«Еуразиядағы автократиялық елдер басшылары ШЫҰ, ТМД сияқты ұйымдар құру арқылы адам құқықтарын таптап, өз-өзін қорғап отыр» деп жазады Foreign Policy журналы.
АҚШ, Батыс Еуропадағы және Азиядағы кейбір елдер адам құқықтары мен демократиялық құндылықтарды бүкіл әлемге таратуды бірлесе атқару маңызды екенін жылдар бойы айтып келеді. Егер либералды демократтар мұны бірігіп атқарғанда, ол құндылықтар халықаралық заңнамаларға кірігіп, еркіндік орнайтын еді.
«Бірақ Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері демократияға қарсы халықаралық майдан құрып, күрес стратегиясы мен аймақтық заңды тетіктер құрумен әлек» деп жазады мақала авторы Александр Кули.
ШЫҰ ЖӘНЕ «ҮШ ЗҰЛЫМДЫҚ»
Автор бұл пікіріне мысал ретінде құрамына Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) айтады. Ұйым «мүше елдердің ішкі ісіне араласпаймыз» деген ұстанымды жиі қайталайды. Әуелде оны құрған елдер мүше мемлекеттер арасында Совет Одағынан қалған шекара дауларын шешкен.
«Бірақ қазір ұйымның қызметі қауіпсіздік, экономикалық мәселелер, инфрақұрылымды дамыту және білім беру салаларына қарай ойысқан» дейді автор. ШЫҰ-ның штаб-пәтері Пекинде болғанымен, мүше елдер арасындағы ішкі қауіпсіздік мәселелері Ташкентте орналасқан аймақтық антитеррорлық құрылым (ААҚ) арқылы үйлестіріліп отырады.
«Үш зұлымдықпен – терроризм, экстремизм және сепаратизммен күреседі» деген желеумен құрылған ААҚ аймақтағы «экстремистік ұйымдар мен экстремистердің» қара тізімін түзеді. Тізімге 2006 жылы 15 ұйым мен бірнеше адам енсе, 2010 жылы 42 ұйым мен 110 адам кірген. Адам құқықтарын қорғау ұйымдары «Бұл – авторитарлық режимдердің өздеріне қауіпті деген адамдарды бір-біріне ұстап беруі үшін құрылған мекеме. «Террористер» арасында режимнің саяси қарсыластары да болуы мүмкін» деп қауіптенеді.
БҰҰ-ның адам құқықтары және терроризммен күрес жөніндегі уәкілі ШЫҰ мемлекеттерінің азаматтар туралы ақпараттарды бір-бірімен бөлісу процесіне алаңдаушылық білдіріп, оның адам құқықтарының сақталуына кепілдік бере алмайтынын айтқан. Мақала авторының ойынша, ААҚ «араб көктемі» кезінде саяси ұйымдасуда басты рөл атқарған әлеуметтік желілерді бақылайтын технологияларды да бір-бірімен бөлісуі мүмкін.
ҚАЗАҚСТАН БҰҰ ТАЛАПТАРЫН ОРЫНДАМАДЫ
ШЫҰ елдері 2009 жылы қылмыс жасады деген күдіктілерді бір-біріне экстрадициялау туралы жаңа антитеррорлық келісім жасасты. Бұл 1993 жылы қол қойылған Минск конвенциясына ұқсас еді. Конвенция қылмыскерлерді еліне күштеп қайтаруды дұрыс деп табады.
Осы келісімдерге сүйенген Қазақстан 2010 жылы маусымда елге саяси баспана
іздеп келген 29 өзбек азаматын «тыйым салынған ұйымдарға және конституциялық құрылымды құлатуға қатысы бар» деген уәжбен Өзбекстанға экстрадициялаған еді.
Бірақ БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті Қазақстан билігі комитет жүктеген міндеттерді бұзып отырғанын айтты. Азаптауға қарсы комитетке мүше мемлекет егер қайтарылатын мемлекетте күдіктіге азаптау қаупі төніп тұрса, оны экстрадициялай алмайды
Құқық қорғау ұйымдары бұл келісімдер саяси қуғыннан өзге елде бас сауғалап жүрген азаматтарды өз еліне тапсыру оқиғаларын көбейтіп жібергенін айтады. Олардың арасында Ресей мен Орталық Азия елдерінде жүрген ұйғырларды Қытайға қайтару оқиғалары да бар.
ТМД ЕЛДЕРІ САЙЛАУДЫ ӨЗІ БАҚЫЛАЙДЫ
Автор бұған қоса ШЫҰ және ТМД-ға мүше елдер ЕҚЫҰ-ның сындарынан соң сайлауларына өздері «бақылау жасай бастағанын» да айтады. «Аймақтағы бір де бір ұйым БҰҰ-ның халықаралық сайлауға бақылау жасаушылар кодексін қабылдамады. Олардың бақылаушылар миссиясының сайлауларға берген бағасы ЕҚЫҰ-ның бағасымен мүлдем үйлеспейді» дейді ол.
2007 жылы ЕҚЫҰ бақылаушылары Қырғызстандағы парламент сайлауында сол кездегі президент Құрманбек Бакиевті «өз билігін нығайтпақ болды» деп сынаған еді. Бірақ ШЫҰ мен ТМД бақылаушылары сайлауды заңды және легитимді деп бағалады.
Мақала авторы Ресей мен Қытайдың адам құқықтары мен саяси құқықтарын қайта қарау мәселесі халықаралық ұйымдар деңгейінде де айтылып жүргенін жазады. Бұған мысал – өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның адам құқықтары комитеті Ресей ұсынған «адамзаттың дәстүрлі құндылықтары» туралы даулы қарарды әрең қабылдаған. Азшылық топтардың құқықтарын қорғайтын ұйымдар қарарды «гейлердің құқықтарын бұзады» деп айыптаған.
«Батыстың аталған ұйымдар салмағы артып келе жатқанын елемеуі немесе ШЫҰ сияқты ұйымдармен ортақ мақсатта қарым-қатынас орнатуы демократиялық нормаларға қауіп төндіреді» деп түйінделеді Foreign Policy-дің мақаласы.
«Бірақ Ресей, Қытай және Орталық Азия елдері демократияға қарсы халықаралық майдан құрып, күрес стратегиясы мен аймақтық заңды тетіктер құрумен әлек» деп жазады мақала авторы Александр Кули.
ШЫҰ ЖӘНЕ «ҮШ ЗҰЛЫМДЫҚ»
Автор бұл пікіріне мысал ретінде құрамына Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) айтады. Ұйым «мүше елдердің ішкі ісіне араласпаймыз» деген ұстанымды жиі қайталайды. Әуелде оны құрған елдер мүше мемлекеттер арасында Совет Одағынан қалған шекара дауларын шешкен.
«Бірақ қазір ұйымның қызметі қауіпсіздік, экономикалық мәселелер, инфрақұрылымды дамыту және білім беру салаларына қарай ойысқан» дейді автор. ШЫҰ-ның штаб-пәтері Пекинде болғанымен, мүше елдер арасындағы ішкі қауіпсіздік мәселелері Ташкентте орналасқан аймақтық антитеррорлық құрылым (ААҚ) арқылы үйлестіріліп отырады.
«Бұл – авторитарлық режимдердің өздеріне қауіпті деген адамдарды бір-біріне ұстап беруі үшін құрылған мекеме. «Террористер» арасында режимнің саяси қарсыластары да болуы мүмкін».