Ресейдің мемлекет бақылауындағы «Россия-1» телеарнасы «көрерменді үкіметшіл ұлтшылдықпен, Кремльге ыңғайланып айтылған тарихпен арбап жатыр» деп айыпталады.
Наполеонды Ресейге шапқыншылық жасауға итермелеген зымиян поляк генералы жайлы естуіңіз бар ма? Естімедіңіз бе? Онда наурыздың 31-і күні «Россия-1» телеарнасын көруіңіз керек еді.
Азаттық тілшісі бір күн бойы «Россия-1» телеарнасын тамашалап, әлемді Ресейдің көзімен көруге тырысты.
«1812 ЖЫЛҒЫ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС»
Ресейдің басты мемлекеттік арнасында көрсетілген деректі фильмде генерал поляк генералы Михал Сокольницкий жайлы баяндалады. Фильмге қарағанда, «Сокольницкий Ресей империясын бөлшектеп, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аумақта Ресейден буферлік мемлекеттермен қорғалған Үлкен Польша мемлекетін құруды көздеген».
«Генерал Сокольницкийдің баяндамасынан: «Табиғи шекарасына тықсырылған, Балтық теңізі мен Қара теңіз жағалауларынан ажыраған, Ұлы империядан (Наполеон кезіндегі Франциядан - ред.) қол үзген, буферлік мемлекеттер мен агрессияға шұғыл жауап беруге дайын армияның бақылауындағы Ресей қомағай жоспарларынан бас тартып, озбырлық атаулыны мәңгілікке ұмытуға мәжбүр болады» дейді телеарна.
«Ресей зерттеушілері Париж маңындағы әскери мұрағаттан тапқан Сокольницкий жазбаларындағы деректер» отқа оранған Еуропа картасы фонында көрсетілген. «1812 жылғы соғыс: бірінші ақпараттық соғыс» деп аталатын деректі фильмде «поляктар Ресей империясында, Қырым татарлары мен Кавказ халықтары арасында этникалық қақтығыстарды тұтандырғысы келді» делінеді.
ТИМОШЕНКО МЕН СЕКТА
Наурыздың 31-інде «Россия-1» арнасы эфирі басқа күндерге қарағанда тыныш болды. Ресейдің ең қызба идеологтары – Дмитрий Киселев, Алексей Пушков, Александр Дугиннің ешқайсысы көрінген жоқ. Тіпті президент Путиннің өзі болар-болмас көрсетілді.
Бірақ телеарнада күні бойы бір сарынды тақырыптар мен көңіл-күй: «Ресей –
әлемдік хаос ортасындағы жалғыз дұрыс билік мекені», «Фашизм елесі дүниені кезіп жүр, сондықтан Ресей қырағы болуы тиіс», «Еуропа отқа оранып жатыр» деген емеурін қайталана берді
Кешқұрым ұзақтығы бір сағаттай «В прямом эфире» деп аталатын журналистік емес ток-шоу көрсетілді. Ол Украинадағы оқиғаларға арналған. Майданға қарсылар мен қатты қарсылар болып дауласқан қонақтар «жаңа украин элитасының ары» тақырыбында пікір таластырды. Студиядағы үлкен экранда өткен айдағы Киевтегі шерулерде жанып жатқан доңғалақтар көрсетіліп жатты.
Бағдарламада бұрынғы украин премьері Юлия Тимошенконың ішкі және сыртқы жауларды «Сталиннен жаман емес» деп білетіні» де айтылды. Оған қоса радикал «Оңшыл сектор» ұлтшыл қозғалысының белсенділері - Тимошенконың шабуылдаушылары» екені сөз болды. Бұған қоса Майдан шерулерінде «жүздеген адам қаза болып, мыңдаған адам жарақат алып, Киевтің орталығы мүлде қирап қалғанынан» да хабардар етілді.
Бір уақытта өзін психологпын деп таныстырған адам Тимошенконы «Белое
братство» сектасымен байланыстырды
Бұл – Донецкіден басталып, Совет Одағы құлаған соң жаңа тәуелсіз мемлекеттерді кезіп кеткен оғаш культ. Психолог зерттей келе осы сектаға кірген адамдар «ұлтшыл-социалистер» болып шығатынын байқағанын айтты.
Бағдарлама соңына таман өзін «Стоп Майдан» үкіметтік емес ұйымының жетекшісімін деп таныстырған Сергей Хижняк Киев маңындағы Бориспольден қашқан оқиғасын айтып берді. Ол бағдарлама жүргізушісі Борис Корчевниковке пәтерінің тоналғанын да баяндады:
Корчевников: – Пәтеріңізге не болды?
Хижняк: – Мен отбасымды мұнда алып кеткен едім. Көршілерім хабарласып, маска киген қарулы әлдебіреулер келгенін айтты. Олар есікті бұзып кіріп, пәтерді түгел тонаған. Бәрін алып кеткен.
Корчевников: – Қалайша бұл заманда Еуропаның қақ ортасында мұндай жайт болуы мүмкін?
Бағдарлама соңында діни қызметкер Femen наразылық қозғалысын «шайтанның ісі» деп мінеді. Ол «Майданның басталған күні – 2012 жылдың 17 тамызы» екенін айтты. Бұл күні ұйымның жартылай жалаңаштанған басшысы Инна Шевченко ресейлік Pussy Riot тобына қолдау көрсетіп, православиелік кресті арамен кескілеген еді.
ӨТІРІК ПЕН ШЫНДЫҚ
Кешкі сағат 8-дегі жаңалықтар топтамасы күннің басты тақырыптарын бір лекпен берді. Мұны даулы пікірлерді шүбәсіз фактілер ретінде ұсынған шеберлік деуге болады. Айтылмаған сөзге айтылғандай мән-мағына таңылады: «сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ
мемлекеттік хатшысы Джон Керри Парижде төрт сағат бойы Украинаны федерализациялау жайлы кеңесті», «президент Владимир Путин Приднестровьеге экономикалық блокада жасалуын сынады», «АҚШ Сириядағы террористерге қолдау көрсетіп отыр».
Ал Керридің Лавровқа «Украинаның ішкі ісін оның қатысуынсыз талқылауға болмайды» дегені, Молдова мен Украина және Еуропа Одағының «Приднестровье шекараларында еш бөгет жоқ» екенін мәлімдегені, Ресейдің соңғы үш жыл ішінде өз халқын оң мыңдап қырған Сирия президенті Башар Асад үкіметіне саяси әрі әскери қолдау көрсетіп отырғаны ескерілмей қалды.
Репортаждардың бірі алдағы жарты жыл ішінде ресейлік жаңа электронды төлемдер жүйесін жасауды талқылап отырған президент Путин мен «Сбербанк» басшысы Герман Грефті көрсетті.
Бірақ АҚШ-тың Қырымға қатысты енгізген санкцияларында Visa мен Mastercard жүйелеріне Ресей банктерімен жұмыс жасауға тыйым салынғаны, сол себепті де Ресейге жаңа жүйе қажет болып отырғаны айтылмады.
Басты назар, әрине, Украинаға ауды. Диктор Украинаның оңтүстігіндегі соттың «әділетсіздігі» жайлы баяндап, өзге маңызды мәселелерді айналып өтті.
«Одессадағы басты жанжал. Жаңа үкіметті қолдаушылар қала орталығында қоғамдық шеру ұйымдастырды. «Удар» (Виталий Кличко партиясы - ред.) партиясының жергілікті бөлімшесінің хатшысы мәңгілік алауда бірнеше Әулие Георгий лентасын міз бақпастан өртеп жіберген. Ол бұл әрекеті үшін жазаланған жоқ. Ал Одесса, Харьков пен Донецк қалаларында үкіметтік ғимараттарды нацистік топтардан босатып, бандерашылдардың (ресейлік БАҚ-тың кейбірі украин белсенділерін Екінші дүниежүзілік соғыс дәуірінің украин ұлтшылы Степан Бандераның жолын қуушылар деп атайды - ред.) қаруын тартып алған жергілікті азаматтарды тұтқындап, қылмыстық іс қозғау фактілері көптеп тіркелген» дейді телеарна.
«ОТҚА ОРАНҒАН ЕУРОПА»
«Вести» хабары Ресей жайлы жағымсыз пікір тудыруы мүмкін мәселелерді айналып өтті. Көріністердің бірінде Харьковтағы «Честь и достоинство» деп аталатын үкіметтік емес ұйымның жетекшісі Игорь Масалов полиция мен қауіпсіздік күштерінен қысым көріп жүргенін айтты. Ол БАҚ-тағы теріс түсінік пен үгіт туралы, Украина азаматтарының билікке қарсы, рұқсат етілмеген жаппай шеруге шығуға құқығы бұзылғаны жайлы арызданды.
«Халық мұнда шындықты білу үшін, өз пікірлерін білдіру үшін келді. Бұл – олардың конституциялық құқығы» дейді Масалов.
«Вести» Франциядағы сайлау туралы хабар таратқан кезде «Отқа оранған Еуропаны» қайта сипаттауға көшті. Бұл жолы фашизм қаупі тіпті «Украинаның ар
жағынан төніп тұрғаны» белгілі болды. Оңшыл Front National қозғалысының сайлаудағы нәтижесін сөз еткен соң «Еуропаның оңшыл партиялары келесі Еуропалық парламент сайлауында көп орынға ие болары» да айтылды. Еуропадағы оңшыл күштердің жетістігін Батыс үкіметтерінің әлеуметтік толеранттылығымен, соның ішінде біржынысты некені заңдастыруымен байланыстырды.
Біз «Россия-1» телеарнасы эфирін шолған күн – наурыздың 31-і – Ресей армиясының Наполеонды Мәскеуден қуып отырып, Парижге салтанатпен кіргеніне 200 жыл толған күн еді.
«Бүгін біз Ресей армиясының Парижге кіргенінің 200 жылдық мерейтойын тойлап жатырмыз. 1814 жылы наурыздың 31-і күні Ресей империясы Наполеонның қанды соғыстарына тыйып, құрлықтағы ең мықты әскери және саяси күшке айналды. Франция астанасында болған оқиғалар Еуропада ұзақ жылдарға созылған бейбітшіліктің негізін қалады» дейді телеарна.
Бұдан соң «Спокойной ночи, малыши» бағдарламасының жағымды әуені ойнап, мультфильм көрсетілді.
Одан соң Ресейде түсірілген телесериалдар, «Закон и правопорядок» бағдарламасы, адам өмірін қалай ұзартуға болатындығы жайлы деректі фильм берілді.
«Россия-1» телеарнасының бұл күні ұзақ әрі жалықтыратын күн болды. Бірақ «отқа оранған сыртқы әлем» Ресейдің тыныштығын бұза алған жоқ. Тіпті «Россия-1» арнасының хабарлауынша, жарты-ақ жылдан соң бұл елдің өз төлем жүйесі болады.
(Роберт Коалсонның мақаласын ағылшын тілінен аударған – Әзина Мақұлжан).
Азаттық тілшісі бір күн бойы «Россия-1» телеарнасын тамашалап, әлемді Ресейдің көзімен көруге тырысты.
«1812 ЖЫЛҒЫ АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС»
Ресейдің басты мемлекеттік арнасында көрсетілген деректі фильмде генерал поляк генералы Михал Сокольницкий жайлы баяндалады. Фильмге қарағанда, «Сокольницкий Ресей империясын бөлшектеп, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аумақта Ресейден буферлік мемлекеттермен қорғалған Үлкен Польша мемлекетін құруды көздеген».
«Генерал Сокольницкийдің баяндамасынан: «Табиғи шекарасына тықсырылған, Балтық теңізі мен Қара теңіз жағалауларынан ажыраған, Ұлы империядан (Наполеон кезіндегі Франциядан - ред.) қол үзген, буферлік мемлекеттер мен агрессияға шұғыл жауап беруге дайын армияның бақылауындағы Ресей қомағай жоспарларынан бас тартып, озбырлық атаулыны мәңгілікке ұмытуға мәжбүр болады» дейді телеарна.
«Ресей зерттеушілері Париж маңындағы әскери мұрағаттан тапқан Сокольницкий жазбаларындағы деректер» отқа оранған Еуропа картасы фонында көрсетілген. «1812 жылғы соғыс: бірінші ақпараттық соғыс» деп аталатын деректі фильмде «поляктар Ресей империясында, Қырым татарлары мен Кавказ халықтары арасында этникалық қақтығыстарды тұтандырғысы келді» делінеді.
ТИМОШЕНКО МЕН СЕКТА
Наурыздың 31-інде «Россия-1» арнасы эфирі басқа күндерге қарағанда тыныш болды. Ресейдің ең қызба идеологтары – Дмитрий Киселев, Алексей Пушков, Александр Дугиннің ешқайсысы көрінген жоқ. Тіпті президент Путиннің өзі болар-болмас көрсетілді.
Бірақ телеарнада күні бойы бір сарынды тақырыптар мен көңіл-күй: «Ресей –
Кешқұрым ұзақтығы бір сағаттай «В прямом эфире» деп аталатын журналистік емес ток-шоу көрсетілді. Ол Украинадағы оқиғаларға арналған. Майданға қарсылар мен қатты қарсылар болып дауласқан қонақтар «жаңа украин элитасының ары» тақырыбында пікір таластырды. Студиядағы үлкен экранда өткен айдағы Киевтегі шерулерде жанып жатқан доңғалақтар көрсетіліп жатты.
Бағдарламада бұрынғы украин премьері Юлия Тимошенконың ішкі және сыртқы жауларды «Сталиннен жаман емес» деп білетіні» де айтылды. Оған қоса радикал «Оңшыл сектор» ұлтшыл қозғалысының белсенділері - Тимошенконың шабуылдаушылары» екені сөз болды. Бұған қоса Майдан шерулерінде «жүздеген адам қаза болып, мыңдаған адам жарақат алып, Киевтің орталығы мүлде қирап қалғанынан» да хабардар етілді.
Бір уақытта өзін психологпын деп таныстырған адам Тимошенконы «Белое
Бұл – Донецкіден басталып, Совет Одағы құлаған соң жаңа тәуелсіз мемлекеттерді кезіп кеткен оғаш культ. Психолог зерттей келе осы сектаға кірген адамдар «ұлтшыл-социалистер» болып шығатынын байқағанын айтты.
Бағдарлама соңына таман өзін «Стоп Майдан» үкіметтік емес ұйымының жетекшісімін деп таныстырған Сергей Хижняк Киев маңындағы Бориспольден қашқан оқиғасын айтып берді. Ол бағдарлама жүргізушісі Борис Корчевниковке пәтерінің тоналғанын да баяндады:
Корчевников: – Пәтеріңізге не болды?
Хижняк: – Мен отбасымды мұнда алып кеткен едім. Көршілерім хабарласып, маска киген қарулы әлдебіреулер келгенін айтты. Олар есікті бұзып кіріп, пәтерді түгел тонаған. Бәрін алып кеткен.
Корчевников: – Қалайша бұл заманда Еуропаның қақ ортасында мұндай жайт болуы мүмкін?
Бағдарлама соңында діни қызметкер Femen наразылық қозғалысын «шайтанның ісі» деп мінеді. Ол «Майданның басталған күні – 2012 жылдың 17 тамызы» екенін айтты. Бұл күні ұйымның жартылай жалаңаштанған басшысы Инна Шевченко ресейлік Pussy Riot тобына қолдау көрсетіп, православиелік кресті арамен кескілеген еді.
ӨТІРІК ПЕН ШЫНДЫҚ
Кешкі сағат 8-дегі жаңалықтар топтамасы күннің басты тақырыптарын бір лекпен берді. Мұны даулы пікірлерді шүбәсіз фактілер ретінде ұсынған шеберлік деуге болады. Айтылмаған сөзге айтылғандай мән-мағына таңылады: «сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ
Ал Керридің Лавровқа «Украинаның ішкі ісін оның қатысуынсыз талқылауға болмайды» дегені, Молдова мен Украина және Еуропа Одағының «Приднестровье шекараларында еш бөгет жоқ» екенін мәлімдегені, Ресейдің соңғы үш жыл ішінде өз халқын оң мыңдап қырған Сирия президенті Башар Асад үкіметіне саяси әрі әскери қолдау көрсетіп отырғаны ескерілмей қалды.
Репортаждардың бірі алдағы жарты жыл ішінде ресейлік жаңа электронды төлемдер жүйесін жасауды талқылап отырған президент Путин мен «Сбербанк» басшысы Герман Грефті көрсетті.
Бірақ АҚШ-тың Қырымға қатысты енгізген санкцияларында Visa мен Mastercard жүйелеріне Ресей банктерімен жұмыс жасауға тыйым салынғаны, сол себепті де Ресейге жаңа жүйе қажет болып отырғаны айтылмады.
Басты назар, әрине, Украинаға ауды. Диктор Украинаның оңтүстігіндегі соттың «әділетсіздігі» жайлы баяндап, өзге маңызды мәселелерді айналып өтті.
Одессада Әулие Георгий лентасын міз бақпастан өртеп жіберген адам бұл әрекеті үшін жазаланған жоқ."Россия-1" телеарнасы.