Дубайда 193 мемлекеттің өкілдері интернеттің даму бағытын талқылап жатыр. FP жариялаған мақалада бұл мәселе бойынша үкіметтердің екіге бөлінгені жазылған.
Халықаралық телекоммуникациялар одағының Дубайдағы (Біріккен Араб Әмірліктері) конференциясы 2012 жылы қарашаның 3-і күні басталды. Интернетті жаһандық ауқымда реттеу мәселелері 12 күн талқыланбақ. Жиынға БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің өкілдері қатысып отыр.
Осы ретте желтоқсанның 5-і күні Legatum Institute-тің (Легатум институты) аға ғылыми қызметкері Кристиан Кэрил Интернеттің қазіргі проблемалары туралы Foreign Policy («Форин Полиси») журналына мақала жариялады.
Мақала «Факс машинасын таңсық көріп, «кірпіштей» ұялы телефоны барларға жұрт қызыға қарайтын 1988 жыл қазір ертегі сияқты» деп басталады.
Автор «Wall Street Journal басылымында жарияланған «шенеуніктер Интернетті қайтадан құрастырады екен» деген сыбыс көпшілікті елең еткізді. HuffPost сияқты сайттар «ашық Интернетке» қауіп төнгенін айтып, дабыл қаға бастады. Енді Америкадағы солшылдар мен оңшылдарға ортақ жау табылды. Олар енді Интернетті БҰҰ-дан қорғауға кіріседі» деп жазады.
Автор сарапшылардың «бұл жерде БҰҰ-ның айыбы жоқ» деп есептейтінін айтады. Кэрил осы ретте Сиракуз университетіндегі (АҚШ) ақпараттық зерттеу мектебінің профессоры Милтон Мюллердің «Интернетті бақылауға алайық деген ұсынысты жекелеген мемлекеттер мен авторитарлық үкіметтер жасап отыр» деген сөзін мысалға келтірген.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕКОМ БАЙЛАНЫСЫ ОДАҒЫНА БИЛІК БЕРІЛЕ МЕ?
Автор бұдан ары Халықаралық телеком одағы (International Telecommunication Union - ITU) туралы баяндайды.
«19 ғасырда құрылған ұйым әуелде телеграф желісін басқарған. Уақыт өте келе басқа да байланыс түрлерін бақылауға алды. ITU-ге Интернет билігін беру туралы ұсынысты әуелде Ресей жасаған. Бірақ конференция басталмай жатып ол ұсыныс күн тәрбінінен түсіп қалды. Қытай да өзінің күмәнді тәжірибесін ғаламдық стандартқа енгізуге тырысып отыр» деп жазады автор.
Кэрил «Осының бәрі үрей тудырады» дейді. Оның пікірінше, «Өз аумағында Интернетті бақылауда ұстайтын елдер енді ғаламдық желінің халықаралық деңгейде басқарылғанын қалайды».
АҚШ БҰҰ-ҒА ҚАРСЫ
Автор «Осы әрекеттердің бәрі - АҚШ-тың Интернетке ықпалын әлсірету үшін жасалған талпыныс» деп түсіндіреді.
Кэрил АҚШ пен өзге елдердің Интернетке қатысты дауын былай суреттеген: «Ғаламдық желі АҚШ-та дүниеге келді. Америкалық жеке меншік, коммерциялық емес ICANN компаниясы - интернеттегі атау мен нөмір, домен тағайындайтын жетекші ұйым. Бұл бәсекелес елдердің наразылығын туғызды. Ресей, Қытай, Бразилия сияқты мемлекеттер домен атауларын басқару БҰҰ-ға немесе жеке мемлекеттерге берілсін деген талап қойды. Қытай компартиясының People’s Daily газетінің тілшісі 2012 жылдың басында «АҚШ әлемдегі барлық кибер кеңестікті иемденіп алған, басқа елдер Интернеттегі мекенжай мен домен атауларын Құрама Штаттан жалға алады» деп жазған болатын».
Автордың «алайда қазір Интернеттің бір орталықтан басқарылмайтын күшке айналғанын» атап өтеді.
«ҚЫТАЙ МЕН РЕСЕЙ ХАЛЫҚПЕН САНАСУЫ КЕРЕК»
Foreign Policy журналына сұхбат берген Пенсильвания университетінің Уортон бизнес мектебінің (Wharton School) профессоры Кэвин Вербах «Интернетті басқару деген терминді қолданудың өзі қате. Интернетті басқаратын «қолдың» қажеті жоқ» деген.
Автор «Вербахты жақтаушылардың Интернеттегі қазіргі жағдайды «көп қырлы басқару үлгісі» деп сипаттайтынын, сарапшылардың Интернет билігін ITU-ге беруге қарсы екенін, ғаламдық желінің қазіргі жағдайы «ашық әрі жариялы», осы кезге дейін өте жақсы жұмыс істеп келе жатыр деп есептейтіндерін» жазған.
Мақаладағы ақпаратқа қарағанда, «көптеген мәселелер бойынша Америкаға қарсы шығатын Еуропа елдері осы жолы АҚШ-ты қолдап, интернетті қазіргі күйінде сақтап қалуға дауыс берген».
Автор мақаласын «Қытай немесе Ресейдің қарапайым интернет тұтынушылары биліктегілердің ұсынысына қалай қарайды екен? Неге мұндай маңызды мәселені тек шенеуніктер ғана талқылауға тиіс? Жақсы сауал. Жауабы: олар халықпен санасуы керек» деп аяқтаған.
Баспасөз шолуын дайындаған - Динара Мәзен.