Түркия халқы ел Конституциясы бойынша референдумға қатысып, ата заңды өзгертуге қатысты өз дауыстарын берді. Ұсынылған өзгерістер премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның Әділет және даму партиясы мен исламшыл үкіметтің оппоненттері арасын алшақтатып отыр.
Түркия үкіметі конституцияға ұсынылған өзгерістер елді көбірек демократиялы етіп, бұрыннан келе жатқан әскери билікті азайтып, оларды азаматтық соттар алдында көбірек жауапты қылады деп отыр.
Бірақ оппозициялық партиялар мен әскерилер премьер-министр Режеп Тайып Ердоған мен оның исламшыл партиясы өз билігін күшейтіп, елді зайырлы мемлекеттіктен айырғысы келеді деп, референдумға қарсы болып келеді.
Анкара мүше болудан үміткер Еуропа Одағы Түркияның сот жүйесін қайта құруғы тырысуын қолдап отыр.
Конситуцияға ұсынылған өзгерістердің басым бөлігі сот жүйесін реформалау мен әскерилерден билікті қайтарып алуға бағытталған.
Стамбулда дауыс беруге қатысқан Режеп Тайып Ердоған бұл референдум Түркия демократиясы үшін маңызды қадам деп айтты.
Ал Ердоғанның саяси одақтасы, ел президенті Абдулла Гүл Анкарада өз даусын бере келе, болуы мүмкін барлық қортындылар теңдей есепке алынуы тиіс деді.
Референдумға Түркияның дауыс беру құқы бар 50 миллиондай халқы қатысады. Дауыс берушілердің бірі - Жем Қаража өзінің Конситуцияға ұсынылған 26 өзгерісті қолдап дауыс бергенін айтты:
"Мен өз даусымды бердім. Мен бұл адамдар үшін және ел үшін жақсы болады деп үміттенем. Мен әскери төңкерістерге қарсы дауыс бердім"- десе, Стамбулдың тағы бір тұрғыны Буке Ажар сот жүйесінің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін өзгерістерге қарсы дауыс бергенін айтты:
"Демократиялық елдерде сот жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу үлкен қауіп. Сол себепті мен әсіресе сот жүйесінің тәуелсіздігі үшін жоқ деп айттым".
Оппозициялық партиялар халықты бұл дауыс беруге бармауға шақырса, күрдтердің “Бейбітшілік және демократиялық партиясы” референдумға бойкот жариялаған.
Қыркүйектің 12-і күні өткен референдумға 50 миллиондай Түркия азаматы қатысып, олардың 58,3 пайызы ұсынылған Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді.