Швеция сыртқы істер министрі Ресейге ықпал ету амалын айтады. Оның сөзінше, санкциядан да маңызды нәрсе - Украинаға көмек көрсету.
Еуропа Одағының (ЕО) шығыстағы көршілерімен қарым-қатынасын нығайту жолында сегіз жылдан бері әрекеттеніп келе жатқан саясаткер Карл Бильдт Маршалл қорының жыл сайын өтетін Брюссель форумы кезінде Азаттыққа сұхбат берді. Сұхбат Украинадағы соңғы жағдай, Ресейдің Приднестровье мәселесіне араласу ықтималдығы, Ресей мен ЕО арасында қалған елдерге Батыстың қол ұшын созу мүмкіндіктері туралы болды.
Азаттық: – ЕО мен АҚШ Украинадағы жағдайды өзгерту үшін Ресейге қатаң экономикалық санкциялар салып, қорқытып-үркіту әдісін қолдануы керек деген пікірлер бар. Сіз бұл көзқарасты қолдайсыз ба?
Карл Бильдт: – Жоқ, бұл міндетті емес. Меніңше, ең алдымен Украинаға көмектесу керек. Украинаның жаңа демократия қалыптастыруына жәрдемдесу қажет. Ондаған жылдар бойғы нашар басқару салдарынан әлсіреген экономикалық зиянның орнын толтыруға қол ұшын берген жөн. Қазіргі біз атқаратын ең маңызды шаруа – Украинаның еңсесін тіктеуіне жәрдемдесу. Украинаға берілген әрбір тиын – Мәскеуге берілген соққы.
Азаттық: – Ресей Қырымды бақылауға алды, Батыс бұған онша қарсылық көрсетпеді. Ресейге көбірек экономикалық санкция салынуы керек пе? Оны қашан салу керек?
Карл Бильдт: – Мен «экономикалық санкция тиімді болады» дейтіндердің қатарынан емеспін. Бұл экономикаға кері әсерін тигізетіні анық, ал елдің
саясатына өзің қалағандай өзгеріс әкеле ме, жоқ па, бұл – даулы мәселе. Меніңше, маңыздысы – Ресейдің қазіргі мақсатынан бас тартуына ықпал ету. Олар тез арада Қырымнан бас тарта алмас, бірақ, меніңше, бұл – Украинаның болашағы төңірегіндегі ойын. Сондықтан Украинаның дамуына қолдан келгенше көмектессек, бұл шешуші рөл атқаратыны анық. Екі жылдан соң, бес жылдан соң, он жылдан соң Украина қандай болады – барлығы соған байланысты.
Азаттық: – ЕҚЫҰ Украинаға бақылаушылар миссиясын жіберуге рұқсат алды. Олардың Қырымға баруға қандай да бір мүмкіндігі бар ма? Бара алмайтын болса, онда ЕО да өз миссиясын жіберуі керек шығар?
Карл Бильдт: – Миссия жіберуді бұрыннан талап етіп келеміз. ЕО миссиясы да кейінірек баруы мүмкін, ал ЕҚЫҰ-ның миссиясын жіберу жөнінде келісім бар. Ресей мұны қайта-қайта кейінге қалдырып келеді, олардың көп шектеу қойғаны сондай, бақылаушылар Қырымға бара алмайтын болды. Бұл – өкінішті-ақ. Бірақ олар бәрібір мүмкіндігінше тез арада алдымен шығыс пен оңтүстікке жіберіледі. Ал Ресей «бақылаушылар елдің басқа бөліктеріне де жіберілсін» деген талап қойып отыр.
Азаттық: – Ресей енді Приднестровьені аннексиялайды деп ойламайсыз ба?
Карл Бильдт: – Мені жалпы жағдай алаңдатады. Наурыздың 1-інен бастап Ресей президенті Украина аумағының кез келген бөлігінде қаулы күштерді
қолдану мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ Украина шекарасына жақын маңайда Ресей қарулы күштерінің көптеп шоғырланып жатқаны да белгілі. «Мұндай ахуал не себептен қалыптасты» деп өз-өзімізге сұрақ қоюымыз керек. Приднестровьеде де осындай белгілер бар. Одессадағы кейбір ақпарат құралдары «Ресей арнайы күштерінің Одессадағы өкілдеріміз» деп жүрген әлдебіреулердің қолға түскенін хабарлады. Сондықтан Қырымнан Одессаға дейінгі оңтүстік аймақ тұтас назардан тыс қалмауы керек.
Азаттық: – ЕО Украинамен ынтымақтастық туралы келісімнің саяси бөлігіне қол қойды, кейінірек оның қалған бөлігі де бекітілмек. Армениямен де осындай уағдаға келмейсіздер ме? Олар 2013 жылдың қыркүйегінен бері ынтымақтастық келісімінің сауда мәселелерінен басқа бөлігіне қол қоюды сұрап келеді ғой.
Карл Бильдт: – Меніңше, олар басқа категорияда тұр. Ынтымақтастық келісімі дегеніміз – көптеген салалар бойынша саяси көзқарастардың сәйкес келетінінен хабар беретін сигнал. Біз, мәселен, Арменияның Украинаға қарсы саясатты қолдап отырғанын байқадық. Сондықтан қазір оларды саяси жақындық тұрғысынан бір категорияда тұр деп айта алмаймын.
Азаттық тілшісі Рикард Йозвяктың сұхбатын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.