АҚШ Қырымдағы жағдайға байланысты Ресей президенті Путинге жақын адамдардың біразына санкция салу туралы шешім шығарды. Сарапшылардың сөзінше, бұл шектеу санкцияға іліккендердің бизнес жүргізуіне көп кедергі болмақ.
АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Ресейдегі лауазымды тұлғаларға, президент Путинге жақын бизнесмендерге, билікпен тығыз байланысы бар «Банк России» банкіне қарсы бағытталған шаралар тізбесін жариялады.
– Ресейдің Украинаға жасаған интервенциясына жауап ретінде мен қол қойған жарлыққа сәйкес біз Ресей өкіметіндегі жоғары лауазымды тұлғалардың тағы біразына санкция салдық. Бұған қоса бүгін біз көп ресурсы және ықпалы бар, Ресей басшылығына материалдық тұрғыдан көмек көрсететін адамдарға және соларға материалдық тұрғыдан көмек көрсететін банкке санкция белгіледік, – деді АҚШ президенті.
Обама әкімшілігі бұдан да қатаң жазалау шараларының қолға алынып жатқанын хабарлады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки «көбірек санкциялар бола ма деп емес, қашан болады деп ойланып жатқандарын» айтты.
МҰНАЙ МАГНАТТАРЫ МЕН БИЗНЕСМЕНДЕР
Санкция құрсауына іліккендер арасында «Ресей теміржолдарының» ықпалды басшысы Владимир Якунин, мұнай магнаты Геннадий Тимченко, Путиннің іс
басқарушысы әрі жақын серігі Сергей Иванов бастаған адамдар бар.
АҚШ қаржы министрлігі Ресейдегі ең ірі 20 банктің қатарына кіретін «Банк России» қаржылық мекемесіне де санкция салды. АҚШ оны «Ресей Федерациясындағы жоғары лауазымды тұлғалардың жекеменшік банкі» деп атады.
Банк төрағасы Юрий Ковальчук те АҚШ қаржы министрлігінің санкциямен құрсауланғандар тізіміне кірді.
АҚШ-тағы жоғары лауазымды шенеуніктің айтуына қарағанда, санкцияға іліккендер «АҚШ-тағы қаржы қызметінің ешқандай түрін пайдалана алмайды, олардың доллармен транзакция жасауы қиындайды және Еуропа мен басқа
аймақтарда транзакция жасауда кедегілерге тап болады, себебі әлем елдеріндегі әріптестеріміз біз салған санкцияларды қолдап келеді».
АҚШ-тың осы апта басында алғаш салған санкцияларына іліккен Ресейдің лауазымды тұлғалары «ол елде ешқандай активтеріміз жоқ, ол елге сапарламақ ойымыз да жоқ» деп бұл жазалау шарасына күле қараған.
Алайда журналистерге телефон арқылы сұхбат берген АҚШ-тың басқа бір лауазымды тұлғасы санкциялардың салдары көп болатынын айтты.
«Жұрт мұны шапалақпен салып қалғандай жеңіл жаза деп ойлауы мүмкін. Негізінде оның зардабы көп» деді ол.
САНКЦИЯ ТЕК АҚШ-ПЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ
Құқық саласындағы мамандардың айтуынша, санкцияға іліккендердің арасындағы бизнесмендер бұл шектеу орасан зардап шекпек. Олар әсіресе ақша аудару барысында үлкен кедергілерге тап болады.
Вашингтонда тұратын қаржылық санкциялар және экстрадициялау заңдары бойынша маман Дуглас МакНэбтың сөзінше, «тіпті АҚШ-пен ешқандай
байланысы жоқ деген кейбір банктер де санкцияға іліккендерге еш көмек көрсете алмайды».
Санкция құрсауына түскендердің бірі – Совет одағында туған Финляндия азаматы Геннадий Тимченко. Ол күні бүгінге дейін мұнай саудасымен айналысатын Gunvor компаниясы қожайындарының бірі болып келді. Компанияның штаб-пәтері Женевада, бір кеңсесі Кипрде орналасқан. 20 наурызда Gunvor компаниясы арнайы мәлімдеме жасап, «экономикалық санкциялардың ықтималдығына байланысты» Тимченко өзінің компаниядағы барлық үлесін швед бизнесмені Борбьорн Торнквистке сатқанын хабарлады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Тимченко былтыр Вашингтоннан арнайы лоббистер жалдап, АҚШ үкіметі қолдаған қымбат әуе көліктері бизнесін қаржыландыруға әрекет жасаған.
Өткен бейсенбі күні АҚШ қаржы министрлігі «Gunvor компаниясында Путиннің инвестициялары болуы мүмкін және оның осы компанияның қаржысына ортақтасу мүмкіндігі бар» деп мәлімдеді. Gunvor басшылығы мұны бірден теріске шығарды.
10 миллиард АҚШ долларына тең активі бар «Банк России» бүкіл дүниежүзі бойынша доллармен жүргізілетін операциялардан мүлде шеттетілмек. АҚШ-тың Бостон қаласында орналасқан Mintz Levin заңгерлік фирмасының маманы Стив Гэнистің айтуынша, бұл банктің әлемдегі қаржы институттармен алыс-беріс қарым-қатынасына үлкен қатер төнбек.
ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ
Бейсенбіде АҚШ президенті Барак Обама қол қойған жарлық бойынша, АҚШ үкіметі Ресей экономикасының тұтастай бір саласына санкция сала алады. Үкіметтегі жоғары лауазымды тұлғаның айтуынша, бұл шектеу энергетика,
инжиниринг, қаржылық қызмет, металл және кен өндіру салаларын қамтуы мүмкін.
«Егер экономиканың белгілі бір секторы нысанаға алынса, онда біз осы салада әрекет ететін компаниялардың барлығына санкция саламыз. Бұл – басқа да арандатулар болған жағдайда кеңінен пайдалануға үлкен мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал» дейді АҚШ үкіметінің өкілі.
Бостондық заңгер Гэнистің айтуынша, Ресейдің энергетика секторына қойылған шектеулер ондағы энергетика саласында әрекет ететін компанияларға зардабын тигізіп қана қоймай, Ресей қуат көздеріне тәуелді болып отырған Еуропа мемлекеттеріне де кері әсер етеді, ал бұл ғаламдық нарыққа кесірін тигізеді.
Бейсенбі күні АҚШ үкіметі таратқан мәлімдеме бойынша, Вашингтон «қосымша санкцияларды бізге және одақтастарымызға мүмкіндігінше аз әсер ететіндей етіп ойластырып жоспарлап жатырмыз» деп мәлімдеді.
Келесі аптада АҚШ президенті Барак Обама Еуропаға сапармен барып, «Үлкен жетілікке» кіретін әріптестерімен Украинадағы жағдайды талқыламақ.
Карл Шректің мақаласын ағылшын тілінен аударған - Мұхтар Екей.