Орталық Азия халықтары дәстүр бойынша ерекше құрметтейтін адамын үйіне қонаққа шақырады. Орталық Еуропа салттары да осыған ұқсас. Бірақ Чехия президенті әлемдегі ең репрессияшыл басшының бірін неге қонақ қылмақ?
Прага қамалына келесі айдың соңында келетін мейман – билікке ие болғанына 25 жыл толатын Өзбекстан президенті Ислам Каримов. Бұрынғы коммунистік партия көсемі ширек ғасыр ішінде Өзбекстанды адам құқықтары өрескел бұзылатын елдер қатарына қосты.
Осы аралықта мұнда «еркін әрі әділ» дейтіндей бірде-бір сайлау өткен жоқ. Каримов қауіпсіздік күштерінің көмегімен саяси оппозицияны түгел жойып, азаматтық қоғамды жаныштады, тәуелсіз баспасөздің үнін өшірді.
Өзбекстанда ондаған құқық қорғаушы мен журналист, мыңдаған дін ұстайтын бейбіт адам түрмеге қамалды. БҰҰ мекемелері мен Еуропадағы адам құқықтары соты Өзбекстанның қылмыстық-атқару жүйесінде зорлық-зомбылықтың «жүйелі түрде» жүріп жатқанын, оған еш тосқауыл жоқ екенін айтады.
Одан бөлек Gap, H&M, Levi’s сияқты брендтер қожайындары, әлемнің 136 компаниясы өзбек мақтасын сатып алмау туралы уағдаласты. Себебі ел үкіметі жыл сайын миллиондаған адамды, соның ішінде жас балаларды мақта жинау үшін ауыр еңбекке мәжбүрлейді.
2005 жылы 13 мамыр күні үкімет әскері, соның ішінде президент Каримовке тікелей бағынышты қарулы күштер бейбіт халыққа оқ атып, жүздеген адам қаза тапты.
Каримов АҚШ пен Еуропа Одағының (ЕО) «Әндіжан оқиғасы бойынша тәуелсіз тергеу жүргізу» туралы ұсынысына қарсылық білдірді, ал оқиғаға куә болған жүздеген адам елден қашып кетті.
Чехия сондай босқындардың біразын паналатқан еді. 2005-2009 жылдары ЕО-ға мүше елдер, соның ішінде Чехия, осы қанды қырғынға байланысты Өзбекстанның жоғары лауазымды басшыларына виза беруге, бұл елге қару-жарақ сатуға тыйым салды.
Осындай қатыгез әрекеттерінің кесірінен, әрі шынайы реформаларды жүргізуге тырыспағандықтан Ислам Каримовтың әлемдегі беделі төмендеп, ол Батыс елдеріне жиі шақырылмайтын болды. Тіпті Өзбекстанның АҚШ және Германиямен Ауғанстан мәселесі бойынша жақын әскери ынтымақтастық орнатқанына қарамастан, Барак Обама мен Ангела Меркель де онымен бетпе-бет жүздесуден бас тартты. Осының бәрін көре тұра Чехия президенті Земанның Каримовты шақыруы орынсыз, әрі Каримовты құрметті қонақ ету оның репрессияшыл режимін қолдағанмен тең.
Көбірек мағлұмат алу үшін президент Милош Земан 2001 жылғы бір оқиғаға көз жүгіртсе жеткілікті. Сол жылы Чехия қауіпсіздік күштері Интерпол сұрауымен Азаттық радиосына дәріс оқуға келе жатқан Өзбекстан оппозициясының жетекшісі Мұхаммад Салихты Прага әуежайында тұтқындаған еді.
Салих Өзбекстаннан 10 жыл бұрын кетіп қалып, Норвегиядан саяси баспана алған. Ислам Каримов оны дұшпан санайды. Салих Өзбекстандағы алғашқы президент сайлауында Каримовке бәсекелес болуға талпынып, мұнысы сәтсіз аяқталған. Артынша ол қудалауға ұшырап, «мемлекетке қарсы әрекеті үшін» 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сырттай кесілді.
Чехия Мұхаммад Салихты қолға түсіре салысымен адам құқықтарын қорғау ұйымдары, соның ішінде Human Rights Watch ұйымы да «Салихты Өзбекстанға экстрадицияласа, ол зорлық-зомбылыққа ұшырайды» деп дабыл қағып, араша сұраған өтініштер жіберді.
Чехия үкіметі, сол кездегі президент Вацлав Гавел өз қателігін тез түсінді. Тіпті сот экстрадициялау мәселесін қарамай тұрып-ақ Гавел Салихты Прага қамалына шақырып, оның «тоталитарлық басшыға берілмейтінін, Норвегияға қайтарылатынын» айтқан. Гавел сол жолы «Меніңше, ол мүлде қамауға алынбауы керек еді, енді оны тез арада [Норвегияға] қайтаруымыз керек. Бұл - өте ұят жағдай болды. Бұл біздің республикамыздың атына кір келтіреді» деген еді.
Салихтың тұтқындалуы шынында да Чехия үшін ұятты жағдай болды. Бірақ оның тез босатылуы әрі Гавелдің жеке қабылдауында болуы, Чехияның адам құқықтарын қорғауға деген ниетін паш етті. Енді репрессияшыл басшыны қонаққа шақыру осы жақсы дәстүрді бұзып тұр.
Бұл әрекетінің кесірінен Чехия адам құқықтарын қорғау міндеттемелеріне салғырт қарайтын ел ретінде көрінеді. Өзбекстан басшылығы қатыгездігінен жапа шеккен мыңдаған адам, халықаралық қауымдастық Чехияның бұл әрекетін айыптайтыны анық.
Өзбекстан адам құқықтарын сақтау жолында нақты қадамдар жасағанын дәлелдемесе, президент Земан Каримовпен кездесуді кейінге қалдыруы тиіс.
Каримовке саяси тұтқындарды босату, құқық қорғаушылар мен журналистердің жұмыстарын еркін атқаруына мүмкіндік беру, БҰҰ мекемелерімен ынтымақтаса жұмыс істеу талаптары қойылуы керек. Құқық қорғаушылар мен журналистер түрмеде жатқанда Каримов Чехияның төрінде шалқайып отырмауы керек. Мұны айту біздің басты парызымыз деп білемін.
(Мақала авторы - Human Rights Watch ұйымының маманы Стив Свердлов. Мақаладағы пікірлер оның жеке көзқарасын білдіреді).
(Материалды ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)