Севастополь портында Ресей әскери-теңіз күштерінің блокадасынан соң ресейшіл күштер Украина флотының флагманы саналатын «Славутич» кемесін басып алды.
22 наурыз күні кешкісін болған осы оқиғадан соң ресейшіл күштер Мәскеудің қоластына өткен Қырым түбегіндегі барлық дерлік әскери нысанды бақылауға алды. Сол кеште «Славутич» кемесінің төңірегінде болған оқиғаны Азаттық тілшісі өз көзімен көрген еді.
«КЕМЕДЕН ЕГЕУҚҰЙРЫҚША ҚАШЫП КЕТТІМ»
«Серый! Серый! Кабинадан шықпай, орныңда отыр! Есікті аш, әйтпесе мына сүмелектер бәрібір оны тас-талқан етеді» деп айғайлады отыздар шамасындағы жігіт телефон арқылы. Ол – шашы тақыр, костюм-шалбар киген жас жігіт: «Қарт кісіге тапжылмай отыр де!»
«Кемеден егеуқұйрық құсап қашып кеттім» дейді денесі кішірек болғанымен шымырлау келген жігіт күмілжіп. Ол араққа масайып алғандықтан украиналық «Славутич» кемесіне жақын келген буксир кемесін байқамай қалған. Наурыздың 22-сі күні кешкі 5:30-да еңгезердей бір топ жігіт кеменің арт жағына оп-оңай кірді.
Мен «Славутичке» шабуыл болады деген сыбысты ести салысымен екі әскери қоршаудың арасындағы төбешіктен бақылауға ыңғайлы орын тауып алдым.
«Славутич» тұрған айлаққа жету үшін паромға міндім. Оның аты «Юпитер» болатын. Арт жағымда бір жігіт телефонмен әлдебір жұмыстың жайын қызу талқылап, жоспар жасап отырды. Ол «Ішкі істер министрлігінің әскеріне қолдау көрсету үшін» Симферопольге солдаттар жібер деп жатты. Сәлден соң біреу оған қайыра телефон соқты. Мен селк ете қалдым. Телефонда қоңырауы үні орнына тарс еткен дауыс естіліп, пулемет асынған бір топ жігіт «Жатыңдар, әйтпесе атамыз!» деп айғайлаған дауыс естілді. Әлгі жігіт телефонды көтерді де: «Сәлем, Катя!» деді.
«ҚЫРЫМДЫ БҰЛАЙША БАСЫП АЛМАУЫ КЕРЕК ЕДІ»
Ресейдің екі кемесінің арасында «сынды бұзып» тұрған «Славутичте» Украинаның мемлекеттік жалауы желбірейді. Палубадан бірнеше адамның сұлбасы көрінеді. Азаматтық киім киген олар пластик дорбаларға оны-мұныларын салып, кемеден кетіп жатты. Неге екені белгісіз, мұндағылар «BMW» деген жазуы бар пластик дорбалар ұстайды.
Мен шабуылды бақылаймын деп көздеп жүрген төбешікке орта жастағы ерлі-
зайыптылар да келді. Олардан кемедегілерді танисыздар ма деп сұрадым. Ер адам: «Таныстар бар» деп тайқи жауап берді. «Бұл жігіттерді сатып кетті. Ешқандай бұйрық не нұсқау болған жоқ. Енді оларды Украина соты жазалайды» деді ол пәс дауыспен.
Сөйтті де әлгі жігіт кемеге жететін жол іздеп әрі-бері жүрді. Бұған осы маңайды бақылап жүрген Ресей теңізшілері елеңдей қарады. Олардың бұл жігітті жібермейтіні анық еді.
«Сіз журналист боларсыз?» деді қасындағы әйел маған күдіктене қарап. Мен журналист екенімді айтып, диктофон қосуға рұқсат сұрадым. Оның қарсы болғанына таңғалған жоқпын, сонда да әрі қарай әңгімелесе бердік. «Эйфория аяқталып келеді. Жұрт туған-туыстарымызбен қауыша алмай қаламыз, соғыс болып кетеді-ау деп қобалжи бастады. Өз басым Ресейге қарсы емеспін. Бірақ олар Қырымды бұлайша бөліп алмауы керек еді. Тіпті күні кешеге дейін Қырым Ресейдің бір бөлігі болады дегенге ешкім сенбес еді. Бәрі референдумсыз-ақ тез өзгерді. Халықтың пікірінің мұншалық тез өзгеретіні таңқаларлық жағдай» деді ол.
Әлгі әйел жігіттің қасына барды да құлағына бірдеңе деп сыбырлады. Жігіт маған бір қарады да қасыма келді. «Жазсаң да, жазбасаң да болады, бірақ саған мұны айтуым керек. Украиналықтар бұрынғы совет офицері ретінде мені өз жағына тартпақшы болды. Бірақ ешкім ешкімді желкесіне қару тақап, жерге жатқызып кемсіткен жоқ» деді ол. Жігіт шаршаңқы және дімкәс көрінді.
«Кемелерді неге Ресей әскері емес, Севастопольдің «өзіндік қорғаныс күштері» басып алып жатыр?» деп сұрадым мен.
Ол күлді де: «Себебі мұндай жағдайда бұл жаудың емес, «ашулы азаматтардың» кемені басып алу оқиғасы ретінде сипатталады. Мұндай
жағдайда сіз тіпті оларға оқ атуды да ойламайсыз. Бірақ мұндай «өзіндік қорғаныс күштері» сарбаздарының арасында Ресей арнайы күштерінің жауынгерлері әрдайым жүреді, олар палубада да торуылдап жүр. «Өзіндік қорғаныс күштері» ешқашан өздігінен әскери кемені басып ала алмайды! Украинаға жаным ашиды, ал Ресейдің әрекеті үшін ұяламын», деді ол.
Төрт сағат өткен соң баяғы төбешігіме қайта барайын деп едім, жете алмадым. Мені қарауыл гвардия сарбаздары тоқтатты.
Жаныма келген сарбаз: «Пирсқа барайық» деп жол көрсетті. Соңынан ердім. Жасы 12-лердегі қызын ерткен 40-тар шамасындағы ер мен әйел де бізбен бірге жүрді. Ері тойға баратындай костюм-шалбар киіп, галстук тағынған, ал әйелі үстінде ұзын пальто және биік өкше туфли киген. Баласының шашына түрлі-түсті лента байланған. «Менің ұлым шабуылға қатысады» деген әлгі әйел күйеуіне «камераны дайындай бер» деп тапсырма берді. «Ол «Тернопольге» де шабуыл жасаған» деді әйел мақтанышпен. Олар мұнда ұзақ тұрды. Қызының іші пысып, ері қалшылдай бастаған соң үшеуі бұл арадан кетіп қалды.
«ҚЫҢЫР КАПИТАН»
«Славутичті» пирстен көруге болады, бірақ ол тым алыста еді. Сағат беске қарай кісі қарасы көбейе бастады. Сол маңайда балық аулап отырған кісі көсіле сөйледі: «Славутичтің» капитаны бірбеткей екен. Ол берілмеймін, өзімді атып
өлтіремін деп жатыр. Экипаждың қырық пайыздайы кемеден түсіп кетті. Келісім-шартпен жұмыс істеп жатқандардың кейбірі тіпті суға қарғып түсіп, жағаға жүзіп кетті. Оларды аналары қарсы алып, үйлеріне алып кетті. Көбі - Қырымның тұрғындары». Балықшы Киевтегі үкіметті бір сыбап алды да Қырымнан қашып кеткен украин әскері туралы айтып берді.
Сол аралықта буксир кемесі «Славутичке» жетті. Телефонмен «Сергейге» қоңырау шалған жігіт «Басталды» деп демін ішіне тартты. Әйел: «Ресей! Ресей! Берілді!» деп айқайлады.
«Славутичтің» ішінен әлдекім дыбыс күшейткішпен буксир кемедегілердің заңсыз әрекет етіп жатқанын ескертті. Одан соң орыс-жапон соғысы кезіндегі крейсер экипажының ерлігін мадақтайтын «Варяг» әнінің әуені ойнады. «Олар әлі күнге дейін өз әндерін де таппапты» деді пирсте тұрғандардың бірі.
«ЕНДІ РЕСЕЙ АЗАМАТЫ РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН»
«Кемеден егеуқұйрық құсап қашып кеттім» деген жігіт көзіне жас алды. «Бүгін рапорт жазып, қызметтен кеттім» деп күрсінді ол. Оның есімі Николай екен. Осы күнге дейін ол «Славутичте» гардемарин болып жұмыс істеп келген. «Мен не істей аламын? Кімге қарсы соғысуым керек? Не үшін соғысуым керек? Бұл кемеде төрт апта болдым. Мен қайда кетуім керек, Украинаға ма? Бестен жеті жылға дейін сотталу үшін бе? Менің анам мүгедек, балам Севастопольдегі мектепте оқиды. Әйелім бар. Оларға қалай көмектеспекпін? Мені түрмеден шығарып алғанша күте тұрыңдар деуім керек пе?» деді ол.
Мен «Неге түрмеге түсетініңе соншалық сенімдісің?» деп сұрадым. «Қашып кеткен үш әскери жігіт Херсон қаласында қолға түсті, бұл ақпарат расталған. Әскери комиссариат олармен байланысқа шықты» деді ол. «Украинаға ешқандай қарсылығым жоқ. Бүгін сағат 11-ге дейін нағыз Украина азаматы болып келгенмін. Бірақ әйелім қоңырау шалып, «Болмайды» деді. Сондықтан бүгін арақ ішіп алдым. Ертең «Славутичке» қайта қызметке барамын. Тек енді Ресей азаматы ретінде қызмет етемін» деді Николай.
Николай боқтық араласқан әңгімесін айтып отырғанда кемеден әлденені қиратып жатқан балтаның даусы естілді. Капитанның кабинасы талқандалды. Жарылыс болды. «Олар граната қолданды» деді әлдекім.
Солдаттардың палубаға шыққан кездегі көрінісі пираттардың шабуылын еске түсіреді. Шағын қайық кемені айналып жүрді, онда «азаматтық наразылық шараларына» қатысып жүрген жауынгерлер отырды.
Қараңғы түсіп бара жатты. Шабуылдаушылар прожектор сұрады. Есіктердің ашық
тұрғаны алыстан байқалады. Атылып жатқан оқтың даусы ауаны жаңғыртады. Бірақ кімнің кімге қарсы оқ атып жатқаны түсініксіз. Сәлден соң бәрі аяқталды. Севастополь жағалауында желбіреп тұрған Украинаның соңғы жалауы жоқ болып кетті. Туды бірден алып тастапты.
«Славутичті» басып алу шарасын көруге келгендердің арасында жасы 20-дан асқан бойжеткен болды. Ол ләм-мим демеді.
Кеме толығымен басқа қолға өтті, экипаждың қашып құтылуға еш мүмкіндігі қалған жоқ. Мен тоңып кеттім. Қараңғы түсіп кетсе де әлгі әйел «Славутичтен» көзін алмай мелшие қарап отырды. Кемеде оның кімі қалғанын сұрамадым.
Қауіпсіздік мақсатында автордың аты-жөні көрсетілмеді. Материалды ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.