстанда 210 қыз алып қашу оқиғасы тіркелген. Оның көбі Түркістан облысында болған. Алып қашуды басынан өткерген түркістандық екі қыз Азаттыққа көрген қиындықтарын айтып берді.

"Өзі таңдаған президент" және "жасанды сайлау". Freedom House есебінде не айтылды?

Штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан Freedom House халықаралық ұйымы биылғы есебінде "Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келген соң елде басталған наразылық шараларын билік күшпен басты" деп мәлімдеді.

Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын алды

Шыңжаңдағы саяси тәрбиелеу лагерьлері жайлы алғаш болып айтқан Қытай қазағы, қазір Швецияда тұратын Сайрагүл Сауытбай АҚШ мемлекеттік департаментінің "Батыл әйелдер" халықаралық сыйлығын (Annual International Women of Courage) алды.

Your browser doesn’t support HTML5

Помпео: Сайрагүлдің батылдығына бас иеміз

"Балаларды үйден шығармай отырмыз". Иран қазақтары коронавирус жайлы

Қытайда тараған коронавирустан ең көп зардап шегіп жатқан елдердің бірі Иран. Осы елдегі этникалық вирус тараған соң көшеде адам азайып, сақтық шаралары күшейгенін айтады.